«Балаларға өмір сыйла» атты акцияның қысқаша түрдегі есебі

20.06.2012

Қымбатты «Балаларға өмір сыйла» акциясының қатысушылары, Қазкоммерцбанктің қызметкерлері, клиенттері, әрі серіктестері, сондай-ақ «Құс жолы» Қоры!

Сіздердің ізгі-ілтипаттарыңызға, мейірімді жүректеріңізге және бізге деген сенім білдіргендеріңізге алғысымызды білдіре отырып, назарларыңызға Қазақстанның 357-і балаларының денсаулығын және өмірлерін сақтап қалуға көмектескен аталмыш акцияның қалай өткендігі жайлы ақпаратты ұсынамыз.

Бүгінгі күні 400 операция (кейбір балаларға бірнеше рет операция) жасалынды.

Қазіргі кезде төленген операциялардың құны 2.286.256 АҚШ Долларын құрап отыр. Бұл аталмыш сома көлеміне тікелей ата-аналардың қаржыландырумен жиналған қаражаттар жиыны, сондай-ақ Қазақстандағы шетел дәрігерлері тарапынан жасалынған операциялар кірмейді. «Балаларға өмір сыйла» акциясының іске қосылғанынан бері балаларды емдеу мақсатында «online қайырымдылық» арқылы 15 024 253 теңге жиналды.

 

СӘТТІ ӨТКЕН ОПЕРАЦИЯЛАР

Қалыбаев Бағжан

Туған жылы: 1997 жылдың 3-ші тамызы
Тұрғылықты жері: Алматы қаласы
Диагнозы: күйіктен кейінгі денесінің беріштегі және жоғары сол жақтағы гипертрофикалық жара, иілгіш контрактура
Операция құны: жақын уақытта белгілі болады

Жалғыз басты әйел Қалыбаева Динара қиын-қыстау кезеңде бізге көмек сұрап келді. Динара екі баланы тәрбиелеп отыр. Кіші қызы бір жарым жаста. Бағжан – үлкен ұлы, мектеп оқушысы. Оған көмек керек. Бағжан екіден асқанда ол электрлі жарақат алады. Міне, содан бері оның денесінде күйіктен кейін ауырсынатын берішті жаралар қалған. Бала өсе келе, бойындағы бұл жарақат та күшейе беріп, оның денсаулығына кері әсерін тигізе бастады. Тездетіп ем қабылдау керек болды, дегенмен бұл емді Қазақстанда жасалынбайтыны жанға батты. Осындай жарақаттарға операция жасайтын жақын жердегі клиника Ресейде орналасқан. Мүгедектігі бойынша берілетін жәрдемақы Ресейде ем қабылдауға қажетті бірнеше мың доллар тұрмақ, күнделікті азық-түлік, дәрі-дәрмекке әзер жетеді. 2012 жылдың мамыр айында Бағжанға И.Турнер атындағы Ғылыми-зерттеу балалар ортопедиялық институтында (Санкт-Петербург) сәтті операция жасалынды. Бүгін Бағжан үйде, денсаулығы жақсы. Тезірек сауығып кетуін тілейміз!

Сапарғалиев Алмат

Туған жылы: 1995 жылдың 14-ші тамызы
Тұрғылықты жері: Алматы облысы Боралдай ауылы
Диагнозы: бел сүйектерінің 10 см қысқаруы, оң жақ бел сүйектерінің бас жағы мен мойын бөлігінің септикалық некрозы
Операция құны: 12 500 EUR

2003 жылдың 4-ші маусымында Алмат ағаштан құлап бел омыртқасын жарақаттап алады. Сол күні ол Алматы облыстық клиникалық ауруханаға түсіп, сол жерде оған тек алты айдан кейін ғана операция жасалады. Операция кезінде оның бел омыртқасы 2 см-ге қысқарып қалған еді. Алмат осы оқиғадан кейін екі жылдан соң аяғынан тұрды. Баланың және оның отбасының сол кездегі жағдайын, қиналған сәттерін сөзбен жеткізу мүмкін емес. Міне, содан бері Алмат бірнеше мамандардың кеңесінен өтті. Бүгінгі күні Алматтың анасы дұрыс ем-дом жасалмағанның кесірінен оның мүгедек болғанын жеткізеді. Жергілікті дәрігерлерге сенімдері болмағандықтан, олар Германиядадан емдеудің мүмкіндіктерін іздестіре бастайды. 2008 жылы Алмат демеушілердің қолдауымен германиялық клиникадан емдеудің курсынан өтеді.

2012 жылы оған екінші мәрте операция жасалынуы тиіс. Алматтың әкесі – радиоэлектроника және байланыс Әскери-инженерлі институттында әскери қызметтегі маман, анасы – мұғалім, ағасы – мемлекет тарапынан грантпен білім алудағы студент. Операция жасату үшін бұл отбасы сатуға қажетті заттардың барлығын сатты. Бірақта қаражаттары жеткіліксіз болды.

2012 жылдың сәуір айының соңында Алматқа Германиядағы Кобленц қаласындағы ортопедия және хирургия клиникасында тағы да операция жасалынды. Алмат – «Балаларға өмір сыйла» көркем фильміндегі басты кейіпкерлерінің бірі, өте дарынды бала. Бүгінгі күні Алмат өз үйінде, біз оған денсаулығын саулығын тілейміз!

БАЛАЛАР ЖАЙЛЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Біздің балалар емделу үстінде:

Дегтяренко Егор

Е.Н.Мешалкин атындағы қан айналым патология Ғылыми-Зерттеу Институтында;


Туған жылы: 2009 жылдың 8-ші желтоқсаны
Тұрғылықты жері: Алматы қаласы
Диагнозы: Туылысымен жүрек ауруы
3-ші операцияның құны: жақын арада белгілі болады
2-ші операцияның құны: 12 153 USD
1-ші операцияның құны: 12 297 USD

 

Серкебаев Абихан

Германия, Вюрцбург қаласындағы Университет клиникасында;


Туған жылы: 1999 жылдың 28-ші шілде
Тұрғылықты жері: Алматы қаласы
Диагнозы: бас ми бағанасының диффузді тізбекті (алғашқы) ісігі. Ми бағанасының іріңдеуі
Операция құны: 30 000 EUR

 

 

 

Құсманова Дана

Германия, Вюрцбург қаласындағы Университет клиникасында;

Диагнозы: артқы бас ми шұңқырының медуллобластомасы
Туған жылы: 01.07.2005 ж.
Тұрғылықты жері: Атырау қаласы
Операция құны: 94 493 EUR

 

Лукашкин Адам

Берлин, Неміс кардиологиялық орталықта;

Туған жылы: 2011 жылдың 11-ші шілдесі
Тұрғылықты жері: Алматы қаласы
Диагнозы: туылысымен жүрек ауруы
Операция құны: 13 000 USD

 

Курбанова Аяулым

Томск, ҒЗИ-ның кардиология балалар бөлімінде;

 

Туған жылы: 2009 жылдың 13-ші қаңтары
Тұрғылықты жері: Астана қаласы
Диагнозы: туылысымен жүрек ауруы, оң жақ қарыншадан қан тамырларының екіге айырылуы, қарынша арасындағы аралықтағы кеміс
1-ші операцияның құны: 7 697 USD (229 350 ресей рублі бойынша)
2-ші операцияның құны: 12 800 USD

Қысқаша есепті  «Милосердие» қайырымдылық қоғамы» қоры дайындады.

Барлық мәліметтердің анықтығын білу үшін, сондай-ақ қосымша ақпараттар алу үшін мына кеңсеге хабарласыңыздар:

Галина Кветкина және Светлана Селюнина
«ДОМ» қорының үйлестірушілері
Т: +7 (727) 267-66-46
E:  miloserdie2006@rambler.ru
W:  http://www.detdom.kz

«Балаларға өмір сыйла» атты акцияның қысқаша түрдегі есебі

05.04.2012

Қымбатты «Балаларға өмір сыйла» акциясының қатысушылары – «Құс жолы» Қорының және Қазкоммерцбанктің қызметкерлері, клиенттері және әріптестері!

Сіздердің ізгі-ілтипаттарыңызға, мейірімді жүректеріңізге және бізге деген сенімдеріңізге алғысымызды білдіре отырып, назарларыңызға Қазақстанның 348-і балаларының денсаулығын және Өмірлерін сақтап қалуға көмектескен аталмыш акцияның қалай өткендігі жайлы ақпаратты ұсынамыз.

390 операцияның қаражаты төленді (кейбір балаларға бірнеше мәрте операция жасалынды).

Жиналған қаражат алымы мен операцияға төленген қаражат сомасы 2.226.484 АҚШ долларын құрады. Бұл сомаға тікелей ата-аналарынан келіп түскен қаражаттар жиынтығы және Қазақстандағы шетел дәрігерлері тарапынан жүргізілген операция құны енгізілмеген.

