Домбыра – ұлы Құрманғазы есіміне арналды

16-шы қыркүйекте «Құс жолы» қайырымдылық қоры және «Қазкоммерцбанк» АҚ-ы қала күніне орай Орал қаласының тұрғындарына мүсіндік композицияны сыйға тартты.

Ұлы Құрманғазы есіміне орай жасалынған қазақ халқының ұлттық музыкалық аспап мүсіні Достық даңғылы бойындағы «Қазкоммерцбанк» АҚ-ның Орал филиалының алдында орналастырылды, бұл мүсінді қаланың назар аударарлық тағы бір орны деп есептеуге болады. Бұл «20 қайырымды істер» атты республикалық акциясының аясында жасалынған тоғызыншы сый болып табылады. Мүсіндік композицияны жасауға Қор тарапынан 1 млн теңгеге жуық қаражат бөлінді. Идеяның авторы – атақты қазақстандық модельер Ақкенже Девятко.

«Домбыра» — халық ескерткіші. «Құс жолы» қайырымдылық қоры мен «Қазкоммерцбанк» АҚ-ның басшыларына қаланың сәулет өнерін дамытуға және қаланың сыртқы көрінісіне көрсеткен қамқорлығы үшін ризашылығымызды білдіреміз», — деді Орал қаласы әкімінің орынбасары Владимир Дремасов мырза.

«Стильге келтірілген домбыра – бұл қалаға берілген сыймен қатар, ұлы домбырашы, қазақтың халық композиторы, музыканты, біздің жерлесіміз Сағырбай Құрманғазы атамызға көрсетілген үлкен құрмет. Аталмыш мүсін қазақ халқының музыкалық мәдениеті мен өнерінің дамуына қосылған үлкен үлес деп санаймыз», — деді «Қазкоммерцбанк» АҚ-ы Орал филиалының директоры Руслан Каржауов мырза.