Атырау қаласының «Нөлдік километрі» — жаңа жолдың бастамасы

25.11.2011

18.11.2011 ж. Исатай Тайманұлы және Махамбет Өтемісұлы атындағы бас алаңда Атырау мен басқа қалалардың арасындағы арақашықты санап шығаруды бейнелейтін «Нөлдік километр» атты сәулетті композицияның салтанатты кеші өтті. Аталмыш өнер туындысы Қазақстанда осы тұрғыда алғашқы ескерткіш болып саналады.

«Нөлдік километр» құрылысы «20 қайырымды істер» акциясының шеңберінде «Құс жолы» қайырымдылық қоры мен Атырау қаласының әкімдігінің арасындағы серіктестік жөніндегі қойылған екі жақты Меморандумның аясында жүзеге асырылды. Жобаның құны 1,3 млн теңгені құрап отыр. Аталмыш акция республика бойынша ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына және банктің мерейтойына орай Қазкоммерцбанк пен қордың тарапынан ұйымдастырылып отыр.

«Бұл жерде қаланың бизнес-құрылымдарымен өзара қарым-қатынас ерекше назарға түседі. Өздеріңіз көргендей нәтижесі міне осындай. Қаланың заманауи бейнесін қалыптастыруға өз үлесін қосуда бізге Қазкоммерцбанктің жергілікті филиалы «Қалаға сый» атты жобасымен қол ұшын созды», — деді Атырау қаласы Әкімінің орынбасары Айтбаев Амантай Хаирұлы.

««Нөлдік километр» композициясы – бұл Қазкоммерцбанк пен «Құс жолы» қорының елімізге, қалаға және қала тұрғындарына деген ризашылықтарының белгісі», — деп Қазкоммерцбанктің Атыраулық филиалының директоры Ищанова Марина Махсотовна жобаның жүзеге асырылуына ат салысқан дизайнерлер, сәулеткерлер, жеткізушілерге алғысын білдірді.