Алғыс кітабы

2011 жылдың 7-ші маусым айында «Құс жолы» қоры және «Қазкоммерцбанк» АҚ-ы Тараз қаласына және оның тұрғындарына Абай даңғылындағы қалалық саябақта орнатылған «Алғыс кітабы» атты мүсіндік іргетастың тұсар кесерін өткізді. Тараз қаласына және оның тұрғындарына арналған бұл сыйлық еліміздің және банктің 20 жылдығына орай жасалынған болатын.

Аталмыш композицияның басты элементі беттері сәндік стильмен қақталған ою-өрнегі бар темір кітабы болып табылады. Қалалық сәулетшілер «Алғыс кітапқа» өзіндік ерекше бере отырып, бұл аталмыш мүсін Тараз қаласының тұрғындары мен қонақтарына арналған символикалық орынға айналмақ. Өйткені өмірге келген адам алғыс айтар адамы бар, ал бұл аталмыш Кітап сол жайлы тағы бір мәрте еске түсіретін болады. Сонымен қатар «Құс жолы» қоры және Қазкоммерцбанк «Алғыс кітабы» орналасқан саябақтың көркеюіне де үлесін қосты.

Мүсіндік композициямен және саябақтың көркеюіне аталмыш Қордың тарапынан 1 миллион теңге көлемінде қаржы бөлінді.

Тараз — Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына және Қазкоммерцбанктің құрылғанына 20 жылдығына орай «Құс жолы» қорының инициативасы бойынша «20 қайырымды істер» атты республикалық мерейтойлық жобаның аясында сыйлықтармен марапаттау өткен алтыншы қала болып табылады.

«Көркейтілген саябақ – біздер үшін жасалған құнды сыйлық, сонымен қатар бизнес компаниялардың жергілікті қауымдастыққа немқұрайлы қарамай, қамқорлық көрсетудің жарқын мысалы болып табылады», — деді өз сөзінде қалалық әкімшіліктегі жоспарлау және экономика бөлімінің бастығы Қосымов Кенжеғали.

«Бұл саябақтың қала тұрғындарына өте қымбат және құнды екенін түсінгеннен кейін біз өз тарапымыздан қала Әкімінің қала тұрғындарына жаңа саябақты сыйға тарту идеясын құптадық», — дейді «Қазкоммерцбанк» АҚ-ы Жамбыл филиалы директорының орынбасары Қасымов Арман мырза.