Ауылдық ауруханаларға – жаңа медициналық құрылғылар

29.05.2009

Ангел-хранитель

«Құс Жолы» қайырымдылық қоры және Қазкоммерцбанк «Періште» жобасы аясында Орталық Іле аудандық ауруханасына жаңа туған нәрестелерді сақтап қалу үшін жаңа медициналық құрал-жабдықтар тарту етті.

Алматы қаласына жақын орналасқандығына қарамастан аурухананың перзентхана бөлімі заманауи талаптарға сай келмеді әрі жаңа медициналық құралдарға зәру болатын.

Ауруханаға кувез (әлсіз туылған сәбилердің тыныс алуына қажетті инкубатор), интенсивті терапия бөлмесіне транспорттық инкубатор, жаңа туған сәбидің анатомиясы мен физиологиясын қарайтын жасанды өкпе вентиляциясы аппараты, әсіредыбысты диагностика аппараты тарту етілді.

Аталған құрал-жабдықтар мен «Періште» жобасының арқасында аурухананың перзентхана бөлімінде жаңа туған сәбилердің шетінеуі 7 есеге азайды.