Алматыда алғашқы рет Олег Меньшиковтың театрлық серіктестігі қайырымдылық қойылымдарын ұсынады

14.10.2011

13 қазан 2011 ж., Алматы қ. – Алматыда Олег Меньшиковтың «814 театрлық серіктестігі» ұсынатын қайырымдылық қойылымдардың ашылуына арналған баспасөз мәслихаты болып өтті. Жобаны ұйымдастырушы Қазкоммерцбанктің «Құс Жолы» қайырымдылық қоры.

Көпшілікке танылған актерлардан құралған топ алматылықтарға Ресейге әйгілі «Игроки» мен «1900-й» атты театрлық қойылымдарын ұсынбақ.

Бұл мәдени шара болғанымен, оның қайырымдылық жағы да бар. Сатылған билеттерден түскен қаражат БЦС-мен ауыратын балаларға арналған Қазақстанның 20 қаласындағы сауықтыру орталықтарын жабдықтауға жұмсалады.

«Құс Жолы» қайырымдылық қоры жыл сайын өтетін «Дәрігер Аяз ата» акциясына шамамен 15 миллион теңге аударуды жоспарлап отыр. Бұл соманың бір бөлігі Алматыда 13-15 қазанда өтетін «Игроки» және «1900-й» қойылымдарына сатылған билеттерден түседі. БЦС-мен ауыратын балаларға арналған сауықтыру орталықтары бұлшық ет пен дене буындарын дамытатын арнайы тренажерлармен жабдықталады.

«Алматының атмосферасы мен көрермендері ерекше. Дегенмен, біз бірінші болып театрлық қойылымдардан осындай «1900-й» іспеттес қиын моноспектакль алып келдік, — деді өз сөзінде Олег Меньшиков. – Сондай-ақ біздің қойылымдарымыз қайырымдылық сипат алғаны қуантады. Біздің шығармашылығымыз көрермендерімізді қуантып қана қоймай, сонымен қатар БЦС-мен ауыратын балаларға өз пайдасын тигізетінін білу, екі есе қуаныш.