«Балаларға өмір сыйла» акциясы туралы қыскаша есеп

02.08.2013

«Балаларға өмір сыйла» акциясының құрметті қатысушылары —  Казкоммерцбанк пен «Құс Жолы» қорының қызметкерлері, клиенттер мен әріптестер!


Сіздердің, бізге көрсеткен сенімдеріңіз бен мейірімдеріңізге құрмет білдіре отырып, назарыңызға, бүгінгі күні Қазақстандағы 436 сәбидің денсаулығы мен өмірін сақтап қалуға көмектескен акцияның қазіргі барысы туралы ақпараттарды ұсынамыз.


Жалпы қаражат 527 ота жасауға  жұмсалды (олардың кейбіреулеріне бірнеше рет ота жасалған).
Оталарды жасауға кеткен қаражаттың сомасы 3.209.375 USD құрайды. Бұл сомаға ата-анасының есеп шотына тікелей аударылған қаражат пен Қазақстанда шет-ел дәрігерлері жасаған оталардың құны кірмейді.
«Балаларға өмір сыйла» акциясының сайтында «online қайырымдылық» іске қосылғаннан күннен бастап, балаларды емдеуге 23 116 599 теңге аударылған.

ЖАСАЛҒАН ОТАЛАР

 

 

 

 

Ульяна Федорина

Туылған жылы: 17.02.2012ж.
Мекен-жайы: Алексеевка с., Зеренді ауданы, Ақмола облысы
Диагнозы: гипоксикалық генездің жүйке жүйесі орталығының кішкентайынан бұзылуы (перинатальное поражение ЦНС гипоксического генеза), кеш қалпына келу кезеңі (поздний восстановительный период), дамуында бөгеліс (синдром двигательных нарушений), бет, мойын мен ауыз қуысындағы үлкен гемангиома.
1-ші отаның құны: 4 224 USD
2-ші отаның құны: 900 000 теңге
Қажетті сома: 150 000 теңге

Елена Медведьева екі баланың анасы. Екінші қызы, Ульянаның туылғаннан дамуында бөгеліс бар: каверноздық гемангиома, ені 1 см және ұзындығын 3 см құрайтын бетіннің оң жағында кішкентай дақпен туылған. Бірінші айларында аталған дақты Омскідегі клиникада азотпен күйдірген, бірақ нәтижесі болмады. Гемангиома тез ұлғая бастады.

Ульянаның шет елде емделуі қажет, өйткені қазақстандық емханалар мұндай ауруға шарасыз болып шықты. Операцияны жасауға Ресейдің балалар клиникалық емханасының дәрігері Валяев мырза өз ниетін білдірген еді. Алайда, оны қазақстандық отбасының қаражаты көтермейді. Сол себепті, Елена, қайырымы мол қазақстандықтардан көмек сұрап отыр. Бұл, көңілі жарқын Ульянаның денсаулығы үшін ең соңғы мүмкіндік.

2013 жылдың қаңтарында Ульянаға Ресейдің балалар клиникалық емханасында екі рет ота жасалды. Өкінішке орай, мұндай қатерлі ауруды емдеуге бұл жеткіліксіз болып шықты. Бұл жаздың өзінде Ульянаға тағы да бір ота жасалады. Ульяна зерек, көңілі жарқын және білімге құмар кішкентай қыз. Ол өзінің ауыр ауруға шалдыққанын, қызын жоғалтып аламын деп анасының көз жасының күнде төгілетіні жайлы да білмеді. Денсаулықты ақшаға сатып алуға болмайды, алайда кішкентай бөбектің денсаулығы нақты бір сомаға қарап тұр. Ульянаға, Сіздің көмегіңіз өте қажет!

БАЛАЛАР ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
Біздің балалар емделуде:

Гүлфаруз Жүнүсова

Соңғы ақпарат бойынша:

Шілденің ортасынан бастап Гүлфаруз «Академик Г.А.Илизаров атындағы қалпына келтіретін травматология мен ортопедия» Ресейдің ғылыми орталығында емделуде.

Туылған жылы: 14.08.1999ж.
Мекен-жайы: Ресей, Краснодар аймағы, Крым ауданы, Безводный хуторы.
Диагнозы: оң жақтағы үлкен жіліншіктің созылмалы остемиелиті, терең жара күйінде.  Оң жақтағы үлкен жіліншіктің жоғарғы үштен бірі жалған буын (ложный сустав верхней трети правой большеберцовой кости).
Емделудің құны: 20 485 USD

Гүлфаруз туылғанынан оң жақтағы үлкен жіліншіктің созылмалы остемиелитімен ауырады. Екі жыл бұрын қыздың жанұясы ауруға жағымды климатқа байланысты Краснодар аймағына көшіп кеткен еді. Былтырғы жылдың шілдесінде Крым ауданын топан су басты. Отбасы тұрған үйді де су басып, Гүлфаруз және оның әке-шешесі, ағалары мен әпкелері сол түнді суық әрі лас судың ішінде өткізді. Қыздың жарасына инфекция түсіп, ауыруы қозып кетті: сүйегі шіріп, жарасынан күнделікті іріңді алып, тазалау қажет. Ал мұның бәрі қыздың жанына қатты батады.

