Балалардың құқықтарын қорғау күнін «Құс жолымен» бірге атап өту

20.07.2011

«Құс жолы» қайырымдылық қоры және «Қазкоммерцбанк» АҚ-ы балалардың құқықтарын қорғау халықаралық күнінде Өскемен және Балқаш қалаларының кішкентай тұрғындарына ұзақ уақыттан бері күткен ойын алаңдарын сыйға тартты. Осындай көңілді және естен кетпес мерекені Қазкоммерцбанктің Өскемен және Балқаш филиалдарының қызметкерлері ұйымдастырды.

Жамбыл атындағы өскемендік паркте және ВЛКСМ-нің 30 жылдығы атындағы балқаш паркте орналасқан балалар ойын алаңы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына және «Қазкоммерцбанк» АҚ-ның құрылғанына 20 жылдығына орай «Құс жолы» қорының инициативасы бойынша «20 қайырымды істер» атты республикалық мерейтойлық жобаның аясында жасалынды.

Өскемен қаласында жүзеге асырылған жобаның бюджеті 1,3 млн теңгені құрады. Ал балалар алаңының құрылысына 3 мың кв.м бөлінген. Жаңа ойын кешені 13 жабдықтармен қаруланған: алтыбақанның бірнеше түрі, төбешік, күрке, пирмадиа, әткеншек, құмсалғыш, теңгергіш-әткеншек және ата-аналарға арналған орындык. Әдемі түрлі-түсті ертегілер әлемінің кейіпкерлері безендірілген балаларға арналған алаңын табу оңай.

«Жақсы жабдықталған балалар алаңы балалардың тез әлеуметтік бейімделуіне ықпал етеді. Өйткені балалар алаңы кішкентайлар өзара араласатын әлемнің моделі болып табылады», — дейді Өскемен қаласының әкімі Әбішев Іслам мырза.

«Балалар мен олардың ата-аналарына осы балалар алаңы көңілдерінен шығады деп ойламыз, өйткені балалардың сылдырлаған күлкісін осы балалар алаңында есту қандай керемет», — дейді «Қазкоммерцбанк» АҚ Өскемен филиалының директоры Новиков Игор мырза. – Қоғамның игілігіне жүзеге асырылатын әлеуметтік жобалар біздің бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін көтермелейтін қағидаларының бірі деп санаймыз.

Балқаш қаласында жүзеге асырылған жобаның құны 1 млн теңгені құрады. 300 кв.м ауданды балалар алаңына балалар спорттық-ойын кешенінен, яғни, әткеншектерден, алтыбақаннан, төбешіктен және балаларымен бірге келетін ата-аналарға арналған орындықтармен қамтылған.

«Өте көркем және әсем безендірілген ойын алаңдары мектепке дейінгі жастағы балаларды дамытудың бірден бір жолы болып табылады. Біз бүгінгі мереке бизнес пен жергілікті қауымдастықтың серіктестігінің біріне айналғанына қуаныштымыз», — дейді Балқаш қаласының әкімі Тейлянов Қадыржан мырза.

«Осымен төрт жыл көлемінде біз Қазкоммерцбанктің «Құс жолы» қайырымдылық корпоративтік қорымен ҰОС-ның ардагерлерін, студенттерді, жастарды қолдауға бағытталған жобаларды жүзеге асырып келеміз. Осыдан екі апта бұрын біздің қаламыздың Орталық ауруханасында «Жебеуші-періште» жобасының шеңберінде босану бөліміне арналған жаңа жабдықтың тұсаукесері өтті. Ал бүгін біз жаңа балалар алаңын іске асырдық. Балалардың бақыты – бақытты мемлекеттің белгісі», — дейді «Қазкоммерцбанк» АҚ Балқаш филиалының директорі Шаяпов Илья мырза.

Сонымен қатар маусымның 1-ші жұлдызында «Құс жолы» қайырымдылық қоры «Менің әкем… Қазкомда қызмет жасайды» атты банк қызметкерлерінің балалары мен немерелері арасында шығарма және сурет байқауының нәтижесін қорытындылады. Бас кеңсенің және филиалдардан таңдап алынған тәуелсіз сарапшылар үздік деген суреттер мен шығармаларды іріктеді. Бас кеңсе және 18 филиалдарының жас конкурсқа қатысушыларынан 160-қа жуық еңбектер келіп түсті.

Ең үздік жұмыстарының авторларына дамытушы ойын-кітаптары, балаларға арналған әлем атласы және сурет салуға арналған жиынтық берілді, ал басқа қатысшуылар мадақтаушы сыйлықтарға ие болды. «Құс жолы» байқауының қорытындысы бойынша банктің бас кеңсенінде ең үздік жұмыстарының көрмесі ұйымдастырылмақ.
Байқауға қатысқан кішкентай авторларды қызықты әсем еңбері мен жүректен жазған шығармалары үшін, сонымен қатар белсенді қатысқан ата-аналарына алғыс білдіреміз!

Маусым айының 2-ші жұлдызында – «Құс жолы» қайырымдылық қоры және «Қазкоммерцбанк» АҚ Қарағанды филиалы «Облыстық балалар шипажайында» («Березка» шипажайы) КМКМ-де емделіп жатқан балаларды осындай аталмыш мерекемен құттықтады. Қарағанды қаласы Ермеков көшесі 87 мекен-жайы бойынша орналасқан бұл шипажайда жыл сайын 2000-ға жуық балалар емделеді.

«Березка» шипажайына жетіспейтін суға арналған диспансерлер, спорттық жабдықтар, дамытушы ойындар тарту етілді. Балаларды тосын сый, көңіл көтеретін ойын-сауық бағдарламасы және құнсыз құты күтіп тұрған болатын.

«Балалардың сылдырлаған күлкісі – бұл сіздің еңбектерініңізге деген алғысы. Біздің шипажайдың ұжымы банкке және аталмыш қорға көрсетілген қайырымдылық көмектері мен балаларға арнап ұйымдастырылған мереке үшін ризашылығын білдіреді», — дейді шипажайдың бас дәрігері Омаржанова Баян Әбікенқызы.