Балалар сауықтыру лагеріне ұйымдастырылған қайырымдылық саяхат

25.08.2015

Қазкоммерцбанктің корпоративті «Құс Жолы» қайырымдылық коры «Мурас» ҚҚ бастамасын қолдап, ауылдағы көпбалалы отбасынан шыққан 4 балаға Бурабайдағы «Жезқазғандық» лагерь-шипажайына бару үшін жолдары мен жататын орындарын төлеп берді.

Сәбит, Мөлдір, Нұржан және Тасқын Алматы облысы, Қарасай ауданы, Ұлан ауылында тұрады. Балалар 10 күн бойы демалып, ағылшын тілін оқып, астананы да аралап қайтты. Балалардың қуанышында шек жоқ. Үйлеріне аман-есен, риза болып оралды.

Анықтама үшін:
«Мурас» ҚҚ жанынан 2,5 мен 17 жас аралығындағы ауыл балаларына қосымша білім беру орталығы құрылған. Жыл бойы ұстаздар кішігірім орталықтарда бүлдіршіндерге сабақ өткізсе, сыныптарда мектепке дейінгі балаларды оқытады. Ал жаздық демалыс кезінде балалар жаздық сауықтыру лагерьлеріне жіберіледі.