«Атамның Жеңісі – менің Жеңісім» атты акция

18.05.2012

Ұлы Отан соғысының зардабы еліміздегі әрбір адамға, әрбір отбасына тиді десек қателеспейміз. Кез келген жанұяның әрбір әңгімесі – бұл бір отбасының, бірнеше ұрпақтың тағдыры, еліміздің тарихы. Біз осы әңгімелерді сақтап, соғыс ардагерлерін құрметтеп, оларды үнемі еске алып, кішілерге Отан алдындағы борышты, еліне және жеріне деген сүйіспеншілікті, ерлік және қаһармандық, патриотизм және табандылық сияқты ұғымдарды түсіндіру маңызды деп санаймыз. Қиын-қыстау кезеңінен қалай өтуге болады: туған-туыстардан айырылу, қирау және оған бой бермеу, сенімділіктен айырылмау, өмір сүруге деген құлшыныс.

Жеңіс Күнін атап өтуге орай Қазком атақты www.voxpopuli.kz фоторепортаж сайтымен біріге, «Мені күт мен ораламын», «Еске алу ордені», «Оқырмандар тарихы» атты үш репортажды енгізді. Репортаждардың міндеттері – ұрпақтың арасында мықты байланыс орнату, үлкеннен кішіге Отанды қорғағанды ешқашан ұмытпайтынымызды жеткізу, оларды құрмет тұтуға шақыру. Репортаждарды Интернеттен 35000 аса пайдаланушылар көрді. Оның қатарында Болашақ бағдарламасы бойынша Мманчестерде (Ұлыбританияда) білім алып жатқан қазақстандық студенттерде болды. Отандастырының оқиғаларын оқып отырып, үлкен сезімде болған олар Ұлы Отан Соғысының қатысушыларын құттықтау мақсатында «Құс Жолы» Қорына 50 мың теңге көлемінде қаражат аударды.

Алғашында біз студенттер жіберген қаражаттарға Ұлы Отан Соғысының ардагерлеріне гүл шоқтарын алып, шағын сыйлықтар аламыз деп ойлағанбыз. Бірақ та «Еске алу ордені» жобасының бірқатар қатысушылар, яғни, 320 адамды қамқорлыққа алып отырған «Ардагерлер Үйінде» тұратынын білген соң, бірнеше адамды құттықтап қалғандарын құттықтамаған дұрыс болмас деп шештік. Сондықтан да біз барлық ардагерлерді құттықтап, олардың еңбек және әскери ерліктері ұмытылмайтынын атап өттік.

Ардагерлер үйі – 1945 жылы және ауған соғыстарына қатысқан ардагер-қатысушылар тұратын жер.

Біз түскі уақыт кезінде мерекелік тәттілер мен гүл шоқтарымен келдік. Төсек тартқан ардагерлерді бөлмелерінде, ал қалғандарын ас үйде құттықтадық. Қарттарымыз біздің келгенімізге таң қалысты: өйткені мейрам күндері артта қалған еді… Үлкен ас үйде оларды қарсы алу кезінде олардың жүздерінен қызығушылықты, таңдануды… жан ауыртпалығын көрдік. Олар бұл жерде жалғыз… отбасылары жоқ, балалары шетел асып кеткен, Алматыда туған-туыс, балалары болса да жалғызсырайтындар қатары да кездеседі.

Ал негізі «Ардагерлер үйі» —  өте таза, кең және кәсіби білікті, мықты әлеуметтік жұмысшылары бар мекеме. Бұл үйдің айналасына жасыл желектер өсірілген. Ыстық күні бұл жер салқын. Ардагерлерді құттықтаған сәтте олардың қуанғаны сонша көздеріне жас үйіріле бастады. Олар бізді құшақтарына алған сәтте, мен олардың бізді кез келген қиындықтан, ауыртпаушылықтан қорғайтындарын сездім. Кейбіреуі қуаныштан жыласа, кейбіреулері ішкі ауыртпаушылықтан құлазып көзіне жас алды… оларды көріп бізде жыладық…

Біз қаншама рет Ұлы Отан Соғысының және еңбек ардагерлерін құттықтасақ та, мен олардың бұндай жағдайларына үйренісе алмадым: олардың біздің адамзаттық өмірге деген алғыстарының маңыздылығы зор екендігін кез келгеніміз білсек қой. Ардагерлер үйінде олар қарапайым қарым-қатынасты сағынады, көздеріне қарап, олар назарды, жылулықты қажетсінетінін байқауға болады. Біз олардың еңбектеріне басымызды иіп, «Ардагерлер үйінен» оларға деген шынайы ризашылықпен қайтып кеттік.