СӘТТІ ӨТКЕН ОПЕРАЦИЯЛАР

Қуатқызы Әйгерім

Туылған күні: 2009 жылдың 20-шы наурызы
Тұрғылықты жері: Солтүстік Қазақстан облысы, Сорловка поселкісі
Диагнозы: туылысымен жүрек ауруы
Операция құны: 7000 USD

Қуаттың отбасында Әйгерімнің дүниеге келуі қуанышпен қатар ренішті де тудырды. Өйткені ол туылысымен жүрек ауруына шалдығып, дәрігерлер Даун синдромы деген диагноз қояды. Дәрігерлер аз уақыттың ішінде оған жедел операция жасалу қажеттігін айтқан. Дегенмен, бұндай операциялар Әйгерімге өте қажет, бірақта Қазақстанда бұндай операциялар әлі де жасалынбаған.

Қыздың бойындағы жүрек ауруының күрделі формасы, сонымен қатар жоғары өкпе гипертензиясы операцияның жасалуына қарама-қарсы әсер етер еді. Осыған қарамастан, операция жасауды кейінге қалдыру қажет емес еді.

Әйгерімнің ата-аналары ауылдың қарапайым отбасыларының бірі болғандықтан, олар операцияны төлей алматын жағдайда болды. Қызының осындай сырқатын естігенде, олардың үміттері үзілгендей болды. Ата-анасы кімге жүгініп, кіммен ақылдасатынын білмеді.

2012 жылдың 31-ші қаңтарында Самарқант кардиологиялық орталықтың хирургия балалар бөлімінде Әйгерімге операция жасалынды.  Бүгінгі күні Әйгерім үйінде, оның тез сауығып кетуін тілейміз!

БАЛАЛАР ТУРАЛЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Сыдық Руслан

Туылған күні: 2009 жылдың 3-ші наурызы
Тұрғылықты жері: Алматы қаласы
Диагнозы: туылысымен жүрек ауруы: жүректің жалғыз қан қуысы (жүректің сол жақ қуысына екі жақты құйылым), өкпе артериясының таралуының біркелкі қақпағының магистральді түтікшесінің транспозиясы, ашық сопақша терезесі.
1-ші операция құны: 7 400 USD
2-ші операция құны: 12 800 USD

Руслан 2009 жылдың 3-ші наурызында дүниеге келді. Дәрігерлер оның адам болмайтындығын туылған сәттен бастап айтқан болатын. Оған туылысымен жүрек ауруы: жүректің жалғыз қан қуысы (жүректің сол жақ қуысына екі жақты құйылым), өкпе артериясының таралуының біркелкі қақпағының магистральді түтікшесінің транспозиясы, ашық сопақша терезесі деген диагноз қойылады. Өзінің алғашқы 8 күнін босану үйінде ауыр жағдайда өткізсе, қалған 4 күнін балалар ауруханасының жан сақтау бөлімінде болды.

Сол кезде ата-анасы күрделі әрі жауапты шешім қабылдады. 2009 жылдың 3- сәуірінде Русланды Мәскеу арқылы Томск қаласына жеткізді. 10 сағат бойы ол әуеде болды. Русланды 2 күн операция жасауға дайындады, жағдайын қалыптандырды. 2009 жылдың 6-шы сәуірінде оған операция жасалынды.

Русланның әлі де басынан өткізетін үшінші немесе төртінші операциясының ішіндегі бұл операция ең ауыры болды. Бұл операция сәтті өтіп, бүгінгі күнгі үш жастағы Руслан отбасының қуанышы, ата-анасының қарашығы болып отыр.

Бүгінгі таңда Русланға үшінші жоспарлы операция жасау үшін оны Томск қаласындағы ҒЗИ-нің кардиохирургияның балалар бөліміне жатқызды.

Галимов Дильназ

Туылған күні: 2008 жылдың 5-ші қарашасы
Тұрғылықты жері: Семей қаласы
Диагнозы: туылысымен жүрек ауруы, жүректің оңға қарай орналасуы, өкпе артериясының артезиясы, жүрек қуысының аралығындағы олқылықтар, асқазан қуысындағы олқылықтар, өкпе көк тамырларының дренажындағы олқылықтар.
1-ші операция құны (2009): 10 415 USD
2-ші операция құны (2009): 7 410 USD
3-ші операция құны (2012): 12 899 USD

Дильназ туылысымен жүрек ақауымен дүниеге келді. Сол кезде оған Қазақстанда операция жасай алмайтын болды. Дильназ 1 және 1,5 жасқа келгенде оған 2 мәрте операция жасалынды. Биылғы жылы үшінші операция жасайтын кез келіп жетті.

Бүгінгі күні Дильназ Томск қаласындаңы ҒЗИ-нің кардиохирургияның балалар бөлімінде орналасты.

Қазбек Ерсін

Туылған күні: 2009 жылдың 5-ші ақпаны
Тұрғылықты жері: Алматы облысы, Абай поселкісі
Диагнозы: туылысымен жүрек ауруы, жүрек қан қуысының арасындағы кеміс
1-ші операция құны: 7 645 USD (2009жыл)
2-ші операция құны: 12 534 USD

Бұл бала туылысымен жүрек ауруымен дүниеге келгеннен соң біраз қиындықтар көріп келеді. Ерсін кез келген қимыл жасаған сайын, оның тынысы тартылып отырады. Ерсін 1 жасқа толмайынша, оған тездетіп, дереу операция жасау қажет болды. Қазақстанда оған операция жасау мүмкіндіктерінің жоқтығы Ерсіннің ата-анасының жанына қатты батты. 2009 жылдың 17-ші қыркүйегінде Томск қаласындаңы ҒЗИ-нің кардиохирургияның балалар бөлімінде Ерсінге операция жасады. Міне, бүгін, Ерсіннің жүрегіне жасалған бір операция жетпей, екінші мәрте операция жасау қажеттігі туындады.

2012 жылдың 3-ші наурызда Ерсін Томск қаласындағы Ресейлік медицина ғылымдар академиясының Сібір бөлімшесінің ҒЗИ-нің кардиохирургияның балалар бөліміне жатқызылатын болады.

Әжікенов Мәнсүр

Туылған күні: 04.02.2011
Тұрғылықты жері: Семей қаласы
Диагнозы: Тетрада Фалло – туылысымен жүрек ауруы, жеңіл артерияның атрезиясы
Операцияның құны: жақын арада белгілі болады

Сәбиге 2 ай болғанда, оның талмасы ұстап, оның тынысы тартыла бастаған. Ұлттық ғылыми медициналық орталық Мәнсүрдің бойынан ауыр сырқатты анықтады. Тетрада Фалло – бұл жүрек ауруының ең қауіпті формасы.

2012 жылдың 11-ші наурызында Мәнсүр Е.Н.Мешалкин атындағы Новосибирлік ҒЗИ-ның қан алмасу патологиясына жатқызылатын болады.

Пархоменко Анастасия

Туылған күні: 01.03.2000
Тұрғылықты жері: СҚО, Явленка ауылы
Диагнозы: IV деңгейлі S –образды идиопатиялық кеуде-бел сколиоз
Операцияның құны: жақын арада белгілі болады

Настя S –образды идиопатиялық кеуде-бел сколиоз диагнозымен дүниеге келді. Настяның ата-анасы қызының бойындағы алғашқы симптомдарын 10 жылдан кейін оның белі майысқанда ғана барып байқаған. Консервативті түрде емделу (массаж жасату, белді қысып тұратын созылмалы жалпақ белбеу тағу) өз нәтижесін бермеді. Қазақстанда операция жасауға болатын еді, бірақ та ата-анасы алдымен операция кезінде жағымды нәтиже алмаса, ешқандай қарсылық әрекеттерін жасайтындығы жөнінде келісімге отыру қажет болды, сондай-ақ 6 ай ішінде операцияны қайталап жасап тұратын болған. Таныстарының ұсыныстарымен оның ата-анасы Курген қаласындағы атақты ресейлік академик Илизаров атындағы ортопедия және травматология клиникасына хабарласқан. 2011 жылдың желтоқсан айында алғашқы тексерістен кейін дәрігерлер келесідей емдеу түрін ұсынған: бір мәртелік операция, белді қатайтуға арналған конструкцияны орнату және келесі 4-5 апта бойы емдеу.

2012 жылыдң 12-ші наурызында Анастасия Курген қаласындағы академик Г.А.Илизаров атындағы «Қайта қалпына келтіру ортопедия және травматология» Ресейлік ғылыми орталығына жатқызылатын болды.

*Қысқаша есепті  «Милосердие» қайырымдылық қоғамы» қоры дайындады.

Барлық мәліметтердің анықтығын білу үшін, сондай-ақ қосымша ақпараттар алу үшін «Дом» кеңсесіне хабарласыңыздар:

Татьяна Семенова
«ДОМ» қоры жобаларының кураторы
ұялы тел.: +7 777 138 57 88
E-mail: miloserdie2006@rambler.ru

Галина Кветкина және Светлана Селюнина
«ДОМ» қорының координаторлары
ұялы тел.:  +7 727 267 66 46
E-mail: miloserdie2006@rambler.ru
Web: www.detdom.kz

«Балаларға өмір сыйла» атты акцияның қысқаша түрдегі есебі

02.03.2012

Қымбатты «Балаларға өмір сыйла» акциясының қатысушылары – «Құс жолы» Қорының және Қазкоммерцбанктің қызметкерлері, клиенттері және әріптестері!

Сіздердің ізгі-ілтипаттарыңызға, мейірімді жүректеріңізге және бізге деген сенімдеріңізге алғысымызды білдіре отырып, назарларыңызға Қазақстанның 345-і балаларының денсаулығын және Өмірлерін сақтап қалуға көмектескен аталмыш акцияның қалай өткендігі жайлы ақпаратты ұсынамыз.

