«Балаларға өмір сыйла» ұзақмерзімді акциясына қатысу

01.03.2011

Достар!

Міне 5 жыл бойы Қазкоммерцбанк және «Құс Жолы» қайырымдылық қоры «Балаларға өмір сыйла»  теңдессіз ұзақмерзімді акциясына белсенді атсалысып келеді.

Біз Қазақстанда денсаулығын түзей алмайтын, ата-аналарының шет мемлекеттерде балаларын емдетуге қаржысы жоқ, жедел операцияға зәру балалар үшін Хоумбанк қаржылық порталы арқылы қаржы жинауды ұйымдастырамыз.

Сонымен бірге «Казкоммерцбанк» АҚ акциясының есепшотына түскен қаржыны мақсатты түрде пайдаланатынымызға кепілдік бере аламыз. Осы акция мақсатында өзге банктерде де есепшоттар ашылған, бірақ біз тек қана КАЗКОМ-да ашылған есепшотқа ғана жауап бере аламыз. Осы есепшоттан қазақстандық балалардың операциясына және өзге елдің клиникасына емделуіне қаржы төленеді.