Петропавлдың шырша аллеясы

Петропавлда «Құс Жолы» қорының және КАЗКОМ-ның «Қала күні» жобасы басталды

2-сәуір 2011 жыл – Қазкоммерцбанк қызметкерлері Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығына және банктің қаланғанына 20 жыл толуына орай ұйымдастарылған «Қала күні» атты әлеуметтік жобаның шеңберінде Петропавл орталығында шыршалар аллеясын отырғызды.

Банк және «Құс жолы» қайырымдылық қорының жергілікті әкімдіктермен бірлесіп жүзеге асырып отырған жобаның негізгі идеясы – банктің филиалдары орналасқан Қазақстанның 20 қаласының тұрғындарына маңызды сый жасау.

Ұзақ ғұмыр мен тұрақтылықты білдіретін бес метрлі жиырма шыршадан тұратын аллея Петропавлдың бас сәулетшісінің ұсынысы бойынша банк қызметкерлерімен қала орталығындағы Жамбыл Жабаев атындағы саябақта отырғызылды.

«Біз қаламызға елеулі әрі көркем сый жасауға тырыстық», — деп атап өтті Қазкоммерцбанктің Петропавл филиалының директоры Ерлан Қожабергенов.

Қоғам үшін пайдалы жобаларды жүзеге асыру, Қазкоммерцбанк ұстанатын бизнестің әлеуметтік жауапкершілікті принциптерінің бірі болып табылады. БҰҰ Ғаламдық Шартына 2005 жылы қосылған банк негізгі қайырымдылық және әлеуметтік бағдарламаларды «Құс Жолы» қоры арқылы жүзеге асырады. Айта кететін жайт, экономикалық дағдарыс кезінде де банк аталған бағдарламаларға бөлінетін қаражат мөлшерін азайтпады.

«Негізгі бизнестен басқа жергілікті қоғамның өміріне қатысу, әлеуметтік бастамаларды, мәдениет бағдарламаларын және денсаулық сақтауды қолдау және дамыту біз өз қызметіміздің маңызды бөлігі деп санаймыз», — деді Қазкоммерцбанктің басқарушы директоры Мағжан Әуезов.

«Қала күні» жобасы енді Қазақстанның басқа да қалаларында жалғасады.