Балқаш қаласындағы орталық аурухана

«Періште» қайырымдылық жобасының 2011 жылғы үшінші нысаны — Балқаш қаласындағы Орталық аурухана болды.

17 мамырда аурухананың босану бөліміне құны 25 млн. теңгелік  жаңа замануи медициналық құрал-жабдықтар ресми түрде берілді.

Балқаш қаласындағы аурухананың босану бөлімін таңдауға, оның республикалық босану орталықтарынан қашықтықта болуы әсер етті. Ауруханаға тек қана қала ғана емес, жақын маңдағы ауылдардың да тұрғындары жүгініп жатады. Осыған орай медициналық жабдықтардың әлемдік талаптарға сай болуы аса маңызды.

Босану бөлімінің ескі жабдықтарын жаңасымен алмастыру үшін аурухананың қажеттіліктері сараланды, нәтижесінде  аурухана басшылығы мен дәрігерлері, сондай-ақ «Медико-инновациялық технология» мамандарымен жаңа кешеннің құрылымы келісіліп, толықтай  жаңа замануи жабдық жеткізілді.

«Біз «Құс жолы» қоры мен Қазкоммерцбанкке бағасыз сыйлығы үшін алғыс білдіреміз. Өйткені бұнда ана мен баланың өмірі тұр. Тәжрибесі мен  біліктілігі жоғары біздің мамандар енді тиімді жұмыс істей алады. Бұндай жабдықтармен біз Алматы мен Астананың жетекші босану бөлімдерімен теңесе аламыз», — деді Балқаш қалалық аурухананың бас дәрігері Татьяна Мустафина.

Жабдықтар кешеніне қажеті құралдар енгізілді:  жабдықтың кешенi