«Жұлдыздарға қара» жобасының тарихы

«Жұлдыздарға қара» жобасы тұңғыш рет 2005 жылы Алматы қаласында «Комсомольская правда» газетімен біріге жүзеге асырылды. Жобаға 80 адам қатысты.

Бес жыл көлемінде «Жұлдыздарға қара» жобасына Қазақстанның 11-қалаларынан атап айтсақ, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Өскемен, Талдықорған, Тараз, Шымкент, Балқаш және Орал қалаларынан 548 адамдар қатысты.

Жоба мақсаты:

  • Мүгедекті бар адамдарға өз талантын көрсетуіне, олардың аяқтарынан нық тұрып кетулеріне және өз дарындылықтарын шыңдауға мүмкіндіктер беру,
  • Қоғамның назарын өздеріне аударту, қарапайым адамдар мен мүгедекті бар адамдардың арасындағы психологиялық кедергіні жою;
  • Мүгедекті бар адамдардың нақты қажеттілігін анықтау және келешекке деген өмірлік позицияны мақсат етіп ұстанған авторлардың еңбектерін байқау негізінде өтініштерін таңдау;
  • Бұл адамдарға грант негізінде қолдау көрсету.

Жоба механизмі:

Серіктестіктер:

«Жұлдыздарға қара» жобасы облыстық апта сайынғы серіктестіктермен тығыз қарым-қатынаста. Бес жыл көлемінде аталмыш жоба төмендегі серіктестермен іске асырылды:

Көкшетау – «Акмолинская правда» газеті
Балқаш – «Северное прибалхашье» газеті
Қостанай – «Наша газета» облыстық апталығы
Павлодар – «Обозрение недели» газеті
Талдықорған – «Огни Алатау» газеті
Орал – «Пульс города» газеті және т.б.

Тәуелсіз әділқазылар:

Әрбір қалада газет редакциясы журналистерінің қатысуымен, яғни, жобаның серіктестерімен грантқа өтініштер жиналды. Әділқазылар мүшелерінің құрамына кіретіндер:

Аталмыш қаланың мүгедектер қоғамының төрағасы
Әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамту бөлімінің бастығы
«Қазкоммерцбанк» АҚ-ы бөлімшесінің өкілі
Қалалық әкімшіліктің өкілі
Серіктес-газеттердің тілшілері
Беделді қоғам қайраткері

Жеке гранттар:

Әр жыл сайын кезең бойынша қабылданған өтініштер қабылданып, олар қарастырылады. Идеясы жемісті болып келетін немесе әділқазылар мүшелерін өз идеясымен сендірген  ізденушілер келесідей ақшалай грантқа ие болды:

2005 жылы бас жүлде — 50 мың теңгені құрады;

2010 жылы бас жүлде  – 100 мың теңгені құрады.

География:

Соңғы бірнеше жыл ішінде аталмыш жоба Қазақстанның әртүрлі қалаларында өткізілді: Алматы, Ақтөбе, Балхаш, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Талдықорган, Тараз, Орал, Өскемен және Шымкент. «Жұлдыздарға қара» жобасы республикамыздың ірі қалаларында ғана емес, сондай-ақ шалғайдағы шет аймақтардан да қолдау тапты: Бестөбе кеніші (Ақмола обл.), Железинка ауылы (Павлодар обл.), Лиманная ауылы (Қостанай обл.), Көлбастау ауылы (Жуалы а-н, Жамбыл обл.), Белоглинка ауылы (Карабалы ауданы, Қостанай обл.), К. Мыңбаев ауылы (Нура ауданы, Қарағанды обл.).

Бұл жоба әу-бастан мүгедектігі бар адамдарға материалдық тұрғыдан көмектесіп, олардың идеяларын шыңдауға бағытталуымен қатар, олардың өміріне үміт отын жандырумен де ерекшеленеді.  Бұл жоба мүгедектігі бар адамдардың үйлерінде мүгедектік арбасында бос отыруына емес, олардың еңбек етулеріне, өмірде жетістікке жетіп, нәтиже алуға бағытталған. Өмір сүру керек. Даму керек. Бәсекелестікпен күресу қажет.

Жобадан күтілімдер

Мүгедектігі бар адамдар келесідей жағдайға қол жеткізді:

Өздеріне деген сенімділікке;
Өзінің тағдырын басқара алуға;
Өмірге деген жаңа қарым-қатынас жасауға және қоғамда өз мүмкіндігін көрсетуге;
Мүгедектігі бар адамдар өздерінің өмірлік позицияларын өзгертіп, жаңа өмірлік мінез-қылықты қалыптастыруға;
Ешкімге жалтақтамай, өзін қамтамасыз етуге, отбасын құруға немесе сақтап алуға мүмкіндіктер алуға;
Өз еңбегімен қоғамға пайда әкелу мүмкіндігіне ие болды.

Қоғам келесідей жағдайға қол жеткізді:

Толыққанды, күшті рухтағы адамды тәрбиелеуге;

Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қарағанда қоғамға әлдеқайда қажетті болатын шығар, дегенмен бұл өз тарапынан түсініксіз болып көрінуі мүмкін. Алайда адам өзіне қандай да бір жағдай болмасын, өмір қалай өз сүрлеуіне салмасын, далада қалмайтынын сезінуі керек.

«Біздің көз алдымызда тағдырдың тәлкегіне соқтығысқан оншақты, жүздеген адамдар бойындағы және материалдық тұрғыдан шектеуліктеріне қарамастан, өздерінің арман мақсаттарына жетуге күресіп келеді. Олар сол еңбектеріне қымбат ұялы телефон немесе ойын ойнауға арналған компьютер емес, керісінше олардың рухтарын және материалдық жағдайларын көтермелейтін үлкен әсерге қол жеткізді», — дейді Қостанай қаласындағы «Нашей газеты» газетінің редакторы.

Мүгедектік жоба грантын алушылардың рухын түсіре қойған жоқ. Біз «Жұлдыздарға қара» жеңімпаздарын мақтан тұтамыз! Бұл тұлғалар қоғамның көңілін аударуға лайықты, ал олардың күш-қуаты біз үшін құрмет, үлгі!