2015 жылы ҰОС ардагерлерін құттықтау

09.05.2015

Үстіміздегі жылы Қазкоммерцбанктің «Құс Жолы» қайырымдылық қоры еріктілерімен бірге 1000 астам Ұлы Отан соғысы ардагерлерін, еңбек майданына қатысушылар мен концлагерьдің жас тұтқындарын құттықтады. Құттықтауға кеткен жалпы сома 5,6 млн теңгені құрады.

Жыл сайын «Құс Жолы» қорының еріктілері, яғни Қазкоммерцбанк қызметкерлері денсаулығына байланысты банк бөлімшелері мен жалпы қалалық іс-шараларға келе алмайтын ардагерлердің үйлеріне барып, құттықтайды. Ардагерлерлерге азық-түлік, дәрі-дәрмектерін апарып, жылы лебіздерін білдіріп қайтады.

Алматы қ. еріктілері
Қазкоммерцбанктің ақпараттық технологиялар департаментінің ұжымы екі жыл қатарынан ҰОС ардагері Жихарев Анисим Андреевичті құттықтады. Айта кететін жайт, биыл ардагер 100 толды! Халықаралық «Командарм» қоғамдық қоры өкілінің атынан Сергей Владимирович Цыбиков ардагерге «Командиры Победы в формате «Красной звезды» сериясындағы медаль мен арнайы үлгідегі куәлікті табыс етті. Анисим Андреевич маршал Г.К.Жуковпен таныс болған, оның полкында соғысқан.

Ал ардагердің қонақжайлығы, ашықтығы мен парасаттылығы таң қалдырады.

Қостанай қ. еріктілері
Қазкоммерцбанктің Қостанай филиалының қызметкерлері 10 жыл бойы ҰОС екі ардагерін құттықтап келеді — Алдабергенов Қасымхан Алдабергенович пен Маманов Хажы Күснетұлын. Осы жылы кездескенде де ардагерлер ұрыс майданында өткен жылдар туралы айтып берді.

Хажы Маманов — Қостанай қаласының ардақты азаматы 2-ші Белоруссия майданында 65 армияда 69 атқыштар дивизиясының құрамында соғысқан. Польшаны азат ету шайқасына қатысқан. Ал жеңісті автоматшы Хажы Маманов Балтық теңізінің жағасында қарсы алды.

Майданға кеткенде Қасымхан Алдабергенов бар-жоғы он жеті жасында еді. Училищеден соң оны десантқа шақырды. «Біз 15-20 км 1,5-2 сағатта жүгіретінбіз. Сондай-ақ 40 км қашықтыққа тактикалық жаттығулар өтетін. Қыста орманда түнеп, от жағатынбыз, қарда ұйықтап, отқа жылынатынбыз. Әрине, жеңісіміз қайғымен қатар келді. Жеңіс – құрақ көрпе секілді, жауынгер рухын көтерген кішігірім қуаныштардан тұрды», — деп есіне алады ардагер. Тоқсанға келген ардагер қазір өлең шығарып, көрген-білгендерін жас ұрпаққа жеткізу мақсатында мақақалар жазып тұрады. Қасымхан Алдабергенов өлеңдер жинағы мен мемуарлар кітабын шығарды.

Ардақты ардагер Қасымхан Алдабергеновтың айтуынша, жас буын дүниеде татулықтан асқан ешнәрсе жоқ екенін түсіну керек.

9 мамыр 2015 жыл