Екiбастұз қаласы «Бейбітшілік пен татулықты» монументті

«Құс Жолы» қайырымдылық қоры мен Қазкоммерцбанк Екібастұз қаласы мен оның тұрғындарына «Бейбітшілік пен татулықты» бейнелейтін монументті табыс етті. Айта кететін жайт, аталған монумент республикалық «20 игі шара» атты акцияның шеңберінде жасалған жиырмасыншы, яғни соңғы сый болды.

Биіктігі 7,5 метрді құрайтын мүсіндік композиция бағанасының үстінде глобус орналастырылып, жердің жарты белдігінде кептерлер «жайғасқан». Сәулетшілердің идеясы бойынша, бұл монумент Қазақстандағы барлық халықтың бірлігі мен достығын, бейбітшілік пен татулығын бейнелейді.

Жобаның салтанатты ашылу рәсімінде жергілікті тұрғындар композиция орналасқан жер жастардың міндетті түрде келіп тұратын орнына айналатынына сенім білдірді. Өйткені композиция қала орталығында орналасқан. Аталған жобаға «Құс Жолы» қоры шамамен 1,3 млн.теңге бөлген болатын.

«Бейбітшілік пен татулық» монументі – бұл жай ғана әдемі мүсіндік композиция емес, сондай-ақ Қазкоммерцбанктің қаланың көркеюі мен безендірілуіне қосқан елеулі үлесі, — деді Екібастұз қаласының әлеуметтік мәселелер жөніндегі әкімнің орынбасары Айгүл Марданова. – Бұл композиция әлі талай жылдар бойы тұрғындарымызға баршамыздың ортақ үйімізге молшылық алып келетін әлемде өмір сүрудің маңыздылығын бейнелейтін болады».

Өз кезегінде сөз алған Қазкоммерцбанктің Екібастұз филиалының директоры Ерсін Демеуов жобаны жүзеге асыруға қолдау көрсеткен қала әкіміне алғысын айтып, былай деді: «Мүсіндік композиция әрдайым қала мен республикамызда өтіп тұратын маңызды шаралар барысында Екібастұз тұрғындарын біріктіретін символ болатынына сенеміз».

«Құс Жолы» қайырымдылық қоры мен Қазкоммерцбанк Екібастұздағы монументті аша отырып, Қазақстан Республикасының 20-жылдығына және банк негізінің қалауына 20 жыл толуына орай 2011 жылы ұйымдастырылған республикалық «20 игі шара» акциясын аяқтады. Өткен жыл бойы республиканың 16 қаласында архитектуралық ескерткіштер мен ландшафтар орналастырылып, тұрғындарға арналған мәдени шаралар өткізілді.

«20 игі шара» акцияның нәтижесіне баға бере отырып, түсінушілік білдіріп, қолдау көрсеткен жергілікті билік өкілдеріне алғыс айтқымыз келеді. Әлеуметтік бастамаларды, мәдениет пен денсаулық сақтау салаларын қолдау мен дамыту – біздің жұмысымыздың маңызды бөлігі», — деп ойымен бөлістіҚазкоммерцбанктің басқарушы директоры, «Құс Жолы» қайырымдылық қорының президенті Мағжан Әуезов.

Бизнестің корпоративті әлеуметтік жауапкершілігін жүзеге асыра отырып, банк қоғамның тұрақты дамуына жағдай жасау бойынша жұмысын жалғастыра бермек.