Әлемнің жарығын сен де көр, күнім!

29.10.2014

2014 жылғы 29-ші қазан, Алматы қаласы – «Құс Жолы» қайырымдылық қоры мен Қазкоммерцбанк «Періште» жобасының аясында, Алматы қалалық перинаталдық орталығына шала туылған нәрестелерде жиі кездесетін ретинопатия дертіне шұғыл оталарды жасау үшін арнайы офтальмологиялық лазерді сыйға тартты.

2008 жылдан бері «Құс Жолы» қоры мен Қазкоммерцбанк басты мақсаты елімізде сәбилер мен аналар өлімін азайту мен балалардың денсаулық сақтау болып табылатын «Періште» жобасын іс-жүзіне асырып келеді. 

Қазақстан ДСҰ-ның ұсынысы бойынша шала туылған нәрестелерді күту стандарттарына өткеннен соң (2008 жылдан бері) елімізде жаңа туылған сәбилер арасында мүгедектікке алып келетін жағдайлар жиілеп кетті. Осы себептердің бірі болашақта көз жанары нашар көретін тіпті зағип балаларды алып келетін шала туылғандар ретинопатиясы, яғни көз тамырларының нашар даму ауруы болып табылады. Міне, осы аурудың алдын алу үшін сәби өмірінің бірінші аптасында дұрыс диагноз қойылып, шұғыл ота жасалуы қажет.  Өкінішке орай, бұл аурудың алдын алу мерзімі өте қысқа, егер де емдеу уақыты өтіп кететін болса дәрігерлер сәбидің көз жанарын сақтап қала алмайды екен. Бұл аурудың алдын алудың негізгі қиындығы елімізде білікті мамандар мен арнайы офтальмологиялық лазерлердің жоқтығы.    

Міне, осы себептерді анықтай отырып, «Құс Жолы» қайырымдылық қоры перинаталдық орталықтарды қажетті медициналық лазерлерік құрылғылармен жабдықтауды жөн көрді. Көз аурулары ҒЗИ басшыларының ұсынысы бойынша қор Алматы, Өскемен және Астана қалаларындағы перинаталдық орталықтарына үш құрылғыны сатып алды. Бұл орталықтарды таңдауға туу көрсеткіштерінің жоғары болуы әрі қажетті біліктіліктегі офтальмолог мамандардың бар болуы негіз болды.     

«Біз салмағы өте төмен туылған нәрестелердің өмірін сақтап қалуға бағытталған Қазкоммерцбанк пен «Құс Жолы» қорының жасаған бұл ісіне алғысымыз шексіз. Бұдан бұрын біз емханаға ретинопатия ауруын анықтайтын маңызды құрылғыны — ретиналдық камераны сатып алған едік. Міне, енді біз сыйға тартылған заманауи медициналық құрылғы арқылы жаңа туылған нәрестелердегі ауруды анықтай отырып, оны бірден өз перзентханмызда емдей алатын боламыз. Шала туылған нәрестелер өте әлсіз болып келеді, әрі оларды емхана арасында, солардың бірі көз аурулары ҒЗИ-на ары-бері тасымалдаудың өзі көп қиындық тұғызатын, — деді Алматы қаласы Перинаталдық орталықтың директоры, Эльмира Жақашева.

Жаңа лазерлік құрылғы шала туылған нәрестелердегі ретинопатия ауруының алдын алуға, оны емдеуге, сонымен сәбилердің көз жанарын сақтап қалуға мүмкіндік береді. Құрылғыны шығарушы (Германия) компаниясының офтальмолог мамандарын арнайы оқыту орталықтары Алматы мен Астана қалаларында бар. Бұл дәрігерлердің жұмысын едәуір жеңілдетіп, оларға жақын жерден күрделі медицина саласында біліктілікті жоғарылатуға мүмкіндікті береді. Жобаның көп жылдан бері серіктесі болып табылатын «Медико-инновациялық технологиялары» компаниясы болса қайырымдылық шарасы ретінде бұл мамандардың біліктілігін арттыру үшін оқытуды өз мойнына алды.

««Періште» жобасы банктің қоғамға қажетті әрі маңызды істерді жасау бағытында  Казкомның клиенттері мен серіктестерінің қолдауымен дамыды. Ал, банк болса өз кезегінде өз клиенттеріне банктік өнімдерді қолдана отырып, қайырымдылықты тез әрі жеңіл жасауға мүмкіндікті берді», — деді Қазкоммерцбанктің басқарушы директоры және «Құс Жолы» қайырымдылық қорының президенті Ален Шаяхметов.

Казком – қайырымдылыққа арналған арнайы төлем картасын шығаратын Қазақстандағы бірегей банк. Қазкоммерцбанктің клиенттері қайырымдылыққа қосымша төлемдерді жасамайды – осы карта арқылы жүргізілген әр төлемнің 0,15% «Құс Жолы» қайырымдылық қорына түседі. Міне, бұл ақшаға Қазкоммерцбанк қайырымдылық жарна ретінде өз қаражатынан қосымша екіден үш бөлігін қосады, нәтижесінде жобаның соңғы бюджеті қалыптасады. Кез-келген адам Homebank.kz интернет порталының көмегімен немесе Қазкоммерцбанктің бөлімшесінде ақша аудару арқылы «Құс Жолы» қорының қайырымдылық акциясына қатыса алады әрі бұл қаражаттың мақсатты қолданылуын бақылай алады.   

«Періште» жобасын бірнеше жыл іс-жүзіне асыруда Казком мен «Құс Жолы» қоры еліміздің 5 медициналық мекемесін жалпы сомасы 142,6 млн теңгені құрайтын реанимациялық, емдеу және ота жасау құралдарымен жабдықтады.     

Міне, осы мекемелерде заманауи медициналық құрал-жабдықтарды қолдану нәтижелері де көңілден шығады:  

2011 жылдан 2014 жылға дейін Балқаштың қалалық емханасында реанимациялық құрылғы орнатылған соң, сәбилердің шетінеуі 46% төмендеді.

Шығыс – Қазақстан облысындағы Үрджар аудандық ауруханасында жаңа туылған перзенттердің өлімі 2012 жылдан бері 35% төмендеген.

2013 жылы Жамбыл облысындағы Мерке аудандық ауруханасының босану бөлімі мен операциялық бөлімі толығымен жабдықталды. Қазіргі уақытқа дейін өлім көрсеткіші 26,8% құрап отыр.