Балалық шақ әткенщексіз қалай өтпек?! – Жезқазған қаласына сый

12.10.2011

2011 жыл қыркүйектің 2-ші жұлдызы. Осы күні Жезқазған қаласындағы үй аулаларының бірінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына және Қазкоммерцбанктің құрылғанына 20 жылдығына орай аталмыш қалаға және оның кішкентай тұрғындарына арналған балалар ойын алаңы ашылды.

Балалар алаңының іске асырылуына Қор тарапынан 1 млн.теңге көлемінде қаражат бөлінді. Көптен күткен балалар алаңының кешені әткеншектер, төбешіктер, құмсалғыш және белтемірлерден қамтылды. Сонымен қатар алаңда кішкентай бүлдіршіндердің ата-аналарына арналған 6 орындық жайғастырылды.

«Қазқоммерцбанк сияқты қоғамның игілігі үшін жұмыс жасау – бұл барлық қазақстандық бизнестің алдындағы оразан зор корпоративті әлеуметтік жауапкершіліктің айқын үлгісі болып табылады», — деді өз сөзінде Жезқазған қаласының әкімі Аханов Бейбіт мырза.

«Жезқазған қаласында «Қалаға сыйлық» атты қайырымдылық жобасын жүзеге асыра келе, біз өз тарапымыздан қаланың тұрғындарына маңызы бар есте қаларлық сый жасауға тырыстық. Балалар ойын алаңы — бүлдіршіндер мен оның ата-аналарға ұзағынан созылған қуанышқа айналсын деген ниеттеміз», — деген тілек білдірді «Қазкоммерцбанк» АҚ-ы Жезқазған филиалының директоры Ким Валентина ханым.