Топан су басқан соң, азаматтығы жоқ жанұяға өтемақы да төленбеді. Гүлфарузды шет ел азаматы деп емханаға да жатқызбады. Қазіргі кезде жанұя шіркеудің көмегінің арқасында алыс бір хуторда тұрады.

Еріктілер жинаған қайырымдылықтың арқасында Гүлфаруз Краснодарда тексеруден өтті. Осы кезде қыздың ауырған аяғынан темірді алып, протез салуы қажет екені анықталды, әйтпегенде ол аяғынан айрылады екен. Қажетті отаны сүйек жүйесінде кемшлігі бар қазақстандық балаларға көмегін жасаған Қорған қаласындағы  «Г.А.Илизаров атындағы қалпына келтіру травмотология мен ортопедия» орталығында жасауға болатыны анқыталды. Отаны Ресейдің Денсаулық сақтау министрлігінің квотасы бойынша 2013 жылдың наурызында жасалады деп болмаждалған еді. Алайда, Гүлфаруз Ресей азаматы болмағандықтан оған квота берілмеді. Кішкентайынан ауруға душар болған қыз бұл клиникаға әлі де үмітті, бірақ қажетті қаражатты жинау қажет. Оның анасы мен әкесі, кез-келген табылған жұмысты істеуде. Бірақ олардың қаражаты жеткіліксіз, әрі мұндай соманы тез-арада жинау қажет. Гулфаруз қазір жүре алмайды, мектепке де бармайды, әрі құрбы-құрдастарымен де араласпайды. Сол себепті, оның мінезі де тұйықталып барады. Гулфаруз, Сіздің көмегіңізге зәру!

Сәлім Рахманов

Соңғы ақпарат:

18 шілдеден бастап Сәлім Оңтүстік Кореяның «Ханканг Кандон Сонсим» клиникасында емделуде.

Туылған жылы: 23.09.2009ж.
Мекен-жайы: Алматы қ.
Диагнозы: Вильмс ісігі
Отаның құны: 43 000 USD
Қажетті сома: 38 000 USD

Алматының жас келіншегі Эльмира Рахманова сіздерден көмек сұрайды. Оның ұлы, төрт жасар Сәлім туылғанынан қатты ауырады. Балалада Вильмс ісігі бар. Нефробластома – бүйректің эмбриональдік тканінен өсетін өте қатерлі ісік. 4 жылдың ішінде Сәлімге 3 ота мен химиялық курстың 23-і өткізілді. Ол тіпті емханадан шықпайды. Кішкентай сәбидің әр химиотерапия процедурасы кезінде денесі қатты ауырады. Оның батылдығы да ерекше, тіпті жылаған анасына: «Анашым жылама, менің еш жерім ауырмайды. Көресін әлі, өскен кезде мен сені алақаныма салып, дәрінді алып беремін», -дейді. Қазір дәрігерлер Сәлімнің қатерлі ісігі — рактың 4-ші дәрежесі деп белгілеп отыр.

Отанында дәрігерлер қолынан келгеннің бәрін істеді, бірақ баланың анасы бір ғажаптың барына сеніп, шет елде баланың ауруынан құтылуға көмектеседі деп үміттенеді.

Сәлімнің әкесі балалада қатерлі ісіктің барын біліп, отбасыны тастап кетті. Эльмираның тағы да бір баласы бар. Сәлімді, біздің бірнеше балаларымызға қол ұшын созған Кореяның клиникасында күтіп отыр. Қазіргі кезде Сәлім үшін уақыт есебі айларға емес, сағаттарға тәуелді. Анасының жанының қиындығын сөзбен жеткізу мүмкін емес. Сәлімнің жанұясына Сіздің кез-келген көмегіңіз қажет-ақ!

Алена Максимова

Соңғы ақпарат: Маусымның 13-нен Алена Оңтүстік Кореяның «Ханканг Кандон Сонсим» клиникасына жатқызылды. Қазір сонда емделуде.

 

Туылған жылы: 23.05.2004ж.
Мекен-жайы: Алматы қ.
Диагнозы: бас сүйегінде хордома ісігі, мойын омартқасының бүлінуі
Отаның құны: 30 000 USD