Жиналған қаражат алымы мен операцияға төленген қаражат сомасы 2.177.093 АҚШ долларын құрады. Бұл сомаға тікелей ата-аналарынан келіп түскен қаражаттар жиынтығы және Қазақстандағы шетел дәрігерлері тарапынан жүргізілген операция құны енгізілмеген.

СӘТТІ ӨТКЕН ОПЕРАЦИЯЛАР

Фишер Елизавет

Диагнозы: ортан жілік остеомиелиті
Тұрғылықты жері: Алматы облысы, Междуреченский ауылы
Операция құны: 4 483 USD

2004 жылы Лиза ортан жілік остеомиелит – аяғында ауыр зақымымен дүниеге келеді. Бірақта уақыт келе, оның бір аяғы екіншісіне қарағанда баяу өсе бастады. Лизаға операция қажет болды. Бұл сұрақ әсіресе, Лизаның бір аяғы 10 см баяу қалып қала бастаған кезде көкейтесті болды, өйткені қыз баланың жүруі ауырлана бастады, ақсай бастады. Қазақстанда бұндай операция жасалынбайтыны оларға ауыр тиді. Лизаның жанұясы академик Илизаров атындағы Институтқа (Ресей, Курган қаласы) баруларына тура келді. Ол жаққа бару үшін отбасы автокөліктерін сатты. 2010 жылы Лизаға операция жасап, бір аяғын 6 см ұлғайтты.

2011 жылы маусым айында Лиза тексерістен өтіп, оған дәрігерлер тағы бір операция қажет екенін айтты. Ал екінші операцияны жасауға жанұяның қаражаты болмады.

Кез келген ана сияқты, Елена да қызының сауығып кететіне сенді! 2011 жылдың 11-ші қыркүйегінде Елизаветаға ресейлік клиникада екінші мәрте операция жасалынды. Операцияны «Балаларға өмір сыйла» акциясының қаражатынан төленді. Желтоқсан айнының аяғына дейін Лиза Курганда емделуде болды. Ол жақты ем қымбат болғандықтан, жарты қаражатын «Балаларға өмір сыйла» акциясының қатысушы-компаниясы төлеп берді.

2011 жылдың желтоқсан айында Лиза ауруханадан шығып, үйіне оралды. Бір жылдан соң тағы операция жасау қажет. Өткен операциялар мен оңтайландыру курстары Лизаның сауығып кетуіне ықпал етеді деп сенеміз!

БАЛАЛАР ТУРАЛЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазбек Ерсін

Туылған күні: 2009 жылдың 5-ші ақпаны
Тұрғылықты жері: Алматы облысы, Абай поселкісі
Диагнозы: туылысымен жүрек ауруы, жүрек қан қуысының арасындағы кеміс
1-ші операция құны: 7 645 USD (2009жыл)
2-ші операция құны: 12 534 USD

Бұл бала туылысымен жүрек ауруымен дүниеге келгеннен соң біраз қиындықтар көріп келеді. Ерсін кез келген қимыл жасаған сайын, оның тынысы тартылып отырады. Ерсін 1 жасқа толмайынша, оған тездетіп, дереу операция жасау қажет болды. Қазақстанда оған операция жасау мүмкіндіктерінің жоқтығы Ерсіннің ата-анасының жанына қатты батты. 2009 жылдың 17-ші қыркүйегінде Томск қаласындаңы ҒЗИ-нің кардиохирургияның балалар бөлімінде Ерсінге операция жасады. Міне, бүгін, Ерсіннің жүрегіне жасалған бір операция жетпей, екінші мәрте операция жасау қажеттігі туындады.

2012 жылдың 3-ші наурызда Ерсін Томск қаласындағы Ресейлік медицина ғылымдар академиясының Сібір бөлімшесінің ҒЗИ-нің кардиохирургияның балалар бөліміне жатқызылатын болады.

Әжікенов Мәнсүр

Туылған күні: 04.02.2011
Тұрғылықты жері: Семей қаласы
Диагнозы: Тетрада Фалло — туылысымен жүрек ауруы, жеңіл артерияның атрезиясы
Операцияның құны: жақын арада белгілі болады

Сәбиге 2 ай болғанда, оның талмасы ұстап, оның тынысы тартыла бастаған. Ұлттық ғылыми медициналық орталық Мәнсүрдің бойынан ауыр сырқатты анықтады. Тетрада Фалло — бұл жүрек ауруының ең қауіпті формасы.

2012 жылдың 11-ші наурызында Мәнсүр Е.Н.Мешалкин атындағы Новосибирлік ҒЗИ-ның қан алмасу патологиясына жатқызылатын болады.

 
Пархоменко Анастасия

Туылған күні: 01.03.2000
Тұрғылықты жері: СҚО, Явленка ауылы
Диагнозы: IV деңгейлі S –образды идиопатиялық кеуде-бел сколиоз
Операцияның құны: жақын арада белгілі болады

Настя S –образды идиопатиялық кеуде-бел сколиоз диагнозымен дүниеге келді. Настяның ата-анасы қызының бойындағы алғашқы симптомдарын 10 жылдан кейін оның белі майысқанда ғана барып байқаған. Консервативті түрде емделу (массаж жасату, белді қысып тұратын созылмалы жалпақ белбеу тағу) өз нәтижесін бермеді. Қазақстанда операция жасауға болатын еді, бірақ та ата-анасы алдымен операция кезінде жағымды нәтиже алмаса, ешқандай қарсылық әрекеттерін жасайтындығы жөнінде келісімге отыру қажет болды, сондай-ақ 6 ай ішінде операцияны қайталап жасап тұратын болған. Таныстарының ұсыныстарымен оның ата-анасы Курген қаласындағы атақты ресейлік академик Илизаров атындағы ортопедия және травматология клиникасына хабарласқан. 2011 жылдың желтоқсан айында алғашқы тексерістен кейін дәрігерлер келесідей емдеу түрін ұсынған: бір мәртелік операция, белді қатайтуға арналған конструкцияны орнату және келесі 4-5 апта бойы емдеу.

2012 жылыдң 12-ші наурызында Анастасия Курген қаласындағы академик Г.А.Илизаров атындағы «Қайта қалпына келтіру ортопедия және травматология» Ресейлік ғылыми орталығына жатқызылатын болды.

Құрбанова Аяулым

Туылған күні: 2009 жылдың 13-ші қаңтары
Тұрғылықты жері: Астана қаласы
Диагнозы: туылысымен жүрек ауруы, жүрек қан қуысының арасындағы кеміс, оң жақтағы жүректің қан қуысындағы түтікшілердің екі мәрте жылжып кетуі, магистральді түтікшілердің транспозициялары.
1-ші операция құны: 7 697 USD
2-ші операция құны: 12 800 USD

Аяулымға тездетіп операция жасалған уақытта оның денсаулығы әлдеқайда жақсы болар ма еді. 2010 жылдың қаңтар айында Аяулым Томск қаласындаңы ҒЗИ-нің кардиохирургияның балалар бөліміне жатып келді. Бірақта, ең өкініштісі, оның жүрегі нәзік болғандықтан, ол бір жасаған операциядан тез емделе алмады. Аяулым қазір 3 жаста. Оның жүрегіндегі түтікшелер әлі нәзік болғандықтан, Қазақстанда оған ешқандай операция жасалынбай отыр. 7 жасқа дейін күту керек. Бірақта Аяулым ол уақытқа дейін күте алмайды, оның жағдайы нашарлай бастады.

2012 жылдың 12-ші сәуірде Аяулым Томск қаласындағы Ресейлік медицина ғылымдар академиясының Сібір бөлімшесінің ҒЗИ-нің кардиохирургияның балалар бөліміне жатқызылатын болады.

*Қысқаша есепті  «Милосердие» қайырымдылық қоғамы» қоры дайындады.

Барлық мәліметтердің анықтығын білу үшін, сондай-ақ қосымша ақпараттар алу үшін «Дом» кеңсесіне хабарласыңыздар:

Татьяна Семенова
«ДОМ» қоры жобаларының кураторы
ұялы тел.: +7 777 138 57 88
E-mail: miloserdie2006@rambler.ru

Галина Кветкина және Светлана Селюнина
«ДОМ» қорының координаторлары
ұялы тел.:  +7 727 267 66 46
E-mail: miloserdie2006@rambler.ru
Web: www.detdom.kz

«Балаларға өмір сыйла» атты акцияның қысқаша түрдегі есебі

25.11.2011

Қымбатты «Балаларға өмір сыйла» акциясының қатысушылары – «Құс жолы» Қорының және Қазкоммерцбанктің қызметкерлері, клиенттері және әріптестері!

Сіздердің ізгі-ілтипаттарыңызға, мейірімді жүректеріңізге және бізге деген сенімдеріңізге алғысымызды білдіре отырып, назарларыңызға Қазақстанның 336-і балаларының денсаулығын және Өмірлерін сақтап қалуға көмектескен аталмыш акцияның қалай өткендігі жайлы ақпаратты ұсынамыз.

