Қазкоммерцбанк қызметкерлеріне балалардың алғысы

09.11.2010

Құрметті Қазкоммерцбанк қызметкерлері!

«Балаларға өмір сыйла» акциясының ұйымдастырылуы және өткізілуіне қосқан үлестеріңіз үшін Сіздерге деген алғысымыз шексіз!

Сіздердің назарларыңызға «Дом» қорының соңғы жаңалықтарынан ақпараттар ұсынамыз.

Өткен операциялар

Операциядан өткен балалар мен олардың отбасыларын құттықтаймыз, әрі олардың тез арада сауығып кетуіне тілектеспіз!!!

Анжела Плотникова

Тұрғылықты жері: Алматы
Диагнозы: Кент типті қосалқы жүрекалды-қарыншалық жалғаудың радиожиілік аблациясы. Өкпе артериясының клапандарының жетіспеушілігі. Кішкентай бұлшық ет ДМЖП. Манифестный WPW. ХСН 2. ФК 3.
Операция құны: 7 328 АҚШ доллары
Анжела Томск ҒЗИ-нің кардиохирургия бөлімінің балалар бөлімшесіне 2010 жылдың 25 тамызында жатқызылған болатын. сол жылдың 30 тамызында Томск ҒЗИ кардиохирургия бөлімінің балалар бөлімшесінде Анжелаға операция жасалды. Кент типті қосалқы жүрекалды-қарыншалық жалғаудың радиожиілік аблациясы.

Әйгерім Қалиуханова

Туған жылы: 29.06.2004
Тұрғылықты жері: Алматы
Диагнозы: туа біткен НК2 А жүрек саңлауы.
Операция құны: 5 105 АҚШ доллары 2010 жылдың 26 тамызында Әйгерім Томск ҒЗИ кардиохирургия бөлімінің балалар бөлімшесіне жатқызылған болатын. 2010 жылдың 2 қыркүйегінде Томск ҒЗИ кардиохирургия бөлімінің балалар бөлімшесінде Әйгерімге операция жасалды: ИК мен КХКП жағдайындағы атрио-вентрикулярлық байланыстың интермиттелетін түрінің радикалдық түзілуі

Олег Ложкин

Туған жылы: 21.09.2008

Тұрғылықты жері: Алматы
Диагнозы: Туа біткен жүрек саңлауы ДМЖП
Операция құны: 5 500 АҚШ доллары

Олег 2010 жылдың 1 қыркүйегінде Томск ҒЗИ кардиохирургия бөлімінің балалар бөлімшесіне жатқызылған болатын. 2010 жылдың 9 қыркүйегінде Томск ҒЗИ кардиохирургия бөлімінің балалар бөлімшесінде Олегке операция жасалды: Ашық артериалдық ағымның «Amplatzer» құрылғысын қолдану арқылы жасалатын окклюзиясы