Арнайы қайырымдылық акциясы

02.07.2013

Казкоммерцбанк клиенттерінің сұрауы бойынша (карточка ұстаушылары мен қаржы порталын пайдаланушылары үшін) «Құс Жолы» қоры 2-ші және 5-ші шілде аралығында Homebank.kz -те (қызметтер/қайырымдылық бөлімі) қайтыс болған бензовоздың жүргізушісі Александр Горюновтың жанұясына арналған қайырымдылық қаражатты қабылдауды бастады.

Естеріңізге сала кетсек, жол-көлік апаты 27-ші маусымда Алматының орталығында орын алған. Апатқа ұшыраған бензовоздың тежегіші істен шығып, көлік жүргізушісі адамдардың және басқа да көліктердің шығынын болдырмаудың амалын жасап, өзі қаза болды.

2-ші және 5-ші шілде аралығында сіздер аударған барлық қаражат «Құс Жолы» қорының арнайы есеп-шотында жинақталып, тікелей қайтыс болған Александр Горюновтың жұбайына берілетін болады.

Жиналған қордың сомасы мен оның берілуі жайында есеп, порталда Homebank.kz және «Құс Жолы» қорының сайтында www.kuszholy.kz жарияланады.