"Жұлдыздарға қара" - "Посмотри на звезды"

«Жұлдыздарға қара» – «Посмотри на звезды» қайырымдылық байқау жобасы – мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған және олардың жеке өзіндік бизнес-идеяларын іске асыру мақсатында және әлеуметтік теңсіздікті төтеп беруде ақшалай гранттарды беру арқылы кәсіпкерлікті дамыта отырып, олардың талпыныстарын қолдауға бағытталған.

2012 жылдан бастап «Жұлдыздарға қара» – «Посмотри на звезды» жобасы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту Қорының» бірлесуімен жүзеге асырылып келеді. Ал жобаның ақпараттық серіктестері өз аймақтарында жобаның барысы, грант алушылардың жетістіктері жайлы хабарлап отырады.

Сонымен, «Құс Жолы» мен «Даму» Қорлары мүмкіндігі шектеулі азаматтарға бизнестерің өздері ашуға әрі дамытуды үйрену үшін байқау өткізу арқылы ықпал ету мақсатында өз ресурстарын біріктірді. Өз жеке бизнесің ашу арқылы байқауға қатысушылар қоғамда  өздеріне сенімді бола алатынына кәміл сенеміз.

Жобаның мақсаты:

·   Мүмкіндігі шектеулі адамдарды жүйелі түрде қолдау;

·   Кәсіпкерлерді қолдау;

·   Мүмкіндігі шектеулі адамдарды қолдаудың тиімділігін арттыру.

2014 жылғы жобаның жалпы бюджеті – 16 млн теңгені құрап отыр. Бір адам өзінің бизнесін дамытуға, яғни  қажетті құрал-жабдықтарды алуға 20000 теңге көлеміндегі ақшалай грантты ұтып алуға мүмкіндігі бар.

Жобаға қатысу үшін өтінім формасын (орыс тілінде) толтыру қажет.

«Жұлдыздарға қара» – «Посмотри на звезды» жобасы – бұл байқау, сондықтан жеңімпаз ретінде тәуелсіз әділқазылар алқасы қарастырған барлық техникалық іріктеуден өткен адам ғана атанады.

Әділқазылардың құрамы:

1.аймақтағы «Даму» Қорының өкілі;
2. аймақтағы «Құс Жолы» Қорының өкілі – «Қазкоммерцбанк» АҚ-ның қызметкері;
3. аймақтағы ақпараттық серіктестің өкілі – тілші;

4.2012 жылдың байқау жеңімпазы;
5. мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтарын қорғау саласындағы ҮЕҰ-ның жетекшісі;
6. халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі сұрақтарымен айналысатын жергілікті атқарушы органның өкілі;
7. аймақтағы беделді кәсіпкер немесе кәсіпкерлер қоғамдық бірлестігінің өкілі;
8. аймақтағы беделді қоғам қайраткері – жобаның мақсаты және міндеттерін түсінетін құрметті ұстаз, әнші, композитор, ғалым, саясаткер, суретші, спортсмен және т.б.

Жобаға Қазақстан Республикасының 18 жастан асқан азаматтары, 1 және 2 топтың мүгедектері, бастамашы кәсіпкерлер (2012 жылдың 1-ші қаңтарына дейін жеке кәсібін алғаш рет тіркен), өз алдына кәсіби, азаматтық және жекелей мақсатты қоя білген өзінің іскерлігін, дағдыларын, тәжірбиесі мен білімін ұштастырғысы келетін адамдар қатыса алады.

Мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған байқауға қатысу үшін өтінімдерді «Даму» қорының аймақтық филиалдардың кеңселеріне тапсыру қажет. Аталған кеңселерде мүгедектігі бар адамдар «Даму» қорының қызметкерлерімен ақылдасып, бизнес-жоспарларын құруда көмек ала алады.

Жобаның ақпараттық серіктестері