Қордың мақсаты

19.10.2010

Өмірін бақытты, толық, жасампаз еткісі келген адамдарды қолдау үшін нәтижелі жүйе құру арқылы Қазақстан азаматтарының өмірін жақсартуға ат салысу.

Қордың рәмізі Құс жолымен ұшып бара жатқан құстардың суреті. Ол ақ және көк түстермен берілген. Ақ түс тазалық пен әділдікті білдірсе, көк түс — аспан түсі. Ұшып жүрген құстар бостандық рухын және алға жылжуды білдіреді. Ұшу бағыты – туған жерге адалдық, жолдағы бағдар уақыт пен байланыс және жаңаруды білдіреді.

Қор ұраны– Жұлдыздарға қара… Ол аспанда жолдың бар екенін, онсыз жерде өмір сүре алмайтынымызды білдіреді.