Періште

Сіз – менің періштемсіз!

Біздің мемлекетімізде күнделікті, өмірінің бірінші уақытында шұғыл медициналық көмекке зәру сәби дүниеге келеді екен. Мұндай сәбилер өз періштесіне мұқтаж. Сіз, осындай сәбидің өмірін құтқарып қалуға үлес қосқан «періштенің» бірі бола аласыз.

Балалардың суреті бейнеленген халықаралық Visa төлем картасын таңдай отырып, Сіз бірден «Періште» қайырымдылық жобасының қатысушысы атанып, Қазақстанда ана мен сәби өмірін сақтап қалуға бағытталған іс-шараларға қатысасыз.

Сауда мен сервисті ұсынатын кәсіпорындарда, сондай-ақ Интернетте карточкамен тауар мен қызметті өтесеңіз, Қазақстанның түрлі аймағындағы қалалық, ауылдық және аудандық емханаларына қажетті реанимациялық құрылғылар сатып алу үшін (бұл туралы ақпарат төменде көрсетілген) өткізілген транзакция сомасының 0,15 %-ы тікелей «Періште» жобасының шотына келіп түседі.

Бұл, Қазкоммерцбанк, Visa Inc халықаралық төлем жүйесі мен "Құс Жолы" қоғамдық қайырымдылық қорының бірлескен қайырымдылық жобасы.

Өз картаңызбен неғұрлым көп төлем жүргізсеңіз, соғұрлым көп қаражат "Құс Жолы" қорына «Періште» жобасының шотына түседі.

Төлем карталары арқылы жинақталған сомаға банк өзінің қаражатынан қайырымдылық үлесі ретінде екіден үш бөлігін қосады. Нәтижесінде, перзентаханаларға қажетті қымбат құрал-жабдықтарды сатып алуға қажетті жобаның соңғы бюджеті құралады. 

2008-2013 жылдардан бері жоба, дүние есігін жаңадан ашқан сәбилердің өмірін құтқару үшін, Қазақстанның 5 перзентханасы мен операциялық бөлімдеріне жалпы сомасы 142,6 млн теңгені құрайтын медициналық құрал-жабдықтарды орнатты.

ҚР денсаулық сақтау Министрлігінің деректері бойынша, дәл осы жылдары сәби өлімі екі есе азайған екен! Ал, 2013 жылы 2012 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 16% азайған. Сәби өмірін сақтап қалу жетістігіне өз үлесін қосқан Қазкоммерцбанк клиенттерінің көмегі де аз емес!

«Періштенің» ең алғашқы жобасы 2009 жылы Алматы облысының Іле аудандық ауруханасы болды. Visa қайырымдылық картасының ұстаушыларының арқасында «Періште» жобасы ауруханаға кювездер (әлсіз сәбилердің тыныс алуы үшін арнайы инкубаторлар) интенсивті терапия бөлмесіне арнайы транспорттық инкубаторлар, жаңа туған сәбидің анатомия мен физиологиясын есептейтін өз спецификасы бар өкпе желдеткішіне арналған жасанды қондырғылар, ультрадыбысты диагностика жасайтын аппарат сатып алды. Іле аудандық орталық ауруханасы жабдықталған соң бірінші жылдардың өзінде балалар өлімі 7 есеге азайған.

2011 жылы Балқаш қаласындағы Орталық аурухананың перзентхана бөлімі жабдықталды. Оған: операциялық үстел жиынтығы, операциялық көлеңкесіз жарық беруші, ашық реанимациялық жүйе (жаңа туғандар үшін жылыту жүйесі), фототерапияға арналған фиброоптикалық жүйе, жылжымалы рентгендік диагностикалық аппарат, ультрадыбысты диагностикалық жабдық  жиынтығы, екі фазалы портотивті дефибриллятор, акушерлік кереует және тағы басқа да қажетті құралдар тапсырылды. Бірінші жылдың өзінде-ақ, сәби өлімі көрсеткіші орташа 23 % төмендеп, өмір сүру көрсеткіші 90 % өсті.

2012 жылы «Періште» қайырымдылық жобасы Шығыс-Қазақстан облысы Ұржар аудандық ауруханасына жалпы сомасы 25,3 млн теңгені құрайтын 13 атауы бар, 22 құрылғыдан тұратын замануи медициналық кешенді сыйлады. Шығыс Қазақстан облысындағы жоба БҰҰ-ның Балалар қоры (ЮНИСЕФ) мен ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен өтті. Ауылдық ауруханаларда босану бөлімшелеріне арналған жеке жансақтау бөлімдері жоқ салдарынан, табысталған жаңа құрал-жабдықтар жиынтығы жас босанған аналармен қатар, басқа да пациенттерге  қызметін ұсынып келеді.

Ал, 2013 жылы қор, 80 мың тұрғынға қызмет етіп жүрген Жамбыл облысындағы Меркелік Орталық ауруханасындағы операциялық блокты толығымен жабдықтады. Ауруханада екі операциялық блок жұмыс істеуі тиіс еді, алайда, осы уақытқа дейін тек біреуінде ғана түрлі оталар жасалып келген. Міне, сол себептен «Құс Жолы» гинекологиялық және перзентахана бөліміндегі операциялық блокты толығымен жабдықтауды маңызды деп санады.   

2008 жылдан бастап, Қазкоммерцбанк 15 мыңнан артық қайырымдылық төлем карталарын шығарды. Қазіргі кезде айналымда 8 000 жуық карта бар.

Егер де, Сіз қайырымдылық жобасына қосылып, жаңадан туылған сәбилердің періштесі болғыңыз келсе, банк бөлімшесіндегі менеджерден балалар суреті бейнеленген төлем картасын шығаруды сұраңыз.

 

 

 

 

 

 

* Visa Electron және Visa Classic карталарының жылдық қызмет көрсету үшін тарифтер  

№ п/п

Қызметтің түрі

Тарифтер

 

Құс Жолы Visa Electron картасы бойынша

1

Бірінші жылы картаға жылдық қызмет көрсету

990 теңге

2

Екінші жылы және басқа жылдары картаға жылдық қызмет көрсету

800 теңге

 

Құс Жолы Visa Electron картасы бойынша «Чартис Қазақстан Сақтандыру Компаниясы» АҚ сақтандыру сертификаты берілмесе

1

Бірінші жылы картаға жылдық қызмет көрсету

990 теңге

2

Екінші жылы және басқа жылдары картаға жылдық қызмет көрсету

800 теңге

 

Құс Жолы Visa Electron картасы бойынша «Чартис Қазақстан Сақтандыру Компаниясы» АҚ сақтандыру сертификаты берілсе

1

Бірінші жылы картаға жылдық қызмет көрсету

5 900 теңге

2

Екінші жылы және басқа жылдары картаға жылдық қызмет көрсету

3 900 теңге

Visa Electron және Visa Classic карталарының банк шығаратын басқа карталардан өз ерекшелігі бар, ол карталардың бетіндегі әрленім. Карталардың әрленімін "USP" жарнама агенттігі мүмкіндігі шектеулі балалардың суреттерін қолданып, ақысыз түрде ұсынды. Ал, жобаны іс-жүзіне асыру аясында, жарнама материалдарының әрленімдерін "Pozitive" коммуникациялар тобы мен "Despoint" дизайн-студиясы бірлесіп, тегін жасаған.