Балхаштағы Орталық емхананың өз «Періштесі» бар

17.05.2011

17 мамыр 2011 ж., Алматы қ. – Қазкоммерцбанк пен «Құс Жолы» қайырымдылық қоры «Періште» жобасының шеңберінде Балхаш қ. Орталық емханасының перзентхана бөліміне құны 25 млн. теңгені құрайтын жаңа медициналық жабдықты сыйға тартты.

Жаңа медициналық жабдықтар кешені әйелдің босануы кезінде, сәби өмірге келгеннен кейін анасы үшін де, бала үшін де, әсіресе олардың жағдайы қиын болған кезде – диагностикадан бастап, ауруларды және шала туған балаларды емдеуге дейін — толық көлемде заманауи медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

«Жаңа медициналық жабдық дәрігерлердің жұмысын жеңілдетіп, ана мен жаңа туған нәрестелердің өлімін азайтуға мүмкіндік береді деп ойлаймын», — деді жабдықты перзентхана бөліміне тапсыру барысында Қазкоммерцбанктің басқарушы директоры Әділ Батырбеков.

Балхаш қ. перзентхана бөлімі республикалық перинаталдық орталықтан шалғай жерде орналасқандықтан және емханаға жергілікті тұрғындармен қатар, жақын ауылдағы әйелдер де келетіндіктен, медициналық жабдықты осы перзентхана бөліміне сыйлау туралы шешім қабылданды. Бұл көмектің аса маңызды жағы – медициналық көмек көрсетуде медициналық жабдықтың әлемдік стандарттарға сай болуы.

Жаңа медициналық жабдықты сатып алмастан бұрын Балхаш қ.Орталық қалалық емханасының дәрігерлері мен мамандар мекеменің перзентхана бөліміне қажетті, ескі немесе жарым-жартылай жұмыс істемейтін жабдықтарды ауыстыру туралы бастапқы қажеттіліктерді айқындады. Содан кейін барып,  «Медико-инновационные технологии» компаниясының мамандары медициналық жабдық кешенінің ең керекті конфигурациясын жасап, перзентхана бөлімі мен емхана басшылығына көрсетті.

Нәтижесінде, жабдықтар кешеніне ең керекті заттар кірді: ультрадыбыстық диагностикалық жүйе, рентгендтік диагностикалық жылжымалы аппарат, ашық реанимациялық жүйелер (жаңа туған нәрестелерді жылытуға арналған), акушерлік транформерлі төсектер, операция жасауға арналған үстелдің толық жинағы, жаңа туған нәрестелерге арналған фототерапия жүйесі, шағын дефибрилляторлар, кереует басындағы мониторлар, шприцтік сорғыштар, ларингоскоптік жинақтар және т.б.

«Ана мен бала өмірі жайлы мәселе көтерілгенде, осындай баға жетпес сыйлық жасағандары үшін Қазкоммерцбанк пен «Құс Жолы» қорына айтар алғысымыз шексіз. Біздің тәжірибелі, жоғары білімді мамандарымыз енді бұрынғыдан да тиімді жұмыс істей алады. Жаңа медициналық жабдықтармен біз Астана мен Алматы қалаларындағы алдыңғы қатарлы перзентхана бөлімдерімен бір деңгейге көтерілеміз», — дейді Балхаш емханасының бас дәрігері Татьяна Мустафина.

«Періште» жобасы 2008 жылдың қыркүйегінде басталды. Жобаның мақсаты – жиналған қаражаттың мақсатына сай жұмсалуына кепілдік бере отырып, Қазкоммерцбанк клиенттеріне қайырымдылық жобаға қатысуға мүмкіндік беру. Ол үшін Қазкоммерцбанктің кез келген бөлімшесіне барып, VISA-ның «Періште» төлем картасын ашқан жеткілікті. Ал банктік комиссияның сомасы банкке емес, перезентхана бөлімдеріне қажетті медициналық жабдықтарды сатып алу үшін «Құс Жолы» қорына аударылатын болады. Қайырымдылық карталардың сатылуынан түскен қаражатқа Қазкоммерцбанк қайрымыдылық жарна ретінде қосымша ақша береді. Осылай жобаның ақтық бюджеті шығарылады.

2009 жылдың мамыр айында Алматы облысындағы Іле ауданының Орталық емханасы «Періште» жобасының шеңберінде медициналық жабдықтар алған алғашқы емхана болды. Емхананың перзентхана бөліміне 31,6 млн. теңге сомасына медициналық жабдықтар сыйланған болатын.

«Періште» қайырымдылық картасын ұстаушылар өздері қалаған жағдайда «Құс Жолы» қорының басқа да қайырымдылық акцияларына қосымша ақша аудара алады. Ақшаны  Homebank.kz интернет-порталы арқылы немесе Қазкоммерцбанктің кез келген бөлімшесіне барып, аударуға болады. Тек өткен 2010 жылдың ішінде Homebank.kz арқылы қайырымдылық жобаларға 6 миллион теңге аударылған болатын.

«Құс Жолы» қоры мен «Медико-инновационные технологии» компаниясының серіктестігіне 4 жылдан асты. Аталған компания да жобаға қайырымдылық көмек көрсетіп, Балхаш қ. емханасына құны 1 млн.теңгені құрайтын көлеңкесіз шамның (операция жасаған кезде қолданатын жарық аспабы) толық жинағын сыйлаған болатын.

Қосымша ақпарат

«Құс Жолы» қайырымдылық қоры 2004 жылы Қазкоммерцбанктің топ-менеджерлерінің бастамасымен тиімді қайырымдылықты нығайту, сондай-ақ, қаржы институтының әлеуметтік-жауапкершілігі ретінде стратегиясын арттыру мақсатында құрылған болатын. Қор өз жобаларын Қазкоммерцбанк филиалдары арқылы республиканың барлық аймақтарында жүзеге асыруда. Қордың өзіндік нақты қайырымдылық стратегиясы және оны жүзеге асыру принциптері бар. Басымдылыққа ие салалар – денсаулық сақтау, білім берудегі проблемаларды шешу, әлеуметтік бастамаларға және мәдени құндылықтарға қолдау көрсету.

«Медико-инновационные технологии» ЖШС ҚР ірі компания болып табылады. Аталған компания емханалық-профилактикалық мекемелерге радиология, рентгенология, хирургия, интенсивті терапия, гинекология, эндоскопия, тіс емдеу, толық диагностика үшін медициналық, зертханалық және технологиялық жабдықтардың толық кешенін ұсынады.

«Казкоммерцбанк» АҚ (КАЗКОМ) – Қазақстандағы және Орталық Азиядағы ірі банктердің бірі. 2010 жылғы 30 желтоқсандағы жағдайға сәйкес Банк активтері 2 688,1 млрд. теңгені құрады.

Банктің ірі акционерлері: «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «Орталық Азиялық инвестициялық компания» АҚ, Н.С.Сұбханбердин мырза, «Alnair Capital Holding» АҚ, Еуропалық Қайта құру және Даму банкі.

Банк акциялары «Қазақстан қор биржасы» АҚ-ның ресми тізімінде тіркелген (KASE). Негізі активі Банктің акциялары болып табылатын ғаламдық депозитарлық қолхаттар (ҒДҚ) Лондон қор биржасының (ЛҚБ) листингінде орналасқан. 2006 жылдың қарашасында КАЗКОМ ТМД-дағы банктердің бірі болып, Лондон қор биржасында ҒДҚ түрінде жалпы сомасы 845 млн. АҚШ долларын құрайтын IPO өткізді.