«Әлемнің жарығын сен де көр, күнім!». «Періште» Атырауға келді

18.11.2015

Атырау облыстық перзентханасы «Періште» қайырымдылық жобасының шеңберінде ретинопатия диагнозы қойылған шала туылған сәбилерге шұғыл ота жасауға арналған офтальмологиялық лазерді сыйға алды.

Негізінде ретинопатия ауруы шала туылған балаларда кездеседі. Өйткені олар көздерінің қан тамырлары жеткілікті дәрежеде дамымай дүниеге есігін ашады. Бір өкініштісі, соңғы жылдары Қазақстанда осы дертке шалдыққан сәбилердің саны күннен күнге артуда.

Көз аурулары ҒЗИ мамандарының мәліметіне сәйкес, Қазақстан Республикасында ретинопатия өсімі 9,8-12% құрайды, ал шала туылған сәбилердің арасында бұл дертке шалдығу жиілігі 36-38,2% аралығында, 2010 жылы 26,2% болатын.

Елімізде жыл сайын шамамен 22 мың сәби мерзімінен ерте туылады. Ал Атырауда жылына 1 000 жуық шақалақ сәби өмірге келеді. Өкінішке қарай, шала туылған сәбилердің көз торы уақытылы диагностикадан өткізілмей, керек болған жағдайда шұғыл ота жасалмаса, сәби көз жанарынан айырылады.

Ретинопатия ауруының белең алып бара жатқанын ескеріп, «Құс Жолы» қайырымдылық қоры көз аурулары ҒЗИ-мен бірге Қазкоммерцбанктің қаржылай көмегімен екінші жыл қатарынан арнайы «Періште» қайырымдылық жобасының шеңберінде еліміздің перинаталды орталықтарына офтальмологиялық лазерлерді сыйға тартуда.

Ретинопатия ауруын шұғыл түрде емдеу мақсатында 2015 жылы офтальмологиялық лазерлер Павлодар, Атырау, Қарағандыдағы перинаталдық орталықтары мен Шымкенттегі облыстық балалар ауруханасына орнатылды. Ал өткен жылы Алматы, Астана және Өскемен қалалары алған болатын. Офтальмолог дәрігерлер лазермен жұмыс істеу үшін арнайы оқудан да өтті. Нәтижесінде, екі жыл ішінде «Құс Жолы» қайырымдылық қоры балалар медициналық мекемесіне 7 офтальмологиялық лазерді табыс етті.

«Біздің аймақ үшін офтальмологиялық лазер баға жетпес сыйлық. Өйткені мерзімінен ерте туылған нәрестелерге қосымша күтім мен ем қажет. Олар тым нәзік, денсаулықтарына зиян келуі мүмкін. Ал енді ретинопатия диагнозы қойылған шақалақтардың көздерін емдеуге мүмкіндік бар. Өз кезегінде, Атырау облыстық перзентханасы шақалақтарды уақтылы тексеруден өткізіп, емдеуге дайын», — дейді Атырау облыстық перзентханасының бас дәрігері Ұлжан Хасанова.

Естеріңізге салай кетейік, ертеректе Атырау облысындағы ретинопатия дерті қойылған сәбилерді емдеу үшін Ресейге апаратын. Өйткені олардың медициналық орталықтары Астана мен Алматыға қарағанда жақын болатын. Алайда шақалақтарды басқа өңірге тасымалдау балалардың өмірі мен денсаулығына қауіпті болатын. Дегенмен, ретинопатия кезінде уақытты өткізіп алмау керек, офтальмологиялық лазердің көмегімен шұғыл көмек көрсетілуі тиіс.

Енді Атырау облыстық перзентханада бірнеше мәрте Алматыдағы Қазақ көз аурулары ҒЗИ мен Санкт-Петерборда тәжірибеден өткен офтальмолог-неонатолог дәрігері бар. Сондай-ақ екі дәрігер скрининг жасау мен шақалақтарда кездесетін ретинопатия диагнозын анықтай алу үшін арнайы оқудан өткен. Балалар реанимациясы да жаңадан жабдықталған.

«Қазкоммерцбанк пен «Құс Жолы» қайырымдылық қоры 8 жылдан бері «Періште» жобасын жүзеге асырып келеді. Өйткені балалар – біздің болашағымыз. Біз олардың осы өмірге дені сау болып келуіне көмектесуіміз керек», — дейді «Қазкоммецбанк» АҚ Атырау филиалының директоры Мәжіт Оңалбеков.

Ағымдағы жылы Қазкоммерцбанк «Періште» жобасының аясында заманауи медициналық құрылғыларды сатып алу үшін 27,3 млн теңгені жұмсады. Жобаға банктің клиенттері де – «Періште» атты Visa төлем картасының ұстаушылары, қосымша өз үлестерін қосты. Өйткені банк клиенттері қайырымдылық картасын пайдаланып жүргізген әр төлемнің 0,15% «Құс Жолы» қайырымдылық қорына түседі.
Сондай-ақ «Құс Жолы» қорының қайырымдылық акцияларына кез-келген адам Homebank.kz интернет порталының көмегімен немесе Қазкоммерцбанктің бөлімшесінде ақша аудару арқылы қатыса алады әрі бұл қаражаттың мақсатты қолданылуын бақылай алады. 2015 жылдың басынан бері Homebank.kz қаржы порталының «Қызметтер/Қайырымдылық» бөлімі арқылы қайырымдылыққа 6,4 млн теңге аударылған болатын.

Бүгінгі күні Казком – қайырымдылыққа арналған арнайы төлем картасын шығаратын Қазақстандағы жалғыз банк.

Анықтама үшін:
«Періште» жобасын жүргізіп келе жатқан бірнеше жылдың ішінде Казком мен «Құс Жолы» қоры еліміздің 5 медициналық мекемесін жалпы сомасы 142,6 млн теңгені құрайтын реанимациялық, емдеу және ота жасау құрылғылармен жабдықтаған болатын. Осы мекемелерде заманауи медициналық құрал-жабдықтарды қолдану нәтижелері де көңілден шығады:
2011 жылдан 2014 жылға дейін Балқаштың қалалық емханасында реанимациялық құрылғы орнатылған соң, сәбилердің шетінеуі 46% төмендеді.
Шығыс Қазақстан облысындағы Үржар аудандық ауруханасында жаңа туылған перзенттердің өлімі 2012 жылдан бері 35% төмендеген.
2013 жылы Жамбыл облысындағы Мерке аудандық ауруханасының босану мен операциялық бөлімі толығымен жабдықталған еді. Бұған дейін өлім көрсеткіші 26,8% құраған-ды.

18 қараща 2015 жыл