Жиналған қаражат алымы мен операцияға төленген қаражат сомасы 2.096.482 АҚШ долларын құрады. Бұл сомаға тікелей ата-аналарынан келіп түскен қаражаттар жиынтығы және Қазақстандағы шетел дәрігерлері тарапынан жүргізілген операция құны енгізілмеген.

СӘТТІ ӨТКЕН ОПЕРАЦИЯЛАР

Никита Зунтер
Диагнозы: туылысымен жүрек ауруы. Стеноз ксенограф.
Туылған күні: 30.02.2006
Тұрғылықты жері: Алматы облысы Қарабұлақ поселкісі

Никита қазір 4 жаста. Ол жүрек ауруымен дүниеге келеді. Жүректің оң қалқаншасындағы магистралды жолдарынан екі жақты ауытқуы, асқазан аралық ауысымдағы кемістігі, ашық артериалды тармағы, ашық сопақ терезесі, жеңіл жоғары гипертензиясы бойында бар Никита сол кезде 11 айда еді. 3 жыл бұрын Никитаға Новосибирск қаласында операция жасалынды, өйткені Қазақстанда бұндай операция жасалынбайды. Операцияға кеткен 8000 АҚШ долларын олар несиеге алған. Үш жыл ішінде Никита өсті – онымен қоса оның жүрегі де өсті. Өкінішке орай, алғашқы операция жасау кезінде оның жүрегіндегі  жүрек ауруын толығымен ала алмады, сондықтан да 2011 жылдың күзінде оған екінші мәрте операция жасау сұрағы туындады. Отбасы 15000 USD көлемінде қаражат жинау керек болды. Оған қоса алғашқы операцияға кеткен несиесі де әлі жабылған жоқ. Никитаның отбасында екі бала, оның 5 жастағы қарындасы бар. Анасы ұлын қарау керек болғандықтан жұмыссыз болды. Мүгедектігі бойынша алатын жәрдемақысы тек дәрі-дәрмектерге ғана жетеді. 2011 жылдың 27-ші қыркүйегінде Никитаға Новосибирсктегі ҒЗИ-ның Е.Н.Мешалкин атындағы қан айналым паталогиясының кардиохирургияның балалар бөлімінде операция сәтті жасалды. Бүгін бала үйінде, біз оған тезірек сауығып кетуін тілейміз!

22-ші қыркүйекте ҒЗИ-тың кардиохирургиясының балалар бөлімінің қан алмасу патологиясына жатқызылады (Новосибирск).

БАЛАЛАР ЖАЙЛЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Бүгінгі күні біздің бірнеше балаларымыз емделу үстінде:

Айару Мұратбек
Диагнозы: туылысымен жүрек ауруы, жүрек қан қуысының арасындағы кеміс, жоғары жеңіл гипертенщия
Туылған күні: 24.08.2011
Тұрғылықты жері: Алматы облысы Абай ауылы
Операция құны: жақын арада белгілі болады

2011 жылдың 31-ші қазанында Айару Самар кардиологиялық орталықтың балалар хирургия бөліміне жатқызылды. Операция жасалынды, қазір клиникада операциядан кейінгі емдеуден өтуде.

 

 

 

Эльдениз Жармаханов
Туылған күні: 07.11.2008
Тұрғылықтыжері: Алматы  қаласы
Диагнозы: туылысымен жүрек ауруы, магистралды жолдың транспозициясы, жеңіл артерияның стенозы.
1-ші операция құны: 6 816 USD
2-ші операция құны: 13 054 USD

Қазанның 27-сі Эльденизді жүрегіне екінші жоспарлы операциясын жасау үшін Томск қаласындағы ҒЗИ-нің кардиохирургияның балалар бөліміне жатқызылады.

 

 

 

 

 
*Қысқаша есепті  «Милосердие» қайырымдылық қоғамы» қоры дайындады.

Барлық мәліметтердің анықтығын білу үшін, сондай-ақ қосымша ақпараттар алу үшін «Дом» кеңсесіне хабарласыңыздар:

Татьяна Семенова
«ДОМ» қоры жобаларының кураторы
ұялы тел. +7 777 138 57 88
E-mail: miloserdie2006@rambler.ru

Галина Кветкина және Светлана Селюнина
«ДОМ» қорының координаторлары
Тел.  +7 727 267 66 46
E-mail: miloserdie2006@rambler.ru
Web: www.detdom.kz

«Балаларға өмір сыйла» атты акцияның қысқаша түрдегі есебі

25.11.2011

СӘТТІ ӨТКЕН ОПЕРАЦИЯЛАР

Олег Клименко
Диагнозы: бас қуысындағы ісік: сол жақ аймағындағы жаңа түзілімдер
Туылған күні: 10.02.1996
Тұрғылықты жері: Алматы облысы Талғар қаласы
Операция құны: операция тегін жасалынды

Олег – отбасының сүйікті ұлы және ерке немересі. Жастайынан бала жиі ауыра берген, бірақ та дәрігерлер нақты ауруға диагноз қоя алмай, тек ішкі бас сүйек ішіндегі қысымды дәрімен емдей берген. Осындай емдеумен 13 жыл өтеді. Бір жыл бұрын бас сүйекті зертеген уақытта магнитті-резонансты томография сол жақ аймағында ісіктің бар екенін көрсетеді. Олегтің бұл кезде жағдайы нашар еді, тіптен анасы жұмыстан шығып, ұлын қарап үйде отырған. Олегтің бір уақытта бір бағытта қарап қалатын жағдайлары болып, ал өз-өзіне келгенде ештенкені білмейтін кездері де болған.

Олегтің ісігін операция арқылы алып тастауға болатын еді. Өкінішке, орай  Қазақстан бұндай операция жасаудан бас тартты. Олегтің анасы Қытайдағы, Израильдегі, Ресейдегі, Турциядағы клиникаларға хабарласқан. Соңында Стамбулдағы Аджибадем клиникасына операция құны төменірек болғандықтан, сол жаққа баруға бел буды. Бірақ та бұл операцияның өзі 30000 АҚШ долларын құраған. Бірақ та клиника ақылдаса келе, Олегке операцияны тегін жасауды шешті. 2011 жылдың шілде айында қазақстандық авиакомапнияның қолдауымен Олег анасымен Стамбулға ұшты. Операция 5 сағатқа созылды, ісікті ешқандай зақымсыз алып, операция сәтті өткен. Олег түбегейлі жазылып кетті деуге әлі ерте, өйткені ол Алматы қаласындағы нейрохирургтің реабилитациялық курсынан өту қажет. Бірақта ең жаманы артта қалды. Біз жылдан жылға Олегтің жағдайы жақсаратынына сенімдіміз, және де жақын арада достарымен футбол ойнайтынына күмәніміз жоқ!

БАЛАЛАР ЖАЙЛЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Бүгінгі күні біздің бірнеше балаларымыз емделу үстінде:

Никита Зунтер
Диагнозы: туылысымен жүрек ауруы. Стеноз ксенограф.
Туылған күні: 30.02.2006
Тұрғылықты жері: Алматы облысы Қарабұлақ поселкісі

22-ші қыркүйекте ҒЗИ-тың кардиохирургиясының балалар бөлімінің қан алмасу патологиясына жатқызылады (Новосибирск).

 

 

 

 

 

 

 
Вова Клишин
Диагнозы: қуықтың эмбрионалды рабдомисаркомы
Туылған күні: 19.06.2009
Тұрғылықты жері: Щучинск қаласы
Операция құны: 6 897 USD

Қазанның 10-ы Челябин облыстық балалар ауруханасының балалар бөліміне жатқызылды.

 

 

 

Диас Бақдәулет
Диагнозы: туылысымен жүрек ауруы. Жүректің жалғыз қуысы. Жалпы артериалды өзек
Туылған күні: 06.12.2010
Тұрғылықты жері: Іле ауданы Өтеген батыр ауылы

Қазанның 17-і Самар кардиологиялық орталықтың балалар хирургия бөліміне жатқызылды.

 

 

 

 

 

 

Арайлым Қасенғазиева
Туылған күні: 01.06.2006
Тұрғылықты жері: Алматы қаласы
Диагнозы: туылысымен жүрек ауруы. Жоғары жеңіл гипертензия.

Қазанның 10-ы Самар кардиологиялық орталықтың балалар хирургия бөліміне жатқызылды.

 

 

 

 

 

 
*Қысқаша есепті  «Милосердие» қайырымдылық қоғамы» қоры дайындады.

Барлық мәліметтердің анықтығын білу үшін, сондай-ақ қосымша ақпараттар алу үшін «Дом» кеңсесіне хабарласыңыздар:

Татьяна Семенова
«ДОМ» қоры жобаларының кураторы
ұялы тел. +7 777 138 57 88
E-mail: miloserdie2006@rambler.ru

Галина Кветкина және Светлана Селюнина
«ДОМ» қорының координаторлары
Тел.  +7 727 267 66 46
E-mail: miloserdie2006@rambler.ru
Web: www.detdom.kz

«Балаларға өмір сыйла» атты акцияның қысқаша түрдегі есебі

12.10.2011

Қымбатты «Балаларға өмір сыйла» акциясының қатысушылары – «Құс жолы» Қорының және Қазкоммерцбанктің қызметкерлері, клиенттері және әріптестері!

