«Даму» мен «Құс Жолы» қоры үшінші жыл қатарынан мүмкіндігі шектеулі жандарға өз бизнестерін бастауға көмектесіп келеді

23.12.2014

23 желтоқсан 2014 ж., Астана қ. — «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ мен «Қазкоммерцбанк» АҚ басшылығымен құрылған «Құс Жолы» корпоративті қайырымдылық қоры Қазақстандағы жалғыз қайырымдылық гранттық жоба – «Жұлдыздарға қара» – «Посмотри на звезды» жобаның қорытындыларын жариялайды. Аталған жоба кәсіпкерлікті енді ғана бастаған мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған.

2014 жылы Қазақстанның 14 аймағынан, сондай-ақ Алматы мен Астана қалаларынан тағы 70 мүгедек-кәсіпкер өз бизнестерін дамытуға гранттар алған болатын.

Үстіміздегі жылы гранттың сомасы 200 мың теңгеге дейін ұлғайды. Бұл себептен Қазкоммерцбанк қаржыландырған жобаның бюджеті екі есеге өсіп, 16 миллион теңгені құрады. Ал байқаудың жеңімпаздары екі кезеңде шешілді: маусым айында және қараша-желтоқсан айларында.

Бизнестің идеясына құрылған байқауда Қазақстанның кәмелетке толған, мүгедектігі бар азаматтар қатысты. Олар кәсіпкерлігін енді бастаған немесе ісі бар жеке кәсіпкерлер болу керек еді (сондай-ақ ЖК туралы куәлігі 01.01.2012 жылдан кейін тіркелуі  тиіс еді).

Байқауға келіп түскен өтініштердің үштен бірі 30 бен 40 жастағы мүмкіндігі шектеулі жандардан келіп түсті. Ал әрбір басқа санаттағы азаматтардың өтініштері 23%-дан құрады (20-30 жас аралығында, 40-50 жас аралығында және 50-ден жоғары). Байқауға қатысқандардың 70% —  ер азаматтар.

Байқау жеңімпаздары гранттық ақшаға керекті құрал-жабдықтарын және бизнеске қажетті материалдарын сатып алған болатын.

Грант жеңімпаздарының айналысатын салаларына сай етіп көрсету (%)

Тігу ісі

Массаж қызметтері

Ағаштан, былғарыдан қолөнер бұйымдарын  жасау  

Жөндеу жұмыстары (аяқ киім, жиһаз және т.б.)

Компьюетрлік, заңдық, жарнама,сурет, білім беру қызметтері

Азық-түлік өнімдерін сату немесе шығару

28,4

4,5

13,4

16,4

26,9

10,4

Жобаны жүргізудегі басты принцип – жеңімпаздарды анықтауды ашық түрде жүргізу. Осы себептен ақпараттық демеуші ретінде жобаға бұқаралық ақпарат құралдары мен тәуелсіз әділқазылар шақырылған болатын. Олардың қатарында: жобаның алдыңғы жылдардағы жеңімпаздары, мүгедек жандармен жұмыс істейтін ҮЕҰ мүшелері, сондай-ақ Қазкоммерцбанк мамандары мен «Даму» қорының аймақтағы филиалдарының қызметкерлері.

Тағы бір айта кететін жайт, «Жұлдыздарға қара» жобасының барлық қатысушылары «Даму» қорының арнайы ұйымдастырған оқу бағдарламаларының аясында бизнесті ұйымдастыру мен жүргізу бойынша дәріс ала алады. Сондай-ақ кеңес алу үшін де қормен хабарласса болады.

«Даму» қоры бірнеше жыл қатарынан өзінің «Даму-Көмек» бағдарламасының аясында мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсетіп келеді. Одан бөлек үшінші жыл қатарынан «Құс Жолы» қоры мен Қазкоммерцбанкпен бірлесіп, «Жұлдыздарға қара» жобасын іске асырып келеді. Біз әр тараптың көмегін ұштастырдық – «Дамудың» кәсіпкерлермен жұмыс істеу шеберлігі мен филиалдардағы кең желісін, Казкомның қаржылай көмегін және «Құс Жолы» қорының қайырымдылық жобалардағы тәжірибесін», — деді «Даму» қорының басқарушы директоры Ғабит Лесбеков.

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші, бәріміз бірігіп, мүмкіндігі шектеулі жандарға өз бизнестерін жаңа қырынан дамытып, сол арқылы өмірлерін де жаңа қырынан ашуға көмектесіп жатқанымызға қуанамыз», — деді Қазкоммерцбанктің бұқарамен байланыс департаментінің директоры Лариса Коковинец.

2005 жылы мүмкіндігі шектеулі жандардың қызығушылықтарын іске асыру үшін гранттарды бөлу мақсатында «Жұлдыздарға қара» жобасы Казкоммерцбанктің қатысуымен және «Құс Жолы» қорының бастамасымен қолға алынған болатын. Бұл идея кейін мүмкіндігі шектеулі жандардың жеке кәсіпкерлікке ынтасы арқылы қаржылық тәуелсіздіктерін қамтамасыз ету және әлеуметтік бейімділіктерін баулу мақсатына ұласқан. Сонымен қатар, Қазкоммерцбанк «Даму-Көмек» мүгедектерді бейқаржылай қолдау қайырымдылық бағдарламасына қатысты. 2011 жылы Қазақстанда тұңғыш рет Қазкоммерцбанк «Даму» Қорымен бірлесіп бірмезетте еліміздің 14 аймағынан 33 мүгедек кәсіпкерге тігін машинасын тапсыру акциясын өткізді. Мәселенің өзектілігін және оның қоғамдық  көзқарасты есепке ала отырып, 2012 жылы банк және  «Даму» Қоры ісін жаңа бастаған мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлерді қолдайтын «Жұлдыздарға қара–Посмотри на звезды» бірлескен қайырымдылық жобасын іске асыру шешімін қабылдады.  

2012 жылы байқауға өтінім берген 136 қатысушылардың ішінен 60 мүмкіндігі шектеулі кәсіпкер 100 000 теңге көлеміндегі гранттарға ие болды. 2013 жылы аталған жоба мүгедек кәсіпкерлерді ынталандыру мақсатында өз жалғасын тапты. 2012 жылы байқау жеңімпаздары ішінен 13 адам өз бизнесін әрі қарай дамытуға 150 000 теңге көлеміндегі көтермелеу гранттарын алды.