Шынайы махаббат адалдығы

30-шы қыркүйекте Ақтау қаласында неке қию Сарайының алдындағы алаңда «Қазкоммерцбанк» АҚ-ы мен «Құс Жолы» қайырымдылық қорының тарапынан ҚР Тәуелсіздігінің 20-жылдығына және банктің құрылғанына 20 жыл толуына орай жүзеге асырылып жатқан «20 қайырымды істер» атты республикалық акцияның шеңберінде қала тұрғындарына арналған «Аққудың адалдығы» атты композициялық мүсіннің салтанатты ашылуы болып өтті.

Аталмыш композиция шынайы, адал және пәк махаббаты бейнелейтін қос ақ аққудан жасалынды. Қазақ нақышындағы ою-өрнегінің стиліндегі аққулар киіз үй тәріздес болып жасалынды, сондай-ақ ол неке қию Сарайының сәулетін толықтыра түсті.

О баста «Аққудың адалдығы» монументін жасау идеясын айтылғанда, бұл аталмыш орын сүйіп қосылған жандардың ортақ қуаныштарына айналатыны жоспарланған болатын.
«Аққудың адалдығы» композициясы әрдайым махаббат сезімі туралы айтып тұратын жағдайға жетсін. Қымбатты ақатулықтар, бір-бірлеріңе сеніңдер, махаббаттарың берік ұзағынан болсын», — деп тілегін білдірді Ақтау қаласының әкімі Қазақбаев Оспан мырза.

«Аққудың адалдығы» композициясы — үміттің символы ретінде жүректерінде махаббат сезімі алаулаған жандардың арман-тілектері айтылатын орынға айналып, тілек тілеуді дәстүрге айналса деген біздің о бастағы ойымыз болатын», — деп ойын білдірді «Қазкоммерцбанк» АҚ-ы Ақтау филиалының директоры Сатқынов Әбіл мырза.

Ақтау – Банк пен Қор тарапынан сый-сияпаттарға қол жеткізіп отырған реттік сан бойынша он бірінші қала болып есептеледі. Сондай-ақ Қазақстанның әлі де тоғыз қалаларында бос уақытты өткізетін және қаланың назар аударарлық жеріне айналатынын орындардың салтанатты ашылу шаралары болады.