«Даму» және «Құс Жолы» қорлары мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлерге өз бизнесін ашуға көмектеседі

18.03.2014

«Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ы және «Қазкоммерцбанк» АҚ-ның басшылығы тарапынан құрылған «Құс Жолы» корпоративтік қайырымдылық қоры өз жеке кәсібін жаңадан бастаған мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған Қазақстандағы бірегей «Жұлдыздарға қара — Посмотри на звезды» атты қайырымдылық гранттық жобасының кеңейтілгені туралы хабарлайды.

Жобаның басты мақсаты мүмкіндігі шектеулі адамдардың бизнес идеясын іске асыруға ақшалай гранттар беру болып табылады. Биылғы жылы жобаның жалпы бюджеті екі есеге өспек, яғни 16 млн.теңгені құрап отыр, бір гранттың сомасы 100 мыңнан 200 мың теңгеге дейін өсті, ал грант алушылардың саны 80 адамды құрайды (2013ж.- 60 адам). 
2014 жылғы 26 наурыздан бастап «Жұлдыздарға қара – Посмотри на звезды» атты кезекті жоба еліміздің 14 аймағында, сонымен қатар Астана және Алматы қалаларында өз жұмысын бастайды. Бизнес идея байқауына мүгедектік топқа жататын, жеке кәсіпкерлікпен айналысуды бастаған немесе айналысатын кәмелетке толған кез-келген Қазақстанның азаматы қатыса алады (ЖК куәлігін тіркеу күні 01.01.2012 ж. бұрын емес). Байқауға қатысуға өтініш «Даму» қорының аймақтық филиалдарында қабылданады. Өтініш нысандарының үлгісі, оны толтырудың тәртібі және құжаттар топтамасының тізімін www.damu-komek.kz сайтынан алуға болады.

2014 жылы гранттық байқаудың жеңімпаздары екі кезеңде: маусымда және қарашада анықталады. Жеңімпаздарды таңдаудың ашықтығы жобаны жүргізудің маңызды қағидасы деп есептейді ұйымдастырушылар. Осы мақсатта ақпараттық серіктестер ретінде бұқаралық ақпарат құралдары, тәуелсіз сарапшылар тобына жобаның өткен жылғы жеңімпаздары, сонымен қатар Қазкоммерцбанк және «Даму» Қорының аймақтық филиалдарының мамандары шақырылған.

«Даму» Қоры жеке іспен айналысуға бел буған мүмкіндігі шектеулі жандарға көп көңіл бөледі. Бірнеше жыл бойы біз қажетті құрал-жабдықтар немесе материалдарды сатып алу үшін демеушілерді іздестіретін «Даму-Көмек» атты жеке бағдарламаны іс-жүзіне асырып келеміз. «Жұлдыздарға қара — Посмотри на звезды» атты жобаны үш жыл бойы біз, оның серіктестері Қазкоммерцбанк және «Құс Жолы» қорымен бірлесіп жүргізудеміз. Біз, Қазақстандағы шағын және орта бизнесті дамытушы екі институт ретінде ортақ күшімізді біріктірдік. Бұл жобаға біздің филиалдың қызметкерлері тартылып отыр – мүмкіндігі шектеулі жандардың кәсіпкерлікке ұмтылысын гранттармен көтермелеу үшін негізгі басымдық аймақтардағы жұмысқа бағытталған», — деп атап өтті «Даму» Қорының басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова.

