«Қазкомның шәкіртақысы» атты білім жобасы

«Қазкомның шәкіртақысы» атты білім жобасы – бұл 2007 жылдан бері «Құс Жолы» қорының тарапынан іске асырылып келе жатқан жоба. Аталмыш жоба материалдық жағдайы нашар отбасылардан шыққан және үлгірімі үздік студенттерге атаулы шәкіртақыны грант түрінде ұсынумен ерекшеленеді. Жобаның ұзақтылығы 10 ай — бір оқу жылы.

Жобаның басталған кезінен бастап еліміздің 25 жоғары оқу орындарының 3-4 курстың бакалаврлары, яғни, 100-ден аса студенттер Қазкомның шәкіртақысына ие болды. Бір студентке тиесілі гранттың сомасы 180000 теңгені құрайды.

2012-13 оқу жылдарында аталмыш жобаға еліміздің 16 қаласынан 19 оқу орны қосылды.

Жобаның негізгі критериялары төмендегідей:

  1. студенттің жақсы үлгірімі (жобаға тек 3 «жақсы» деген бағалар жіберіледі);
  2. мемлекеттік гранттың немесе басқа компаниялар қаржыландырып отырған гранттың иегерлері жобаға жіберілмейді;
  3. Қазком шәкіртақысына үміткерге қойылатын критерияның бірі – отбасындағы материалдық жағдайдың нашарлығы.

«Құс Жолы» Қоры білім жобасында студенттердің экономикалық білім алуын бірінші орынға қоймайды. Керісінше, техникалық, медициналық және гуманитарлы-әлеуметтік мамандарға басты назар аударады.

«Қазкомның шәкіртақысын» алуға қажетті құжаттар тізімі

«Қазкомның шәкіртақысы» атты білім жобасының қатысушы-оқу орындарының тізімі

Қазком шәкіртақысын алушылардың тізімі 2012-13 ж.