Сіздердің ізгі-ілтипаттарыңызға, мейірімді жүректеріңізге және бізге деген сенімдеріңізге алғысымызды білдіре отырып, назарларыңызға Қазақстанның 332-і балаларының денсаулығын және Өмірлерін сақтап қалуға көмектескен аталмыш акцияның қалай өткендігі жайлы ақпаратты ұсынамыз.

Жиналған қаражат алымы мен операцияға төленген қаражат сомасы 2.023.877 АҚШ долларын құрады.  Бұл сомаға тікелей ата-аналарынан келіп түскен қаражаттар жиынтығы және Қазақстандағы шетел дәрігерлері тарапынан жүргізілген операция құны енгізілмеген.

ЛУЗИНОВА ДАРИЯҒА КӨМЕК ҚАЖЕТ

Біз қиын жағдайдағы отбасыларға қолдарынан келетін көмектерін аямайтын адамдардың бар екенін білеміз. Сондықтан да көмекті қажетсінетін балалар жайлы сөз қозғауды міндет деп білеміз. «Дом» Қорының ұжымы, яғни, «Балаларға өмір сыйла» атты акцияның ұйымдастырушылары «Дом» қорына келіп түскен ата-аналардың өтініштерін, балалардың құжаттарын мұқият тексеретінін тағы бір мәрте ескертеміз.

Алматыда тұратын үш айлық Лузинова Дарияға шұғыл түрде көмек қажет!

Туған жылы: 15.06.2011
Тұрғылықты жері: Алматы қаласы
Диагнозы: туылысымен жүрек ауруы, өкпе артериясының атрезиясы, асқазан аралық ақауы.
Операция құны: 10000 АҚШ Долларынан жоғары

Лизуновалардың отбасылары кішкентай қызы Дарияның жүрегіне жасалатын операцияға қол ұшын беруде Сіздерден үлкен көмекті күтеді! Кішкентай қыз осы жылдың 15-ші маусымында дүниеге келген, оның жүрегінде күрделі ақау бар. Осындай сырқатқа қарамастан, бала дені сау болып өсуіне мүмкіндіктер бар. Бірақта Дарияға бірнеше операциялар жасау қажет. Самара қаласында Дарияға алғаш рет жасалған операция оның өмірін алып қалды десек қателеспейміз. Дарияның өмір сүруіне мүмкіндік сыйлаған Самаралық клиниканың дәрігерлеріне Дарияның ата-анасы алғыстарын жариялаудан жалықпайды. Міне, енді екінші операция жасау қажеттігі туындап отыр – бұл операция Дарияның дені сау толыққанды өмір сүруіне мүмкіндік болар еді. Отбасының жиған терген қаражаттарының барлығы алғашқы операцияның жасалуына кетті, бүгінгі күні әлі де сол операцияға жұмсалған қарыздарын өтеп жатыр. Дарияның анасы 3-ші топ мүгедек, сондықтан да кішкентай қызымен үйде отыр. Тек әкесі ғана жұмыс істейді, тапқан табыстың өзі қажетті заттар мен азық-түліктерден артылмайды. Біз өз тарапымыздан Лизуновтар отбасыларының үміттері ақталатынына сенім артамыз. Дария екінші операциясын жасатуға баратынына ниет етеміз!

ЕКІНШІ МҮМКІНДІК –ЯСТРЕБОВ СЕРГЕЙ

Туған жылы: 10.04.2011
Тұрғылықты жері: Орал қаласы
Диагнозы: туылысымен жүрек ауруы, қос қақпалы қолқа клапаны
Операция құны: 10 742 USD

Сергей – отбасында көптен күткен бала, анасының алдыңғы жүктілігі сәтсіз аяқталған болатын. Бірақ та ойламаған жерден келген қайғыны ешкім күтпеген еді. Кішкентай Сергей дүниеге келгенде дәрігерлер жүрек сырылы бар екенін бірден байқайды. Кардиологтың алғашқы тексерісінен кейін бала жүрек ауруымен туылғанын анықтады.

Алғашында өзін жақсы сезінген Сергейдің бойынан 3 аптадан соң сырқат өзінің белгісін бере бастады. Бірнеше рет ауруханаға түсті, дем алысы тартылып, бозара түсті. 2 ай ішінде баланың жағдайы күрт төмендеп, оның өмірін алып қалу үшін шұғыл операция жасау қажет болды.

Сергейдің ата-анасы қиын жағдайға тап болады. Оған үнемі қамқор қажет болғандықтан, анасы жұмыс жасамады. Балаға арналған жәрдемақы қажетті дәрі-дәрмектерден артылмайды. Сергейдің әкесі жалғыз өзі жұмыс жасайды, ал оның тапқан табысы тек ең қажетті заттарға ғана жетеді. Өздерінің баспаналары болмағандықтан, жас отбасы ата-аналарымен бірге тұрады. Ал Сергейді шетел клиникаларында жасалатын операцияға апару керек…

2011 жылдың 20-шы маусымында Сергей Самара кардиологиялық орталықтың балалар кардиохирургия бөліміне жатқызылады. Маусым айының соңында балаға жасалған операция сәтті аяқталады. Операция құнын «Балаларға өмір сыйла» акциясынан жиналған қаражатпен төленді. Бүгінгі күні Сергей ата-анасының қасында, өзін жақсы сезінеді. Сергейге мықты денсаулық тілеп, тезірек сауығып кетуіне тілектеспіз!

Қысқаша есепті  «Милосердие» қайырымдылық қоғамы» қоры дайындады.  Барлық мәліметтердің анықтығын білу үшін, сондай-ақ қосымша ақпараттар алу үшін «Дом» кеңсесіне хабарласыңыздар:

Галина Кветкина және Светлана Селюнина
«ДОМ» қорының координаторлары
Тел.  +7 727 267 66 46
E-mail: miloserdie2006@rambler.ru
Web: www.detdom.kz

«Балаларға өмір сыйла» атты акцияның қысқаша түрдегі есебі

20.07.2011

Қымбатты «Балаларға өмір сыйла» акциясының қатысушылары – «Құс жолы» Қорының және Қазкоммерцбанктің қызметкерлері, клиенттері және әріптестер!

Сіздердің ізгі-ілтипаттарыңызға, мейірімді жүректеріңізге және бізге деген сенімдеріңізге алғысымызды білдіре отырып, назарларыңызға Қазақстанның 312-і балаларының денсаулығын және Өмірлерін сақтап қалуға көмектескен аталмыш акцияның қалай өткендігі жайлы ақпаратты ұсынамыз.

Қымбатты акцияға қатысушылар балаларға жедел операцияларды жасауға қажетті қаражатты жинау мақсатында сайтта «Балаларға өмір сыйла» акциясына қайырымдылықты online арқылы айдару кезінде 7 684 206 теңге жиналды.

«Балаларға өмір сыйла» акциясының ұйымдастырушылар командасы «Құс жолы» қоры мен Қазкоммерцбанкке online арқылы қайырымдылық жасауды ұйымдастырғаны үшін ризашылықтарын білдіреді.

СӘТТІ ӨТКЕН ОПЕРАЦИЯЛАР
Біз операциялары сәтті өткен нәрестелер мен оның отбасыларын құттықтаймыз, операциядан кейін тез сауығып кетулеріне тілектеспіз!

Рахым Айлин
Туған жылы: 12.12.2010
Тұрғылықты жері: Жамбыл облысы Төле би ауылы
Диагнозы: туылысымен жүрек ауруы. Жалпы артериалды бағанасы. Митралды клапанның жетіспеушілігі.
Операция құны: 19016 АҚШ Доллары

4 айлық Айлин туылысымен жүрек ауруына шалдығады. Сондықтан да оған тез арада операция жасау керек болды. Айлин бірнеше тексерістен өтті, соңғысын Сызғанов атындағы хирургия орталығында өткен болатын. Дәрігерлер бұл балаға Қазақстанда операция жасауға мүмкіндіктің жоқтығын, тек ресей клиникаларында ғана операция жасау керектігі жайлы қорытынды жасады. Бұл өте қымбат операция, отбасы 19000 АҚШ долларын көлемінде қаражат жинау керек. Айлиннің ата-анасы Жамбыл облысында үш баланы асырап отырған өте қарапайым адамдар. Олар өздіктерінен бұндай қаражатты жинай алмады. Ал баланың жағдайы күннен күнге нашарлап, дереу хирургиялық қатысу қажет болды.

2011 жылдың 30 маусымында Айлинге Новосибирск қаласындағы ҒЗИ-ның қан айналым патологиясында жасалған операция сәтті өтті. Бұл операцияны «Балаларға өмір сыйла» акциясының щеңберінде төленді. Бүгінгі күні Айлин үйінде, өзін жақсы сезінуде. Сондықтан да біз оның толық сауығып кетуіне тілектеспіз!

БАЛАЛАР ЖАЙЛЫ ЖАҢАЛЫҚТАР
Бүгінгі күні Самар кардиологиялық орталығының кардиохиругия балалар бөлімінде біздің бірнеше балаларымыз емделіп жатыр.

Рехимжанова Назугум
Туған жылы: 21.12.2010
Тұрғылықты жері: Алматы облысы Панфилов ауданы Пенжім ауылы
Диагнозы: туылысымен жүрек ауруы.
Операция құны: әлі белгісіз. Тәжірбиеге сүйенсек бұл операцияға 7000 АҚШ Доллары қажет.

