2011 ж. «Құс Жолы» қордың қызметінің қорытындылары

05.04.2012

2011 жылдың 13-ші наурызы. Алматы қаласы – «Құс Жолы» Қоры қоғам назарына 2011 жылғы әрекеттерінің қорытындысын ұсынды.

Өткен жылы «Құс Жолы» Қоры 103 млн теңге көлемінде қайырымдылыққа қаражаттар жинады, негізгі демеушілік көрсетіп отырған Қазкоммерцбанктің тарапынан 70 млн теңге бөлінсе, ал қалған 33 млн теңге банк клиенттерінен, заңды және жеке тұлғалардан келіп түсті.

2011 жылы «Құс Жолы» қоры Қазкоммерцбанкпен біріге отырып, «20 мейірімді іс» және «Дәрігер Аяз ата» жобаларын жүзеге асырды, балаларды қорғау Күніне орай балалардың сурет байқауын ұйымдастырып, Жеңіс күніне байланысты ҰОС-ның ардагерлерін құттықтап, «Балаларға өмір сыйла» атты жыл сайынғы акцияға белсенділік білдірді.

Сондай-ақ Қазкоммерцбанктің және «Құс Жолы» Қорының кілттік жобалары, атап айтсақ,
балалар өлімінің санын қысқартуға бағытталған «Періште» және де мүгедектігі бар адамдарды қолдауға бағытталған «Жұлдыздарға қара» жобалары жүзеге асырылды. Бұл жобаларға банктің клиенттері балалардың салған суреттері бар төлем карточкаларын ашып, аталмыш жобалардың іске асырылуына белсенділік білдірді.

«Биылғы жылы банк өз тарапынан әлеуметтік, қайырымдылық және демеушілік жобалар бойынша қаржыландырудың көлемін көбейтуді жоспарлап отыр. Ол өз тұрғысынан біздің серіктестіктерімізбен, қоғамдық ұйымдармен, грантты алушылармен, сондай-ақ БАҚ өкілдерімен қарым-қатынасымызды нығайта түспек», — деп өз ойын қорытындылады «Құс Жолы» қорының президенті және банктің басқарушы директоры Әуезов мырза.

Баспасөз-конференцияның аясында Балқаш қаласымен телекөпір ұйымдастырылды. Бұл телекөпірге Балқаш қаласы әкімінің орынбасары — Б.К.Молдабаева, Балқаш қаласының «Орталық аурухана» МКҚ-ның директоры – Т.Б.Мустафина, Балқаш қаласының «Орталық аурухана» МКҚ босану бөлімшесінің меңгерушісі – Т.И.Ермекбаева қатысты.

Баспасөз конференциясына қатысқан тілшілерге видео-көпірдің қатысушылары 2011 жылдың көктемінде «Жебеуші-періште» қайырымдылық жобасының шеңберінде Балқаш қаласының Орталық ауруханасының босану бөлімшелеріне орнатылған жаңа медициналық құрал-жабдықтардың кешені және медицина қызметкерлеріне, ауруханаға халықтың сенімділігінің көтерілгендігі жайлы айтып өтті.

«Бүгінгі таңда біздің ауруханамыздың босану бөлімшесін жаңа және заманауи медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету толығымен шешілді десек болады. Бөлімше 95 пайызға жаңартылып, толықтырылды. Сондықтан да біздің жоғары және білікті мамандарымыз осындай құрал-жабдықтармен жұмыс жасай келе, аналарға да, сондай-ақ олардың балаларына да аса қырағырлық танытып, олардың денсаулықтарының жақсаруына тиімді қызмет көрсетіп жатыр деп сенімді айта аламыз. Құрал-жабдықтардың іске қосылуынан бастап, біздің ауруханада бала саны 28,5 пайыз өсті», — дейді Мустафина Татьяна.