Степногорск қаласына арналған сахналық тұғыр

Маусым айының 24-ші жұлдызында «Қазкоммерцбанк» АҚ-ы және «Құс жолы» қайырымдылық корпоративті қоры Степногорск қаласының 47 жыл толуына орай қала тұрғындарына әмбебап сахналық тұғырды сыйға тартты. Бұл сахналық тұғыр Орталық алаңда «Горняк» орталық мәдениет үйінің алдында қалалық әкімшілік ғимаратының жанында орналастырылды.

Осы аталмыш қалада орналасқан сахнаның басты артықшылығы оның мобильділігінде болып тұр. 8 секциядан құралған жинақы құрылым ұзындығынан да, сонымен қатар квадрат түрінде де жиналады. Ал баспалдақ көтерілімін сахнаның кез келген жеріне орналастырса да болады. Осындай жан-жағынан икемді келетін сахналық тұғыр түрлі қалалық іс-шараларға ыңғайлы болатын еді.

Степногорск – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына және «Қазкоммерцбанк» АҚ-ның құрылғанына 20 жылдығына орай «Құс жолы» қорының инициативасы бойынша «20 қайырымды істер» атты республикалық мерейтойлық жобаның аясында сыйлықтармен марапаттау өткен жетінші қала болып табылады. Сахналық тұғырды орнату үшін Қордың тарапынан 500 000 теңге көлемінде қаражат кетті.

«Сахналық тұғыр – бұл Қазкоммерцбанк тарапынан аталмыш қаланы көркейтуге және қоғамға деген қамқорлығын көрсетуге деген шынайы үлесі болып табылады. Бұндай іс-шара қаланың тағдырына немқұрайлы қарамайтын жеке компаниялардың белсенді қатысуларына ықпал ете алатын жарқын мысал болады деп ойлаймын», — дейді Степногорск қаласының әкімі Никишов Андрей мырза.

Степногорск қаласындағы «Қазкоммерцбанк» АҚ-ы Көкшетау филиалы бөлімінің бастығы Жаңабергенов Ерлан өз сөзінде аталмыш жобаға қолдау көрсеткені үшін қала әкіміне ризашылығын білдіріп, «біздің тарапымыздан жасаған сыйлығымыз Степногорск қаласының тұрғындарын кез келген қуанышта біріктіретін символға айналатынына сенім білдіреміз» деп нық айтты.