Бұл баланың жүрегі қатты ауырсынады. Назугумге Қазақстанда жасалынбайтын операция қажет. Бұндай операцияны жасауға отбасының қаражаты болмады. Өйткені Назугумнің ата-анасы ауылдық жерде тұрады, жұмыстары тұрақсыз, болған күннің өзінде күнделікті азық-түліктен артылмайды.

Хайрмуллина Айша
Туған жылы: 24.02.2011
Тұрғылықты жері: Орал қаласы
Операция құны: әлі белгісіз. Тәжірбиеге сүйенсек бұл операцияға 7000АҚШ Доллары қажет.

Айша әлі кішкентай, жасқа да толмады. Туылғанға дейін ешқандай сырқат өзінің бар екендігін білдірмеген. Туылғаннан кейін де денсаулығы сыр бермеген. Бірақта өмірінің алғашқы айының соңына қарай бала көреге бастаған, сондықтан да оны жаңа туғандардың патологиясының бөліміне ауыстырады. Айшаның жағдайы бірақ жақсарғаннан кейін оны диагностикалау орталығы жібереді, тексерістен кейін туылысымен жүрек ауруы деген диагноз қояды.

Грищенко Ярослав
Ярослав Томск ҒЗИ-ның балалар кардиохирургия бөлімінде жатыр.
Туған жылы: 01.11.2010
Тұрғылықты жері: Алматы қаласы
Диагнозы: туылысымен жүрек ауруы, ортақ жүректің қан қуысы, магистральді түтіктің транспозициясы.
Екінші операцияның құны: 10172 АҚШ доллары.

2011 жылдың 12 қаңтарында Ярословқа Томск ҒЗИ-ның балалар кардиохирургия бөлімінде жасалған операциясы жақсы өтті. Бұл операцияны «Балаларға өмір сыйла» акциясының щеңберінде төленді. Бүгінгі күні балаға екінші мәрте операция жасау керек, осы жолы 10172 АҚШ доллары қажет.



Жантұрсынова Дильназ

Дильназ қазір Мәскеу қаласының Бакулев атындағы жүрек-тамыр ауруларының ғылыми орталығының балалар бөлімінде жатыр.
Туған жылы: 13.08.2004
Тұрғылықты жері: ШҚО, Семей қаласы
Диагнозы: туылысымен жүрек ауруы, ашық артериалды жолдары, жоғары ЖЖ ФК 2 жоғары гипертензия.
Екінші операцияның құны: 10495 АҚШ доллары.

2010 жылы Дильназ 6 жасқа толды. Оған мектепке бару керек. Дильназға мектеп құрал-жабдықтары керек: киім, портфель. Ал бұл Дильназ үшін өте қуанышты сәт. Бұл қызға әлі де ауыр заттарды көтеруге тыйым салған, сондықтан да дене шынықтыру сабағынан босату үшін Экокардиограманны өткізу керек болды. Тексерістен кейін Дильназдың бойынан жүректегі үлкен өзгерістерді көрсеткен.

Грицаева Саша
Саша Турнер атындағы ҒЗИ-ның балалар ортопедия орталығында емделуде жатыр.
Туған жылы: 28.11.2006
Тұрғылықты жері: Тараз қаласы
Диагнозы: туылысымен сол шынтақтағы сүйегі олақ, сол сүйектің эктродактилиясы.
Екінші операцияның құны: әлі белгісіз. Тәжірбиеге сүйенсек бұл операцияға 7000 АҚШ Доллары қажет.

Саша 2006 жылдың 28 қарашасында туа біткен сол шынтақтағы сүйегі олақ, сол сүйектің эктродактилиясы диагнозымен дүниеге келеді. Бұл дегеніміз Сашаның қолы мен аяғы дамымай қалған. Бала құрсақта болғанда сырқат сыр білдірмеген. Кішкентай қызын көрсетпеген дәрігері қалмаған Сашаның анасы қандай диазногбен ауыратынын біле алмай қояды. 2 жылдан соң дәрігерлер бұл қызға Қазақстанда ешқандай көмектің болмайтынын айтады.

Қысқаша есепті  «Милосердие» қайырымдылық қоғамы» қоры дайындады.  Барлық мәліметтердің анықтығын білу үшін, сондай-ақ қосымша ақпараттар алу үшін «Дом» кеңсесіне хабарласыңыздар:

Татьяна Семенова
«ДОМ» қоры жобаларының кураторы
ұялы тел. +7 777 138 57 88
E-mail: miloserdie2006@rambler.ru

Галина Кветкина және Светлана Селюнина
«ДОМ» қорының координаторлары
Тел.  +7 727 267 66 46
E-mail: miloserdie2006@rambler.ru
Web: www.detdom.kz

«Балаларға өмір сыйла» атты акцияның қысқаша түрдегі есебі

20.07.2011

Қымбатты «Балаларға өмір сыйла» акциясының қатысушылары – «Құс жолы» Қорының және Қазкоммерцбанктің қызметкерлері, клиенттері және әріптестер!

Сіздердің ізгі-ілтипаттарыңызға, мейірімді жүректеріңізге және бізге деген сенімдеріңізге алғысымызды білдіре отырып, назарларыңызға Қазақстанның 312-і балаларының денсаулығын және Өмірлерін сақтап қалуға көмектескен аталмыш акцияның қалай өткендігі жайлы ақпаратты ұсынамыз.

СӘТТІ ӨТКЕН ОПЕРАЦИЯЛАР
Біз операциялары сәтті өткен нәрестелер мен оның отбасыларын құттықтаймыз, операциядан кейін тез сауығып кетулеріне тілектеспіз!

Жұмабек Алуа
Туған жылы: 15.07.1996
Тұрғылықты жері: Алматы қаласы
Диагнозы: туылысымен жүрек ауруы. Митралды клапанның жетіспеушілігі.
Операция құны: 15576 АҚШ Доллары

2011 жылдың мамыр айының 6-шы жұлдызында Алуаға Томск ҒЗИ-ның кардиохириргия балалар бөлімінде операция жасады. Диагнозы: ИҚ жағдайындағы митральді клапанның пластикасы.
БАЛАЛАР ЖАЙЛЫ ЖАҢАЛЫҚТАР
Бүгінгі күні бірнеше балалар клиникаларда емделіп жатыр:

Вакасов Олжас
Туған жылы: 17.05.2010
Тұрғылықты жері: Семей қаласы
Диагнозы: веноартериялық түсіріліспен көк типтегі туылысымен жүрек ауруы. Орталық жүйке жүйесінің гипоксикалық зақым, 1 дәрежедегі церебральді имемия, нейрофлекторлы қозу синдромы, қиын кезең.

Екінші операцияның құны: кем дегенде 7000 АҚШ Доллары

2010 жылдың аяғында қайырымды адамдардың көмегінің арқасында Олжасқа операция жасалды. Операция Томск ҒЗИ-ның кардиохириргия балалар бөлімінде өтті. Бұл операцияны «Балаларға өмір сыйла» атты акция шеңберінде жиналған қаражатпен төледі.

Бір айдан асқан соң Олжасқа суық тез тие бастайды және салмағы жағынан қалыпты салмаққа жете алмай келеді. Олжасқа қайта операция жасау қажет, сондықтан да ата-анасы өздерінің ұлын аман алып қалу үшін қайтадан отандастарынан көмек сұрайды.

Қысқаша есепті  «Милосердие» қайырымдылық қоғамы» қоры дайындады.  Барлық мәліметтердің анықтығын білу үшін, сондай-ақ қосымша ақпараттар алу үшін «Дом» кеңсесіне хабарласыңыздар:

Татьяна Семенова
«ДОМ» қоры жобаларының кураторы
ұялы тел. +7 777 138 57 88
E-mail: miloserdie2006@rambler.ru

Галина Кветкина және Светлана Селюнина
«ДОМ» қорының координаторлары
Тел.  +7 727 267 66 46
E-mail: miloserdie2006@rambler.ru
Web: www.detdom.kz

«Балаларға өмір сыйла» атты акцияның қысқаша түрдегі есебі

20.07.2011

Қымбатты «Балаларға өмір сыйла» акциясының қатысушылары!

Сіздердің ізгі-ілтипаттарыңызға, мейірімді жүректеріңізге және бізге деген сенімдеріңізге алғысымызды білдіре отырып, назарларыңызға Қазақстанның 312-і балаларының денсаулығын және Өмірлерін сақтап қалуға көмектескен аталмыш акцияның қалай өткендігі жайлы ақпаратты ұсынамыз.

Қымбатты акцияға қатысушылар балаларға жедел операцияларды жасауға қажетті қаражатты жинау мақсатында сайтта «Балаларға өмір сыйла» акциясына қайырымдылықты online арқылы аудару кезінде 7 353 758 теңге жиналды.

«Балаларға өмір сыйла» акциясынңы ұйымдастырушылар командасы «Құс жолы» қоры мен Қазкоммерцбанкке online арқылы қайырымдылық жасауды ұйымдастырғаны үшін ризашылықтарын білдіреді.

СӘТТІ ӨТКЕН ОПЕРАЦИЯЛАР
Біз операциялары сәтті өткен нәрестелер мен оның отбасыларын құттықтаймыз, операциядан кейін тез сауығып кетулеріне тілектеспіз!

