Семей қаласының жасыл сыйлығы

Шыршаның 79 жас көшеттері — Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына және «Қазкоммерцбанк» АҚ-ның құрылғанына 20 жылдығына орай «Құс жолы» қорының тарапынан Семей қаласының тұрғындарына арналған сыйы.

29 сәуір күні Қабылбаев көшісінен Қаржайбай ұлы және Дастенов көшесіне дейін қазкомдықтар шырша аллеясын отырғызып, қала тұрғындарына арналған мереке ұйымдастырды. Семей қаласының ақыл-ойдық мектептің алаңында мерекелік концерт өткізілді, құрметті азаматтар сөз сөйледі. «Қазкоммерцбанк» АҚ-ы мен «Құс жолы» қоғамдық қорының тарапынан қала тұрғындарына жасалған іс-шараны қалалық әкімшілік және «Семей қаласындағы физика-математикалық бағыттағы «Н.Назарбаев атындағы интелектуалды мектебі» қолдады.

Аллеяға шыршаларды отырғызуға ШҚО-ның әкімі Б.М.Сапарбаев, Семей қаласының әкімі А.М.Кәрімов, Семей қаласындағы «Қазкоммерцбанк» АҚ-ы филиалының директоры А.Т.Хощанов, сонымен өатар 11-ші сыныптың оқушылары мен мұғалімдері ат салысты. Кез келгені бір-бірден ағаш отырғызып, шетте қалмауға тырысты.

«Бұл аталмыш іс-шара өз уақытында жүргізілініп отыр, өйткені республика бойынша қалалық аймақты көгалдандыру бағдарламасын қолдау жүріп жатыр»,- дейді ШҚО-ның әкімі Б.М.Сапарбаев.

«Шыршалар аллеясы тектен тек Қабылбаев көшесінің бойымен және интелектуалды мектептің бойына орналасқан жоқ. Біз өз тарапымыздан қаланың жақсы бейнесін болашақ ұрпаққа мұра ретінде қалдырып, оларға жақсы тәрбие беруіміз керек. Мектеп оқушылары бірінші сыныптан бастап 11-ші сыныпқа дейін шыршалардың қалай өскендігін бақылап өсетін болады»,- дейді «Қазкоммерцбанк» АҚ-ы Семей филиалының директоры А.Т.Хощанов мырза.

«Меніңше біздің қызметкерлер, мектеп оқушылары, менің жерлестерім, көшеде өткендерге өте қызықты болған сияқты, өйткені барлығы бір тал екседе, қол ұшын созды», — деп «Қамкоммерцбанк» АҚ-ның Семей филиалының ЖСБ-нің бастығы Г.Қабдылқакова өзінің ойымен бөлісті.