Алена Максимованың ата-анасы Сіздерден көмек сұрайды, өйткені олардың соңғы үміті сіздерде. Осыдан жеті жыл бұрын, Алена 2 жарым жасқа келген кезде олар қайғыға душар болды. Ол кезде кішкентай сәби жүгіріп, еш алаңсыз ойнап, күліп жүретін. Бірақ, бір күні қыздың денсаулығы нашарлап, толық тексеруден өткен соң оның мойын омыртқаларының бұзылуы мен бас сүйегіне жақын орналасқан ісіктің бары анықталады. Аленаға шұғыл арада ота жасау үшін, Бурденко атындағы ғылыми зерттеу институтына (Мәскеу) жіберілді. 2007 жылдың 29-шы қаңтарында сәбиге ота жасалып, мойынның екі омыртқасы алынып тасталып, орнына титандық металл конструкциясы қойылды. Операция ауыз қуысы арқылы жасалғандықтан кішкентай мойынға арнайы түтікше-трахеостома қойылған, сәби әлі күнге дейін сол арқылы дем алады. Аленаның денсаулығы біраз жақсарып қалған еді. Өзі жүретіндей болды, бірақ 1,5 жыл ішінде не сөйлей алмай, не тамақты жұтынамай қиналды. Ата-анасы барынша сәбидің көңілін көтеруге тырысты. Алайда, екі жасар балаға оның неге тамақты іше алмайтыны, я сөйлей алмайтыны туралы қалайша түсіндіруге болады. Су перісі де сөлей алмады, оны дауысы кейін ғана шыға бастады деп те алдап келеді. Онымен тек қол қимылдары, ымдасу арқылы араласады.

Алайда, бір жылдан соң ісік қайта өсе бастады. Біздің және ресейлік нейрохирургтардың медициналық консилиумы оған, қайта ота жасауға болмайды деп шешті. Кішкентай сәбидің денсаулығы нашарлай түсіп, баланың қолдары мен аяқтары жұмыс істемейді, тек домалақ көздері ғана жыпылықтап қояды. Оған осының барлығы: реанимация, ес-түссіз жату, өкпесіне жасанды демалу аппараты да қойылды…

Бірақ бір ғажайып оқиға орын алды, еш ем қолданбастан ісік қайта бастаған еді. Аленушка қолмен қозғап, отыруды қайта үйрене бастады, тамақты өзі ішетін болды. Бірақ, жүре алмайды. Қазір Аленаға тек шет елде жасалатын арнайы мамандандырылған ем қажет. Ата-анасының жалғыз үміті, кішкентай бүлдіршінді аман алып қалуға көмегіңізді берсеңіздер!

Кәмшат Қуаныш

Соңғы ақпарат:

16-шы шілдеден бастап, 4-ші тамызға дейін Кәмшат «CORTEX» медициналық орталығында (Ресей, Мәскеу қ.) ем қабылдауда.

Туылған жылы: 02.04.2010ж.
Мекен-жайы: Алматы қ.
Диагнозы: ДЦП, ауыр спастико-гиперкинетикалық түрі, психико-сөйлеудің дамуында бөгеліс.
Емделудің құны: 6 442 USD
Қажетті сома: 1 442 USD
Жанұясының өтініші:

Менің атым Адаева Мейрамгүл Жаулыбайқызы, мен 30 жастамын, мен Қуаныш Кәмшаттың анасымын. Ол 2013 жылдың 2-ші сәуірінде 3 жасқа толды. Кәмшат үйдегі ең тұңғышы, әрі жалғыз бала. 4 жарым айында оған ДЦП (детский церебральный паралич) ДЦП, ауыр спастико-гиперкинетикалық түрі, психико-сөйлеудің дамуында бөгеліс диагнозы қойылған.

Қазіргі кезде Кәмшат жүрмейді, басын өзі ұстай алмайды, отырмайды, енбектемейді, сөйлемейді, өз қолымен тамағын іше алмайды, еріксіз бір қимылдарды жасайды. Дәрігерлердің айтуынша, мұндай балаларға өте ұзақ мерзімді ем қажет. Қызым туылғанынан бастап, оған мынадай ем-шараларды өткіздік:

1) ДГКБ №2, осында балама ДЦП диагнозы қойылды;
2) Ақсай Республикалық балалар клиникалық емханасы;
3) Балбұлақ Республикалық балаларды оңалту орталығы;
4) Астана қ. Республикалық балаларды оңалту орталығы;;
5) Қытай, Үрімші қ., Шуар әскері госпиталі.

Қытайға біз туысқандардың жинаған қаражаты арқылы 2-айға бардық. Дәл қазіргі кезде біз жатақханадан бөлмені жалға аламыз, мен жұмыста жоқпын, ал жолдасым жеке тасушылықпен айналысады. Сондықтан балалаға қажетті емді қабылдай алмаймыз. Мұнда біз тек МБАА-ға бара аламыз. Біз «CORTEX» медициналық орталығында (Ресей, Мәскеу қ.) ем қабылдауға көмегіңізді берсеңіздер деп сұраймыз.

Біз, Сіздердің көмегіңізге зәруміз.

Алдын-ала рахмет, Адаева Мейрамгүл!

*Қысқаша есепті  «Милосердие» қайырымдылық қоғамы» қоры дайындады.

Барлық мәліметтердің анықтығын білу үшін, сондай-ақ қосымша ақпараттар алу үшін мына кеңсеге хабарласыңыздар:

Галина Кветкина және Светлана Селюнина
«ДОМ» қорының үйлестірушілері
Т: +7 (727) 267-66-46
E:  miloserdie2006@rambler.ru
W:  http://www.detdom.kz