Тойғанбек Рыскелді
Туған жылы: 02.03.2003
Тұрғылықты жері: Алматы қаласы
Диагнозы: туылысымен жүрек ауруы. Асқазан арасындағы қалқаның зақымдануы.
Операция құны: 4363 АҚШ Доллары

Рыскелді 2003 жылдың наурыз айының 2-ші жұлдызында Алматы облысы Райымбек ауданында дүниеге келді. Айы-күні жетіп туылмаған балаға түуберкулезге қарсы арналған вакцинаны егеді. 1 айдан кейін оған туберкулез деген диагноз қояды. Оның үстіне Рыскелді естімейді. Бұл қазірдің өзінде қорқынышты болмады. Туберкулез диспансерінде тексерістен кейін оған туылысымен жүрек ауруы, сонымен қатар асқазан арасындағы қалқаның зақымдануы деген диагноз қойды.

2004 жылдан бері Рыскелді қазақстанның барлық емдеу орталықтарына апарады. Барлық жерде жоғары өкпе гипортениясына байланысты жүрек кемістігіне операция жасаудан бас тартады. Дәрігерлер операцияның қажеттілігін айтқанымен, балаға операция жасауға батылы бармайды.

2010 жылдың желтоқсан айында Алматы қаласында Томск хирургтарының тегін кеңес беріп жатқандарын естіп, соларға көрсетеді. Ресей мамандары Рыскелдіге операция жасап, сырқаттың өршінің алдын алуға болатынын айтады. Осы сәтте ата-аналарының көзіне жарқын өмір ұялайды. Жақын арада жасайтын операцияға 4500  АҚШ доллары қажет болды.

2011 жылдың қыс мезгілінде Рыскелдіге Томск қаласында 2-ші рет операция жасады. Бұл операцияны «Балаларға өмір сыйла» акциясының щеңберінде төленді. Бүгінгі күні Рыскелді үйінде, өзін жақсы сезінуде. Сондықтан да біз оның толық сауығып кетуіне тілектеспіз!

БАЛАЛАР ЖАЙЛЫ ЖАҢАЛЫҚТАР
Бүгінгі күні біздің бірнеше балаларымыз емделу үстінде:

Метлицкая Елизавета
Туған жылы: 08.11.2007
Тұрғылықты жері: Алматы қаласы
Диагнозы: туылысымен жүрек ауруы, құрсақтағы миокард инфаркі. Инфарктен кейінгі кардиосклероз.
Операция құны: кем дегенде 7000 АҚШ Доллары қажет.

Елизавета 2007 жылдың қараша айының 8-ші жұлдызында Алматы қаласында дүниеге келді. Адамның репродукция Орталығына анасы қаралған уақытта, құрсақтағы баланың жүрегі асқынғандығын айтады. Дәрігерлер бала туыла салысымен шетінеп кететінін ескертеді. Жасанды түсік жасауға ұсыныс берді. Бірақта Лиза аман калды. Ол әлі де толыққанды бала болып өмір сүруі үшін оның мүмкіндіктері көп – Лизаның жүрегіне операция жасау қажет.

Жұмабек Алуа
Туған күні: 15.07.1996
Тұрғылықты жері: Алматы
Диагноз: Туабіткен жүрек тесігі, митралды клапаннның жеткіліксіздігі.
Операция құны: әзірше белгісіз. Тәжірибеге сүйенсек, бұндай операцияның құны 7 000 USD төмен емес.

Алуа өте әлсіз өсіп келеді: бронхитпен жиі аурады, пневмония, баспа ауруы. Алуа –өте қайырымды қыз. Саясатпен айналысып, елге көмектескісі келеді.  Кітап оқығанды, ән айтқанды, спортпен айналысқанды ұнатады. Алайда тез шаршап қалатындықтан оған тұрақты түрде спортпен, бимен айналысуға мүмкіндік жоқ. Денсаулығына байланысты сабағына жиі қатыспаса да, Алуа жақсы оқиды.

2010 жылдың желтоқсан айында Алуаны Томск қаласының балалар кардиолгиясы және хирургиясы Ұлттық зерттеу институтының кардиохирургтары қарап, митралды клапан жеткіліксіздігін қалпына келтіру  үшін операция жасау қажеттігін айтты. Алуа қазір өтпелі кезең жасына  келді. Сондықтан оның жүрегі ағзасының белсенді өсуіне шыдамауы мүмкін.


Вакасов Олжас
Туған жылы: 17.05.2010
Тұрғылықты жері: Семей қаласы
Диагнозы: веноартериялық түсіріліспен көк типтегі туылысымен жүрек ауруы. Орталық жүйке жүйесінің гипоксикалық зақым, 1 дәрежедегі церебральді имемия, нейрофлекторлы қозу синдромы, қиын кезең.
Екінші операцияның құны: кем дегенде 7000 АҚШ Доллары

2010 жылдың аяғында қайырымды адамдардың көмегінің арқасында Олжасқа операция жасалды. Операция Томск ҒЗИ-ның кардиохириргия балалар бөлімінде өтті. Бұл операцияны «Балаларға өмір сыйла» атты акция шеңберінде жиналған қаражатпен төледі.

Бір айдан асқан соң Олжасқа суық тез тие бастайды және салмағы жағынан қалыпты салмаққа жете алмай келеді. Олжасқа қайта операция жасау қажет, сондықтан да ата-анасы өздерінің ұлын аман алып қалу үшін қайтадан отандастарынан көмек сұрайды.

Итакова Амира
Туған жылы: 20.09.2009
Тұрғылықты жері: Алматы облысы Талғар қаласы
Диагнозы: туылысымен жүрек ауруы. АВК жеңіл гипертензия. Даун синдромы.
Операция құны: 7000 АҚШ Доллары

Амира 3 жасқа келгенде оның отбасы көмек сұраған. Бұл қыз туылысымен жүрек ауруымен дүниеге келген. Операцияны шұғыл түрде жасау керек болды, өйткені оның өмірі қыл үстінде еді. Бірақта оған жасалатын операция Қазақстанда жасалынбайтын еді. Амираны құтқарудың жалғыз амалы шетелде жасалатын операция болды. Операция 3000 АҚШ Долларын құрады. Бірақта Амираның ата-анасы бұл ақшаның өзін төлей алмады, өйткені, отбасында 3 бала, әкесі жұмыста, анасы үйде отыр. Үлкен қыздары мектепте оқиды. Бірақта күннен күнге баланың денсаулығы әлсірей бастады. Қазақстандықтардан көмек сұрау Амираның ата-анасының ішкі айғайы болды. 2010 жылдың 29 қаңтарында Томск ҒЗИ-нің кардиологиясында Амираға операция жасалды. Жыл өткенімен, бұл қызға екінші рет операция қажет болып тұр.

Қысқаша есепті  «Милосердие» қайырымдылық қоғамы» қоры дайындады.  Барлық мәліметтердің анықтығын білу үшін, сондай-ақ қосымша ақпараттар алу үшін «Дом» кеңсесіне хабарласыңыздар:

Татьяна Семенова
«ДОМ» қоры жобаларының кураторы
ұялы тел. +7 777 138 57 88
E-mail: miloserdie2006@rambler.ru

Галина Кветкина және Светлана Селюнина
«ДОМ» қорының координаторлары
Тел.  +7 727 267 66 46
E-mail: miloserdie2006@rambler.ru
Web: www.detdom.kz

«Балаларға өмір сыйла» атты акцияның қысқаша түрдегі есебі

20.07.2011

«Балаларға өмір сыйла» атты акцияның қысқаша түрдегі есебі

Қымбатты «Балаларға өмір сыйла» акциясының қатысушылары!

Сіздердің ізгі-ілтипаттарыңызға, мейірімді жүректеріңізге және бізге деген сенім білдіргендеріңізге алғысымызды білдіре отырып, назарларыңызға Қазақстанның 307-і балаларының денсаулығын және Өмірлерін сақтап қалуға көмектескен аталмыш акцияның қалай өткендігі жайлы ақпаратты ұсынамыз.

2011 жылдың наурыз айының 18-ші жұлдызы, Алматы қаласы – «Балаларға өмір сыйла» акциясының ұйымдастырушы аралық қорытынды жөнінде есеп берді. Акцияның бастау алғаннан және 2011 жылдың 18-ші наурызы аралығында 1785190 АҚШ доллар қаражат жиналды.

Есеп беру пресс-конференциясы формальді емес жағдаятта – қазақстандық рок-топтың концертін өткізу түрінде өтті. Бұл шара алғысы шексіз ата-аналарға, езулері жиылмаған балаларға және дені сау өмірге мүмкіндік алған «Балаларға өмір сыйла» акциясының қатысушыларына толы болды.

