«Балаларға өмір сыйла» акциясының қысқаша есебі

01.03.2011

«Балаларға өмір сыйла» акциясының қымбатты қатысушылары!

Сіздердің алтын жүректеріңіз бен бізге деген сенімдеріңіз үшін алғыс айта отырып, сіздердің назарларыңызға Қазақстанның 303 баласының өмірі мен денсаулығын  сақтауға  көмектескен акияның барысы туралы ақпаратты ұсынамыз.

2007 жылдың  ақпанынан 2011 жылдың наурызына дейін жиналған қаржы 1 754 876 АҚШ долларына жетті. Бұл сомаға Қазақстанда өзге елдің дәрігерлерінің көмегімен жасалған операциялар мен балалардың ата-аналарының тікелей есепшотына аударылған ақшалар енгізілген жоқ.

Өткізілген операциялар

Аделя Бошкен
Туған күні: 17.04.2010
Тұрғылықты жері: Шоқпар ауылы, Жамбыл облысы
Диагнозы: Туа біткен жүрек талмасы
Операция құны: 7 169 АҚШ доллары

Аделяның жасы бірге толған жоқ. Ол 2010 жылдың 17 сәуірінде дүниеге келді. Перзентханадан шығарылған кезде нәресте тіпті әлсіз, тынымсыз, әрі көп жылайтын, тынысы жиі бітіп, тамақ ішуі де мардымсыз болатын. Салмақ қоса алмады. Осыған қарамастан, Аделяны анасымен бірге  перзентханадан шығарылады.   Алғашқы жоспарлы тексеру кезінде анасы дәрігерлерге нәрестесінің жағдайы әлі бір қалыпты екенін, ешқандай өзгерістің жоқ екенін ескерткенімен, дәрігерлер бұған аса назар аудармайды.  Аделя 1,5 жасқа толғанда анасы қызын Алматыдағы педиатрия Институтына апаруға шешім шығарады.  Тексеруден кейін Аделяға  туа біткен жүрек талмасы деген қауіпті диагноз қояды. Сол күні нәрестені реанимация бөліміне жатқызады.  Оған қосымша өкпе қабыну ауруының да белгілері байқалады. Ауруханадағы емдеу жұмыстары аз да болса көмегін тигізеді, анасы қызымен бірге туған ауылына оралады. Туа біткен жүрек талмасына байланысты дәрігерлер оның 12 килограмға дейін салмақ жинауы қажеттігі туралы кеңес береді. Содан кейін ғана балаға операция жасауға мүмкіндік бар екенін айтады. Бірақ бір айдан кейін-ақ Аделяның ауруханаға қайта түсіп қалады. Нәрестенің жағдайы күннен күнге төмендей бастайды, әрі салмағы да азаяды.  2010 жылдың қазан айында нәресте қайта ауруханаға түседі. Аделяның ата-анасы бұдан ары күтудің қажеті жоқтығын түсінеді.  Өйткені баланың 12 килограм салмаққа жете алмайтынын сезеді.  2010 жылдың желтоқсанында отбасына Аделді Алматыға келген Томскі кардиология ҒЗИ-нің  дәрігерлеріне көрсетуге мүмкіндік туады. Томскілік дәрігерлер Адельдің операциясының қысқа мерзімі 2011 жылдың қаңтары екендігін айтады. Қазақстан сәбилерге операция жасауға келісім бермегендіктен кейін, ата-ана балаларының операциясын шет елде жасау қажеттігін түсінеді.  Бұл үшін 7 000 доллардан астам ақша қажет еді. Адельдің ата-анасы үйіндегі барын сатады, қарыз ақша да алады,  таныстары мен туыстарынан да көмек сұрайды. Бірақ жиналған қаржы жолдарына да жетпейтін еді. Нәресте болса күн сайын әлсіреп бара жатады.

2011 жылдың 14 қаңтарында Адельге Томск кардиология ҒЗИ-да сәтті операция жасалды.  Операцияға төленген ақша «Балаларға өмір сыйла»  акциясы аясында жиналды. Қазір кішкентай сәби үйіне оралды. Адельдің  тез арада толығымен сауығып шығуына тілектеспіз!