«Мемлекет басшысының жуырдағы үндеуіне сәйкес мүгедек жандарды жұмысқа орналастыру, олардың әлеуметтік бейімділігі және оларды тең мүмкіндіктермен қамтамасыз етуге байланысты қолдау мәселесі қоғамда ерекше өзектілікке ие. Аталған тапсырманы жеке банктің және мемлекеттік қордың күшімен бірнеше жыл бойы атқарып келе жатқанымыз бізді шабыттандырады», — деді Казкоммерцбанктің атқарушы директоры, «Құс Жолы» қайырымдылық қорының президенті Ален Шаяхметов. Қазкоммерцбанк өзінің негізгі қызметі – мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде шағын және орта бизнесті қаржыландыру бойынша бұрыннан «Даму» Қорымен әріптес. Біз үшін мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қолдау бағытында ресурстарымызды ортақ біріктіру маңызды болып көрінді. «Дамудың» кәсіпкерлермен және банктермен бірегей жұмыс тәжірибесі мол, аймақтық кең желісі бар, әсіресе маңыздысы ісін жаңа бастаған кәсіпкерлермен жұмысы — оқыту және кеңес берудің қалыптасқан жүйесіне ие. «Жұлдыздарға қара» жобасының барлық қатысушыларына бизнесті ұйымдастырудың және жүргізудің қажетті машықтарды алуға, сонымен қатар өздерінің коммерциялық бастамаларын өмірде нақты іске асыруға мүмкіндіктерді ұсынады».

2005 жылы мүмкіндігі шектеулі жандардың қызығушылықтарын іске асыру үшін гранттарды бөлу мақсатында «Жұлдыздарға қара» жобасы Казкоммерцбанктің қатысуымен және «Құс Жолы» қорының бастамасымен қолға алынған болатын. Бұл идея кейін мүмкіндігі шектеулі жандардың жеке кәсіпкерлікке ынтасы арқылы қаржылық тәуелсіздіктерін қамтамасыз ету және әлеуметтік бейімділіктерін баулу мақсатына ұласқан. Сонымен қатар, Қазкоммерцбанк «Даму-Көмек» мүгедектерді бейқаржылай қолдау қайырымдылық бағдарламасына қатысты. 2011 жылы Қазақстанда тұңғыш рет Қазкоммерцбанк «Даму» Қорымен бірлесіп бірмезетте еліміздің 14 аймағынан 33 мүгедек кәсіпкерге тігін машинасын тапсыру акциясын өткізді. Мәселенің өзектілігін және оның қоғамдық көзқарасты есепке ала отырып, 2012 жылы банк және «Даму» Қоры ісін жаңа бастаған мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлерді қолдайтын «Жұлдыздарға қара–Посмотри на звезды» бірлескен қайырымдылық жобасын іске асыру шешімін қабылдады. 

2012 жылы байқауға өтінім берген 136 қатысушылардың ішінен 60 мүмкіндігі шектеулі кәсіпкер 100 000 теңге көлеміндегі гранттарға ие болды. 2013 жылы аталған жоба мүгедек кәсіпкерлерді ынталандыру мақсатында өз жалғасын тапты. 2012 жылы байқау жеңімпаздары ішінен 13 адам өз бизнесін әрі қарай дамытуға 150 000 теңге көлеміндегі көтермелеу гранттарын алды. 

Анықтама үшін: 
«Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ әзірлеген мүгедек-кәсіпкерлерді қаржылық емес қолдаудың «Даму-Көмек» бағдарламасы «Даму» қорының 2009-2013 жылдарға арналған стратегиялық даму аясындағы шаралардың қисынды жалғасы болып табылады. 
Аталған Бағдарламаның шеңберінде «Даму» қоры www.damu-komek.kz сайты арқылы жұмыс істеп жүрген және істерін жаңа бастаған, бизнесін жүргізуде немесе ашуда белгілі бір проблемалары бар мүгедек кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастама танытқан мүгедектердің мәселелерін шешу үшін шынайы мүмкіндіктері бар ұйымдардың, соның ішінде жеке тұлғалардың арасындағы байланыстырушы буын болып табылады. 

«Құс жолы» қайырымдылық қорын 2004 жылы Қазкоммерцбанктің топ-менеджерлері корпоративтік әлеуметтік жауапкершілікті жүзеге асыру мақсатында құрған. Қордың бюджеті таза кірістен жасалатын төлемдерден және банк қызметкерлерінің, серіктестерінің және клиенттерінің ерікті қайырымдылық қаржылары есебінен қалыптасады. Қорда қайырымдылықтың нақты өз тұжырымдамасы және оны іске асыру қағидалары бар. Жобаларды бүкіл Республика бойынша Қазкоммерцбанктің филиалдары арқылы жүзеге асырады.