«Періште» жобасы 2008 жылдың қыркүйегінде дүниеге келді. Оның мақсаты – Қазақстанның елді мекендеріндегі дүниеге жаңа келген нәрестелердің өмірін сақтау болып табылады.
Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолдау көрсету, сонымен бірге мүгедектердің мәселесіне көңіл аударту үшін бағытталған жоба.
Қазкоммерцбанктің әртүрлі департаменттерінің қызметкерлері балалар үйінің тәрбиеленушілерінің хал-жағдайларын сұрасты.
Балалар арасында баскетбол, волейбол, мини-футболдан Қазақстанның 7 қаласында ұйымдастырылған қайырымдылық акциясы.

Қайырымдылық қоғамы

Қордың тарихы

«Құс жолы» қайырымдылық қоры өз жұмысын 2004 жылдың 31 мамырында бастады. Алайда оның құрылуы туралы шешім ұзаққа созылды.

«Қазкоммерцбанк» АҚ 1991 құрылғаннан бері өз көмегін мұқтаж адамдар мен қоғамдық ұйымдардан аяған емес. 1992 мен 2003 жылдар аралығында 10 млн долллардан аса сомаға қайырымдылық көмек көрсетті. Сондай-ақ, ақшаның қалай жұмсалатынын, қоғамның сұранысын, қайырымдылық көмек беруде банк үшін қандай бағдарламалардың басым екенін білу керек болды.

Сол себептен зерттеу жұмыстары жүргізіліп, соның негізінде «Қазкоммерцбанк» АҚ-ның әлеуметтік саяси концепциясы жасалды. «Құс жолы» атты қоғамдық қайырымдылық қорын құру туралы шешім қабылданды. Аталған қор құрылтайшылары заңды тұлғалар емес, банктің топ-менеджерлерінен құралған жеке тұлғалар болып табылатын алғашқы корпоративті қор болып табылады. Қордың жаңа концепциясының негізгі принципі материалды көмек көрсетуден бас тартып, нәтижелі қайырымдылық көрсетуді жүзеге асыру.

2005 жылы «Құс жолы» қайырымдылық қоры ғаламдық шартқа отырды. Сөйтіп, қоғам алдында бірлескен әлеуметтік жауапкершілікті дамыту керектігін жария еткен бірінші қазақстандық компания болды. Бұл оқиға Казкоммерцбанктің жергілікті қоғамдастықтардың, жалпы қоғамның, қызметкерлер мен олардың отбасының өмір сүру деңгейін өсіру арқылы елімізді тұрақты дамыту керектігіне көз жеткізді.

Алғашқы кездерде қайырымдылық көмек жарыс негізінде көрсетілді. Комиссия құрылып, азаматтар мен мемлекеттік емес түрлі ұйымдардың жобалары шарттарға сәйкес қаралды, жеңімпаздарға грант берілді. Алайда қайырымдылық көмекті тиімді игеру, сондай-ақ, қор жұмысын ашық етіп көрсету, оның жаңа кезеңге өтуіне мәжбүр етті. Бүгінгі күні Қор әлеуметтік серіктестік міндетін атқарып отыр.

Әлеуметтік серіктестіктің принципі - басым бағыттар бойынша жұмыс істеу мен оларды іске асыратын серіктестерді таңдау. Бүгінгі күні Қор мынадай әлеуметтік-гуманитарлық салаларда жұмыс істейді: денсаулық, білім беру, мәдениет және қоғам бастамасына қолдау көрсету. «Құс жолы» республика аумағында «Періште», «Жеңіс күні», «Балаларды қорғаныстың күнi», «Жұлдызыңды таңда»,  «Дәрігер аяз Ата» сияқты 5 елеулі бағдарлама мен жобаны жүзеге асырады. Сондай-ақ, «Балаларға өмір сыйла» акциясының серіктесі болды.

...

толық