Эмин Абушов
Туған күні: 05.03.2010
Тұрғылықты жері: Баку, Әзірбайжан
Диагнозы: туа біткен жүрек талмасы, ФК 3 асақан аралық және жүрек аралық қалқа ауруы
Операция құны: 14 500 АҚШ доллары

Эмин 2010 жылдың 5 наурызында дүниеге келді. Әке-шешесі ұзақ күткен әрі сүйікті баласы. Перзентханада Эминнің дені сау болатын. Ата-аналардың қуанышында шек жоқ. Бірақ педиатрдің алғашқы тексеруінен кейін-ақ,  туа біткен жүрек талмасы деген диагноз қойылады.  Кардиологтың тексеруінен кейін жүректе біріктірілген екі ақау бар деген қорытынды шығарады.  Ал бес айдан кейінгі екінші тексеруден соң, әлгі ақаудың көбейгенін байқайды.   Тоғыз айға қарай, тіпті өкпе гипертензиясы ұлғайып, операцияны ары қарай созудың мүмкіндігі болмай қалған еді.  Қазақстанда жуық арада операция жасауға мүмкіндік жоқ еді. Эминнің  ата-анасы нәрестенің құжаттарын бірнеше шет елдік ауруханаларға жібереді. Ресей мен Түркияда операцияны іле-шала жасау қажеттігін бекітеді.  Бірақ операцияның құны шет елдік ауруханаларда 7 000 доллар тұрады екен. Отбасына бұл ақшаны жинау оңай шаруа емес. Эминнің анасы ауру баламен үйде отыр. Әкесінің жалақысы отбасын асырауға әзер жетеді.

2010 жылдың желтоқсанында Эминге Түркияның Стамбул қаласындағы Аджипадем кардиохирургиясының балалар бөлімінде операция жасалды.  Эмин қазір үйге оралды. Баланың тез арада толығымен сауығып шығуына тілектеспіз!

Диас Тұрганбай
Туған күні: 25.08.2010
Тұрғылықты жері: п. Шеңгелді, Алматы облысы
Диагнозы: Туа біткен жүрек талмасы, Тетрадо Фалло ФК 3
Операция құны: 14 500 АҚШ доллары

Айымгүл Тұрғанбай 2010 жылдың 25 тамызында ұзақ күткен әрі  қатты қалаған сәбилері – Диасты дүниеге алып келеді. Бірақ ата-аналарының бұл қуанышы ұзаққа созылмайды, нәрестені алғашқы тексеруден кейін-ақ дәрігерлер туа біткен жүрек талмасының ауыр түрін байқайды — тамырлардың магистралды транспозициясы.  Диастың жүрегіне жедел операция жасау қажет еді, бірақ оны Қазақстанда жасау мүмкін емес еді.

Денсаулықты сатып алуға болмайды. Бірақ сәби Диастың өмірі ата-анасының қаржылық мүмкіндігіне байланысты еді. Егер операцияны уақытында жасайтын болса, баланың қам-көңілсіз, дені сау болып өсуіне мүмкіндік көп болар еді.  Диастың ата-анасына олардың қайғысына ортақтасып, жаны жайлы, алтын жүректі адамдар табылмаса, үш-төрт айдан кейін кеш болатынын  ойлаудың өзі қорқынышты еді.

Диасқа 2010 жылдың желтоқсан айының ортасында Түркия мемлекетіндегі Стамбул қаласындағы Аджибадем кардиохирургия ауруханасында операция жасалды.

Балалар туралы жаңалықтар

Бүгінгі таңда Томкс ҒЗИ кардиологиясының балалар бөлімінде біздің балаларымыз емделуде:

Тойғанбек Рыскелді
Туған күні: 02.03.2003
Тұрғылықты жері: Алматы
Диагнозы: туа біткен жүрек талмасы, асақазан аралық қалқа  ауруы

Операция құны: әзірге белгісіз. Тәжірибеге сүйенсек, мұндай операцияның құны 7 000 доллардан кем болмау керек.

Нұрислам Қайратұлы
Туған күні: 14.08.2010
Тұрғылықты жері: с. музей Жамбыл, Алматы облысы
Диагнозы: Туа біткен жүрек талмасы

Операция құны: әзірге белгісіз.  Тәжірибеге сүйенсек, мұндай операцияның құны 7 000 доллардан кем болмау керек.

Мурадилова Айсанам
Туған күні: 02.12.2008
Тұрғылықты жері:   Ақтам с, Алматы облысы
Диагнозы: Туа біткен жүрек талмасы, Тетрада Фалло
Операция құны: әзірге белгісіз.  Тәжірибеге сүйенсек, мұндай операцияның құны 7 000 доллардан кем болмау керек.

Қысқаша есепті  «Милосердие» қайырымдылық қоғамы» қоры дайындады.  Барлық мәліметтердің анықтығын білу үшін, сондай-ақ қосымша ақпараттар алу үшін мына кеңсеге хабарласыңыздар:

Татьяна Семенова
«ДОМ» қоры жобаларының кураторы
қалта тел. +7 777 138 57 88
E-mail: miloserdie2006@rambler.ru
Саломат Назарова және Галина Кветкина
«ДОМ»қорының координаторлары
Тел.  +7 727 267 66 46
E-mail: miloserdie2006@rambler.ru
Web: www.detdom.kz