Павлодардағы мәңгілік махаббаттың символы

8 желтоқсан 2011 ж., Павлодар – Павлодар қаласының орталығындағы жаңа саябақта болаттан жасалған «Мәңгілік махаббат» композициясының ашылу рәсімі болып өтті. Аталған композиция «Құс Жолы» қайырымдылық қоры мен Қазкоммерцбанктің Павлодар қаласы мен оның тұрғындарына жасаған сыйы.

«Мәңгілік махаббат» мүсіндік композициясы биіктігі 2,5 м. құрайтын дарбазадан, ал оның негізгі элементі күнге ұмтылған қос тырнадан құралған. Тырна денсаулық, ұзақ ғұмыр мен махаббаттың белгісі болса, қос тырна берік махаббаттың символы болып есептеледі. Ал мүсіндік композиция орналасқан саябақ халық арасында махаббат саябағы болып аталып кетті.

Аталған композицияға «Құс Жолы» қоры 1 млн. теңге көлемінде бюджет бөлген болатын. «Мәңгілік махаббат» композициясы – Қазкоммерцбанк пен «Құс Жолы» қорының «20 игі шара» республикалық акцияның шеңберінде жүзеге асырып жатқан 15 жобасы. Аталған акция ҚР Тәуелсіздігінің 20-жылдығына және банктің 20 туған күніне арналған шара.

«Аталған жобаны жүзеге асыру барысында Қазкоммерцбанк пен қала әкімдігінің арасында меморандумға қол қойылды. Бүгін біз сәтті серіктестіктің нәтижесін өз көзімізбен көріп тұрмыз. Енді «Мәңгілік махаббат» композициясы қала тұрғындарын қуантып, саябақты ажарландырып қана қоймай, сондай-ақ қаламыздың тағы бір символына айналады», – деді Павлодар қ. әкімі Оразгелді Қайыргелдинов.

«Қазкоммерцбанктің Павлодар филиалы мен қала әкімдігінің арасындағы жақсы қатынастың арқасында қаламыздың тұрғындарына осындай сый жасай алдық. Мүсіннің идеясын, дизайнерлік шешімін, дарбазаның орналасуын біз бірігіп шештік», – деді Қазкоммерцбанктің Павлодар филиалының директоры Берік Шапатов.