Балхаш қ. «Болашақ» лагеріндегі балалар алаңы

21.10.2014

2014 жылғы  қазан, Балқаш қ. – Қазкоммерцбанк пен «Құсы Жолы» қайырымдылық қоры «Менің қала үшін» әлеуметтік жобаның аясында балаларға арналған жаңа ойын алаңды жабдықтады.

Балаларға арналған ойын алаңы «М.П. Русаков атындағы жалпы білім беретін № 2 санаторлық мектеп-интернаты» КММ жанындағы «Болашақ» демалыс орны  аумағында орналасқан. Интернаттың оқушылары демалатын жаздық алегрдің аумағында енді тепкіншектер, сырғанап ойнайтын төбешіктер мен турниктер пайда болды.

Бұл Қазкоммерцбанк пен «Құс Жолы» қайырымдылық қорының қалаға сыйлаған екінші ойын алаңы. Алғашқысы, 2013 жылдың күзінде Сәбитова шағын ауданында тапсырылған.

Жоба, тұрғындардың, әсіресе балалар мен жасөспірімдердің демалуға және денсаулығын сақтауға бағытталған, қоғамдық-маңызды бастамаларды қолдау мақсатында  қалалық әкімдіктердің қолдауымен іс-жүзіне асырылуда.

Казком қоғам алдында өз жауапкершілігін түсіне отырып, қалалардың инфрақұрылымдарының дамуына елеулі үлесін қосу үшін  2014 жылы «Менің қалам үшін» жобасының жалпы бюджетін 18 млн теңгеге дейін өсіру тұрасында шешім қабылдады.

Жоба аясында осы сынды спорттық және балалардың ойын алаңдарына арналған жабдықтар Қарағанды, Теміртау, Петропавл қалаларында орнатылды, ал Өскемен қаласының мұражай-қорығында және Сатпаев қаласындағы Таукеншілер алаңында мүсіндік композициялар орын алды.

Жыл соңына дейін, аталған жобаның аясында, көптеген қалаларда ойын және спорт алаңдарының салынуы, мүсіндік композициялардың орнатылуы мен саябақтарды көріктендіру жұмыстары жоспарлануда.