2008 жыл. Біз майданның куәгерлері арасында аз қалдық

«Құс жолы» Қайырымдылық Қорының сонау 2005 жылдан бастап жыл сайынғы дәстүрге айналып отырғаны – бұл Қазкоммерцбанктің салымшы-қатысушыларын, Ұлы Отан Соғысының қатысушы ардагерлерін «Ұлы Жеңіс» мерекесімен «Бейбіт өмір сүру құқығы үшін алғыс білдіреміз» атты акциясы арқылы құттықтау болып табылады.

2008 жылы Қазақстанның 22 қаласынан, яғни, Астана, Ақтау, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Балқаш, Жезқазған, Қарағанды, Қостанай, Көкшетау, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Семей, Талдықорған, Орал, Өскемен, Шелек, Шымкент, Екібастұз, Зыряновск қалаларынан 1000-ға жуық ардагерлерді ақшалай құттықтаған едік (2005 жылы «Бейбіт өмір сүру құқығы үшін алғыс білдіреміз» акциясының 57 қатысушылары, банктің 1056 салымшылары).

Қазкоммерцбанк филиалдарының қызметкерлері 4 жыл бойы ардагерлерге мерекелік кештерді ұйымдастырғаны үшін «Бейбіт өмір сүру құқығы үшін алғыс білдіреміз» акциясының қатысушыларын құттықтайды. Ардагерлер «Құс жолы» Қоры мен «Қазкоммерцбанк» АҚ–ның барлық қызметкерлеріне оларды жыл сайын ұмытпағандары үшін үлкен ризашылықтарын білдіреді.

Енді толығырақ айтсақ …

«Бұндай мерекеде тек жергілікті билік органдары ғана құттықтайтын. Ал мына жағдаятта банкке ақша салуды шештім. Банк ақшамды сақтап, көбейтіп, тіптен бізді ұмытпай мерекелерімізбен құттықтайды. Ал осы жылы сыйлықтармен бірге Павлодардың пісірілген нанын әкелді, барлығымыз шәй іштік, осының өзі керемет сезім емес пе… Кәртайған біз сияқты қарт адамдарға бұдан басқа не керек, аспанымыз ашық, тамағымыз тоқ, бейбіт өмір үшін күрескен бізді осылай еске алып, құрмет жатқанының өзі біз үшін қуаныш», — деп ағынан жарылған 80 жастағы ҰОС-ның ардагері, Павлодар қаласының тұрғыны Федор Данилович Залата.

«Құс жолы» Қорының, Павлодар филиалының және Павлодар әкімдігінің қолдауымен орталық алаңда Ұлы Отан Соғысының ардагерлеріне дала асханасы ұйымдастырылды.

«Ардагерлердің өзі мықты күш-жігермен келеді. Олармен әңгімелесудің өзі көп нәрсеге үйретеді. Олардың көздерінен қуанышты көрудің өзі біз үшін бақыт. Оларға ұзақ өмір тілейміз!» — дейді ҚКБ Павлодар филиалының бөлім бастығы Василенко Татьяна Михайловна.

Тараз қаласындағы екі жұбайлар отбасылқ бюджетке салым салу банкін ұзақ уақыт таңдамады. Өйткені Қазкоммерцбанк мықты, бұл банкке адамдар үлкен сенім артады. Ал Ұлы Отан соғысының ардагері Михаил Григорьевич Троценко «Құс жолы» қорының ҰОС-ның ардагерлерін Ұлы Жеңіс күнінде банк салымшыларын жыл сайынғы құттықтау акциясы бар екенін естігенде қуанған еді. Енді барлық ардагерлерге айтатын болады.

«Денсаулықтарың мықты болсын! Ұмытпай құттықтап, ескергендеріңе мыңда бір алғыс!» — деп Михаил Григорьевич алғысын жаудырды.

«Құс жолы» Қоры аталмыш іс-шараның ойдағыдай өтуіне көмектерін аямаған банктің қызметкерлеріне-еріктілеріне ризашылықтарын білдіреді:

1. Огурцова Наталья Юрьевна – негізгі банк;
2. Сарсикеева Ләйлә Қанатқызы – Қарағанды филиалы;
3. Молдағазиев Данияр Аскарұлы – Шелек филиалы;
4. Ошуркова Татьяна Ильинична – Жамбыл филиалы;
5. Абдеева Инесса Марсовна – Талдықорған филиалы;
6. Жұматаев Сматай – Семей филиалы;
7. Ким Юрий Львович – Балқаш филиалы;
8. Зайсанбаева Жадыра Нұрылаева – Өскемен филиалы;
9. Мутик Олеся Юрьевна – Зыряновск филиалы;
10. Вагнер Ольга Юрьевна – Көкшетау филиалы;
11. Цыганеско Валентина Федоровна – Ақмолы филиалы;
12. Сұлтанғазин Талғат Сарсенбайұлы – Петропав филиалы;
13. Василенко Татьяна Михайловна – Павлодар филиалы;
14. Петухова Евгения Валерьевна – Екібастұз филиалы;
15. Джайлаубаева Айнұр Қайржанқызы – Атырау филиалы;
16. Латыпова Роза Куанышевна – Орал филиалы;
17. Озаева Сәуле Мухитдиновна – Шымкент филиалы;
18. Улановская Татьяна Станиславовна – Қостанай филиалы;

19. Тағаниязова Назгүл Қуанышқызы – Ақтау филиалы;
20. Жұбаева Назгүл Балтабекқызы – Ақтөбе филиалы;
21. Қоныртаева Мадина Нұрланқызы – Теміртау филиалы;
22. Югай Сергей Витальевич – Қызылорда филиалы.

«Бейбіт өмір сүру құқығы үшін алғыс білдіреміз» акциясы банктің қызметкерлері мен клиенттерін біріктіреді.