«Балаларға өмір сыйла» акциясының 2015 жылғы тамыз айы бойынша қысқаша есеп

01.09.2015

«Балаларға өмір сыйла» акциясының қымбатты қатысушылары – қызметкерлеріміз, клиенттеріміз, Қазкоммерцбанк пен «Құс Жолы» қорының серіктестері!

Біздерге сенім артып, ақ пейіл мен ақ ниеттеріңіз үшін алғысымызды білдіре отырып, бүгінгі мәлімет бойынша Қазақстандағы 1 276 сәбидің денсаулығы мен өмірін сақтап қалуға көмектескен акцияның қазіргі мәртебесі туралы ақпаратты ұсынамыз.

1 782 отаның құны төленді (кейбір балаларға ота бірнеше рет жасалған болатын).
2007 жылдан қазіргі уақытқа дейін төленген оталардың сомасы 10 584 395 USD құрады. Балалардың емі үшін тікелей ата-аналарының шотына жиналған қаражат бұл сомаға кірмеген. Сондай-ақ шетелден келген дәрігерлердің Қазақстанда жасаған оталары есептелмеген.

«Балаларға өмір сыйла» акциясы бойынша балалардың ем алуына немесе оларға ота жасауға қол ұшын бергіңіз келсе, Homebank.kz қаржы порталының Қызметтер/Қайырымдылық сілтемесі арқылы өтіп, көмектесе аласыз.

Есеп Еркін «Мейірімділік» қорымен жасалған

1 қыркүйек 2015 жыл