КӨМЕКТІ ҚАЖЕТСІНЕТІН БАЛАЛАР
Қазіргі кезде келесі балаларға көмек өте қажет:

Итакова Амира
Туған жылы: 20.09.2009
Тұрғылықты жері: Алматы облысы Талғар қаласы
Диагнозы: туылысымен жүрек ауруы. АВК жеңіл гипертензия. Даун синдромы.
Операция құны: 7000 АҚШ Доллары

Амира 3 жасқа келгенде оның отбасы көмек сұраған. Бұл қыз туылысымен жүрек ауруымен дүниеге келген. Операцияны шұғыл түрде жасау керек болды, өйткені оның өмірі қыл үстінде еді. Бірақта оған жасалатын операция Қазақстанда жасалынбайтын еді. Амираны құтқарудың жалғыз амалы шетелде жасалатын операция болды. Операция 3000 АҚШ Долларын құрады. Бірақта Амираның ата-анасы бұл ақшаны өзі төлей алмады, өйткені, отбасында 3 бала, әкесі жұмыста, анасы үйде отыр. Үлкен қыздары мектепте оқиды. Бірақта күннен күнге баланың денсаулығы әлсірей бастады. Қазақстандықтардан көмек сұрау Амираның ата-анасының ішкі айғайы болды. 2010 жылдың 29–шы қаңтарында Томск ҒЗИ-ның кардиологиясында Амираға операция жасалды. Жыл өткенімен, бұл қызға екінші рет операция қажет болып тұр.

ӨМІР СҮРУГЕ ЕКІНШІ МӘРТЕ МҮМКІНДІК АЛУ: ГРИЩЕНКО ЯРОСЛАВ
Туған жылы: 01.11.2010
Тұрғылықты жері: Алматы қаласы
Диагнозы: туылысымен жүрек ауруы. Ортақ жүректің қан қуысы. Магистральді түтіктің транспозициясы.
Операция құны: 6297 АҚШ Доллары

Ярослав әлі сәби – ол өткен жылдың 1-ші қарашасында дүниеге келген. Ол жүрек ауруы, ортақ жүректің қан қуысы, магистральді түтіктің транспозициясы деген диагнозбен өмірге келеді. Бұл жүрек ауруының ең ауыр түрі. Дәрігерлер бір ауыздан оған операция жасау керек деген шешімді қабылдаған. Бірақта оны Қазақстанда жасау мүмкін болмас еді. 2010 жылдың желтоқсан айында Ярославтың анасы Алматыға қайырымдылық кеңес берумен келген Томск кардиологтарына оны көрсетеді. Дәрігерлер қаңтар айының аяғына дейін операция жасалынбаса, сырқаттың асқынып кететіндігін айтқан. Томск қаласының клиникасы баланы кезексіз қабылдайтынын айтады. Бірақта бұл операцияға 7000 АҚШ доллар көлемінде қаражат керек болды. Ярославтың ата-анасы екі баланы асырап отырған қарапайым отбасы. Анасы декретті демалыста, ал әкесінің тапқан табысы бала-шағаның тамағынан асып жетілмейді. Ал уақыт күннен күнге қысқарып барады. Ярославтың өмір сүргісі келеді. 2011 жылдың 12–ші қаңтарында Ярославқа Томск ҒЗИ-ның кардиологисының балалар бөлімінде операция жасалады. Операцияның құнын «Балаларға өмір сыйла» акциясынан түскен қаражаттан төленген. Бүгінгі күні бала үйінде, аман-есен, денсаулығы өте жақсы. Балаға мықты денсаулық тілеп, ұзақ ғұмыр тілейміз!

СӘТТІ ӨТКЕН ОПЕРАЦИЯЛАР

Мошечкова Виктория
Туған жылы: 08.12.2010
Тұрғылықты жері: Ақмола облысы Макинка ауылы
Диагнозы: туылысымен жүрек ауруы, ортақ жүрек қуысы, магистральді түтіктің транспозициясы, жеңіл көктамырдың аномальді  дренажы.
Операция құны: 6297 АҚШ Доллары

Виканың отбасы Ақмола облысы Макинка ауылында тұрады. Вика әлі кішкентай – 2010 жылдың желтоқсан айында дүниеге келген. Сәбиге туылысымен жүрек ауруы, ортақ жүрек қуысы, магистральді түтіктің транспозициясы, жеңіл көктамырдың аномальді  дренаж диагнозын қояған. Дүниеге келісімен Виканы дереу Көкшетаудағы ауруханаға жатқызады. Ал бір айдан соң Виканы Астанадағы Ұлттық ғылыми медициналық орталыққа операция жасауға жібереді. Бірақта ол жақта операцияны жасау қаражаттың аздығына орай, оларға бас тартады. Қазақстанда Виканың операциясы белгісіз мерзімдерге қалдырылады. Баланың жүрегі әлсіз сондықтан да оны кейінге қалдыруға болмайды. Виканың ата-анасы Томск ҒЗИ-ның кардиологисына хабарласады. Бірақта балаға 7000 АҚШ доллар көлемінде қаражат жинау керек болатынын айтады. Қарапайым қазақстандық отбасыға бұндай қаражатты осындай қысқа уақытта табу оңай болмайды. 2011 жылдың 27-ші қаңтарында Викаға Томск ҒЗИ-ның кардиологисында операция жасалынады. Операция сәтті өтіп, дәрігер жақсы диагноз қояды. Бұл операцияға қаражатты «Балаларға өмір сыйла» акциясына жиналған қаражаттан бөлінген. Қазір Вика үйінде, денсаулығы жақсы. Оған үлкен зор денсаулық тілейміз.

Хонатбекұлы Аманбол
Туған жылы: 07.01.2011
Тұрғылықты жері: Алматы қаласы
Диагнозы: туылысымен жүрек ауруы, аортаның бикуспидальді клапаны, аортальді клапанның стенозы.
Операция құны: 9500 АҚШ Доллары

2011 жылдың ақпан айында оған Аджибад қаласындағы Түрік клиникасының кардиохирургиясының балалар бөлімінде операция жасайды. Қазір баланың жағдайы жақсы, оған мықты денсаулық тілейміз!

БАЛАЛАР ЖАЙЛЫ ЖАҢАЛЫҚТАР
Қазіргі кезде бірнеше біздің балалар Томск ҒЗИ-ның кардиологиясында емделуде жатыр.

Шетенов Рамазан
Туған жылы: 19.09.2009
Тұрғылықты жері: Қарағанда қаласы
Диагнозы: туылысымен жүрек ауруы
Операция құны: 15777 АҚШ Доллары

2010 жылдың наурыз айының соңында Рамазанға Томск ҒЗИ-ның кардиохирургиясының балалар бөлімінде операция жасайды. Бірінше операцияның жасалғанына 10 ай өтсе де, бүгінгі күні Рамазанға екінші мәрте операция жасауға қаражат керек.

Чапай Әлихан
Туған жылы: 28.02.2010
Тұрғылықты жері: Алматы  облысы Белбұлақ ауылы
Диагнозы: туылысымен жүрек ауруы, ДМПП, ДМЖП, толық түрдегі АВК, Даун синдромы.
Операция құны: 7090 АҚШ Доллары

Әлихан бірақ суықтап қалса да, дене қысымы көтерілсе де, сырқат өзінің бар екенін білдіреді. Сол кезде бала реанимацияға түседі, ал дәрігерлер үнемі оның өмірін алып қалу үшін күреседі.

Садуақасов Іслам
Туған жылы: 08.12.2007
Тұрғылықты жері: Қарағанды қаласы
Диагнозы: туылысымен жүрек ауруы, неравматикалық кардит, НК1 орта дәрежедегі ауырлықтағы атриовентрикулярлы толық блокада типі бойынша жүрек қызметінің бұзылуы.
Операция құны: 10068 АҚШ Доллары

Іслам 3 жаста. Оған туылысымен жүрек ауруы, неравматикалық кардит, НК1 орта дәрежедегі ауырлықтағы атриовентрикулярлы толық блокада типі бойынша жүрек қызметінің бұзылуы деген диагнозы қойылды. Оның өміріне кардиостимулятор өте қажет. Сәл ауырлықты сезінсе, Ісламның тыныс тартылады, шаршап қалады, тез терлейді және тәбеті болмайды.

Санкт-Петерьург қаласындағы Г.И.Турнер атындағы ғылыми-зерттеушілік балалар ортопедиялық институты:

Зияданов Берікхан
Туған жылы: 27.08.1996
Тұрғылықты жері: Шығыс Қазақстан облысы Аягөз қаласы
Диагнозы: туылысымен артрогрипоз
Операция құны: 3425 АҚШ Доллары

«Өзінің жас екендігіне қарамастан, менің ұлым басынан қаншама қиыншылықтар мен мұқтаждарды, көз ілмеген қаншама ұйқысыз түндерді, буындағы ауырсынуды көтере алмай жылаған күндерін кез келген ересек адамдар басынан кешіре аламас», — дейді Берікханның анасы.

Бұл қысқаша есепті «Мейірімділік» еріктілер қоғамы қорының тарапынан әзірленді.  Барлық мәліметтерді және қосымша ақпараттарды алу үшін төмендегілерге хабарласыңыздар:

Қысқаша есепті  «Милосердие» қайырымдылық қоғамы» қоры дайындады.  Барлық мәліметтердің анықтығын білу үшін, сондай-ақ қосымша ақпараттар алу үшін мына кеңсеге хабарласыңыздар:

Татьяна Семенова
«ДОМ» қоры жобаларының кураторы
ұялы тел. +7 777 138 57 88
E-mail: miloserdie2006@rambler.ru

Саломат Назарова және Галина Кветкина
«ДОМ» қорының координаторлары
Тел.  +7 727 267 66 46
E-mail: miloserdie2006@rambler.ru
Web: www.detdom.kz