«Даму» қоры Қазкоммерцбанкпен бірлесе отырып, «Жұлдыздарға қара» — «Посмотри на звезды» жобасының кезекті кезеңін бастады

07.06.2016

2016 жылғы 7 маусым, Алматы қ. — «Даму» қоры Қазкоммерцбанкпен бірлесе отырып, кәсіпкерлікпен айналысатын мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау мақсатында «Жұлдыздарға қара» — «Посмотри на звезды» жобасының кезекті кезеңін бастады.

Жобаның мақсаты – кәсіпкерлікпен айналысқысы келетін мүмкіндігі шектеулі жандарды ынталандырып, нақты бизнесті дамытуға гранттар бөлу арқылы оларды кәсіпкерлікпен айналасуға тарту.
Жоба шеңберінде байқауға сұраным жіберген бастаушы кәсіпкер-мүгедектерге өз бизнесін дамытуға гранттар бөлінеді.

Жобаның грант иелері байқау негізінде іріктеледі. Қазкоммерцбанктің «Құс Жолы» қайырымдылық қоры» ҚҚ грант иелерінің тізімін жасап, жоба гранттарын қаржыландырады.

Бір гранттың сомасы – 300 мың теңгеден аспайды.

Гранттардың жалпы саны – ең көп 48 (қырық сегіз). Барлық гранттар Қазақстан Республикасының қалаларына бөлінеді, алайда әр қатысушы-қалаға ең көп дегенде 3 гранттан келеді.

Жобаны жүзеге асыру мерзімі – 2016 жылғы 1 маусымнан 1 қыркүйекке дейін

Сұраным жіберу мерзімі – 01.06.2016 ж-дан 01.07.2016ж. дейін

Сұранымдарды «Даму» қорының аймақтық филиалдары қабылдайды.

Толық ақпаратты www.damu-komek.kz сайтынан алуға болады.