Батыс Қазақстан облысындағы су тасқынының зардаптарына ұшыраған адамдарға қажетті құрал-жадықтарды жинастырудың аяқталғанына 7 күн қалды

20.07.2011

«Қазкоммерцбанк» АҚ-ы тарапынан 10 млн. теңге бөлінді. Бұл қомақты ақшаны «Құс жолы» қайырымдылық корпоративті қоры 2011 жылы Орал қаласында болған су тасқынынан зиян шеккендерді №1 уақытша орналастыру Орталығының ыстық тағамдарды ұйымдастыруды қолға алған «Отау-Алаң» ЖШС-ның есепшотына аударды. Бұл қаражат 1 айда күн сайын 700-ге жуық адамдарды тамақтандыруына жеткілікті.
19 сәуірден бастап аталмыш Орталық баспанасыз қалған адамдар мен эвакуациялану үстіндегі адамдарды тамақтандыратын болады.

Қымбатты достар, «Құс жолы» қайырымдылық қоры маусымның 1-ші жұлдызына дейін қаражатты жинауды жалғастырады.

Достар, бүгінгі күні кез келгендерініз Орал және оның маңындағы қалаларда болған су тасқынына ұшыраған адамдарға қол ұшын бере алатындарыңызды еске саламыз. Қаражатты жинау Homebank.kz қаржылай порталының «Қайырымдылық/қызметтер» бөлімі арқылы немесе «Құс жолы» қайырымдылық қорының келесі есепшотына аудару арқылы жүзеге асырылады:

Деректемелері:
СТН 600400531189
БСК 190501724
«Қазкоммерцбанк» АҚ-ғы есеп шоты KZ 859261802129937000
Резидент белгі: резидент
Экономикалық сектор коды: 18

Белгілі болғандай 2011 жылдың сәуірдің 12-нен 13-не қарай өткен түнде Орал өзенінің су деңгейі 48 см көтерілген. Ал сәуір айының 13-ші күні кешке қарай су тасқынымен күресу штабының мәліметтері бойынша өзендегі су деңгейі 647 см-ге көтерілген. Батыс аймағының БАҚ-ның мәліметтері бойынша 2011 жылдың сәуір айының 24-ші жұлдызы: «11 миллиард теңге – Қазақстанның батысында болған су тасқының зардаптарының шамалы көрінісі. Аймақта мыңдаған үйлер қирады, бірнеше мың малдар өлді, мектеп, коммуникация жүйесі, ауруханалар мен әлеуметтік нысандар зардап шекті. Батыс Қазақстан облысына ТЖМ-і көршілес аудандардың авариялық-құтқарушы органдарын қатыстырып, бір сәт тоқтамай халықты аман алып қалуға бағыттап отыр. Тіптен 68 түрлі комиссияда кірісіп кетті. Соған қарамастан 7 мыңға жуық адамдар суға кеткен үйлеріне кіре алмай отыр».