Дәрігер Аяз Ата

Дәрігер Аяз Ата балаларға сыйлықтар сыйлап, мереке ұйымдастырумен қатар, олардың сауығып кетулеріне үлкен көмегін тигізеді.

2011 жылы Қазкоммерцбанк және «Құс жолы» ҚҚ-ы келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен «церебральді сал ауруымен» ауыратын балаларды құттықтады. Аурухана қабырғасында Аяз ата мен Ақшақар балаларға сыйлықтар беріп, олардың көңілдерін көтеруге мерекелік іс-шара ұйымдастырды. Ертегілер әлемінің кейіпкерлерімен бірге балалар шыршаны айнала ән айтып, тақпақ оқыды.

Қазкоммерцбанк және «Құс жолы» ҚҚ-ның тарапынан балалардың жоғары және төменгі бұлшық еттерін және қозғалыс қабілеттерін жетілдіруге бағытталған арнайы жаттығу құрылғысын сыйға тартады. «Құс жолы» ҚҚ-ы банктің басқа филиалдарымен біріге отырып, республикамыздың 20 шақты балаларға арналған медициналық мекемелеріндегі балалардың тиімді емделуіне және оңтайландыруына интенсивті курс өткізу мақсатында 20 жаттығу құрылғысын сыйға берді.

Жаттығу құрылғылары берілген мекемелердің тізімдері

Аталмыш жаттығу құрылғылары тірек-қимыл қозғалыстары бұзылған балалардың оңтайландыруына арналған, сондай-ақ халықаралық сертификатқа ие, мамандар тарапынан жағымды пікірлер берілді. Жаттығу құрылғысы балалар мен жасөспірімдердің денелерін шынықтыруға, олардың бұлшық еттерін нығайтуға өте пайдалы, оларды төзімділікке, иілгіштікке үйретеді. «Төсек тартып қалған» балаларға бұл жаттығу құрылғысының маңыздылығы зор.

Қазкоммерцбанктің екі қайырымдылық мәдени жобасының аясында, яғни, Олег Меньшиков театр серіктестігінің гастролінен және Грэмми Терии лайн Кэррингтон премиясының номинанттары – американдық джазалық музыканттарының және «Mosaic project» тобының тарапынан берілген концерттен түскен қаражаттарға тірек-қимыл қозғалыстары бұзылған балалардың оңтайландыруына арналған 20 шақты жаттығу құрылғысын алынды.

Осымен төрт жыл көлемінде «Құс жолы» ҚҚ-ы Қазақстанның ірі қалаларындағы Қазкоммерцбанктің филиалдарымен біріге отырып, «Дәрігер Аяз ата» жобасын жүзеге асырып келеді. Бұл аталмыш акцияның маңыздылығын атап өтсек, «Құс жолы» ҚҚ-ы ұзақ уақыттар бойы өмірлерін оңтайландыру орталықтарында немесе ауруханаларда өткізуге тура келетін балалардың денсаулықтарын жақсартуға бағытталған дамытушы және оңтайландыру құрылғыларын сыйға тартып, өмірлеріне жарқындық беріп келеді.

Жобаның тарихынан қысқаша мәліметтер:

2010 жылы Дәрігер Аяз Ата Қазақстан Республикасының барлық аймақтарындағы 20 балалар туберкулезіне қарсы мекемелерінде болып,балаларға жаңа жылдық сыйлықтар мен ойыншықтар табыс етті, ал медициналық мекемелерге соңғы үлгідегі заманауи диагностикалық аппараттар – бинокулярлық Leika 500 микроскоптары берілді. Сондай-ақ, Алматы қаласындағы №1 туберкулезге қарсы санаторийге заманауи үлгідегі рентген құрылғысы қойылды.

2009 жылы республикамыздың 13 қаласындағы БЦП (балалар церебраль параличі) ауруымен ауыратын балалары бар сауықтыру орталықтарға көп функциялы жаттығу құрылғылары, денсаулықты нығайтатын және дамытатын опор-қозғаушы аппараттар табыс етілді. БЦП ауруынан емдейтін процесс көп уақытты қажет етеді. Емдеу барысында жаттығулар жиынтығы мен емдеу денешынықтыру курстарын дұрыс таңдаған абзал.Сондықтан, Дәрігер Аяз Ата сауықтыру орталықтарын дамытатын аппараттармен толтыруға тырысты.

2008 жылы Дәрігер Аяз Ата еліміздің 18 қаласындағы балалар туберкулез диспансерлеріне караокесі бар үй кинотеатрларын сыйға тартты.Бұл сыйлықты таңдауының сыры, туберкулез ауруымен ауыратын балаларға ән салу және жалпы жеке тонусын көтеру қажеттігінен туындап отыр. Сондықтан сыйлық көңілді, қуанышты, тосын жасалғандығымен ғана ерекшеленбейді, әрі балалардың денсаулығына пайдалылығымен де құнды.