Ответ на вопрос

18.03.2011

Сәлеметсіздерме!
Сіздер тек балаларға ғана көмектесесіздер ме әлде ересектерде көмек сұрай ала ма? Менің құрбым қатты сырқаттанып жатыр. Оған жедел түрде операция жасау керек. Бізде Қазақстанда бұндай операция түрін жасамайды. Тек шетелде ғана жасалынады екен. Анастасия.

Жауап:
Сәлеметсізбе, Анастасия!
5 жыл көлемінде «Құс жолы» Қоры «Балаларға өмір сыйла» акциясының қатысушысы болып табылады. Біз Қазақстанда денсаулығын түзей алмайтын, ата-аналарының шет мемлекеттерде балаларын емдетуге қаржысы жоқ, жедел операцияларға зәру балалар үшін Homebank.kz қаржылай порталы қаржы жинауды ұйымдастырамыз.

Ответ на вопрос

08.11.2010

2010-11-08 Махаббат есімді пайдаланушыдан сауал:Қазкоммерцбанк пен «Құс Жолы» АҚ арасындағы өзара байланыс немен ерекшеленеді?

Жауап:
Қор 2004 жылы Қазкоммерцбанк және оның еншілес компанияларының топ-менеджерлері бастамасымен құрылған болатын. Қорды құрудағы мақсат – банктің саяси-әлеуметтік жауапкершілігін көрсету, әлеуметтік жауапкершілікті институт негізіндегі стратегиялық дамуы, инновациялық технологияларды процессте қолдану арқылы қазақ қоғамында тиімді қайырымдылық жобаларды жүзеге асыру болып табылады. «Құс Жолы» АҚ жобалары төрт негізгі бағдарламалар желісі бойынша жұмыс жасайды:
1. Білім алу.
2. Дені сау отбасы.
3. Қоғамдық бастамалар
4. Мәдени капитал.

Ответ на вопрос

08.11.2010

2010-11-08 Ирина есімді пайдаланушдан сауал:
Сәлеметсіздер ме!
Білім гранттарына үміткерлерді таңдау қандай шарттар бойынша жүзеге асырылады?

Жауап:
КАЗКОМ-ның стипендиясын алу үшін үміткерлерді таңдауды еліміздегі жоғары оқу орындарынан гранттық комиссия шешетін болады. Комиссияның құрамына ректорат мүшелері, ғалымдар және студент кеңестері кіреді. Комиссия ұсынған үміткерлерге стипендия тағайындау мәселесі бойынша «Құс Жолы» қоры шешім қабылдайды.