«Дәрігер Аяз ата» 2010-11 жаңажылдық жобасының қорытындысы

01.02.2011

«Қайырымды дәрігер Аяз ата туберкулезді жеңеді!»

2011 жылға аяқ басар шақта «Дәрігер Аяз ата» еліміздегі туберкулезге қарсы балалар мекемелеріне, шипажай мен диспансерлерге ерекше көңіл бөлді. Осы мекемелердің зертханаларына 20 бинокулярлы микроскоптар сыйға тартып, жаңажылдық шырша кештерін ұйымдастырып, балаларға сыйлықтар табыс етті. КАЗКОМ филиалы қызметкерлері осы бірыңғай жоба идеясын жүзеге асыруға бюджеттен қаржының 17 млн. теңге құрағандығын айтады.

«Дәрігер Аяз ата» – «Құс жолы» қайырымдылық қорының Казкоммерцбанк бөлімшелерімен бірлескен түрде жыл сайынғы жасайтын жобаның атауы. Әу баста бұл жобаны ұзақ уақыт бойы арнайы мамандандырылған медициналық мекемелерде жүргізуге мәжбүр болған еді. Жобаның маңыздылығы да сол, сырқат балаларға сыйлық пен тәттілер берумен ғана шектеліп қалмай, денсаулығын түзеуге де көмек жасады. Арнайы мерекелік концерттік бағдараламар ұйымдастырып, ең негізгі сый – медициналық құрал-жабдықтарды сатып әкеп, орналастыру балғындардың тезірек сауығып кетуіне өз септігін тигізетіні белгілі.

Туберкулезге қарсы мекемелердің қажеттілігін қамтамасыз етуде басты сыйлық Leica DM 500 заманауи бинокулярлы микроскобы болып табылды. Оның көмегімен туберкулез бөлімдерінің зертханалары күрделі анализдерге жедел-ғабыл талдау жүргізуге мүмкіндік алды.

Жобаның атсалысқан барлық  қатысушылардың тізімі ішінен қорытынды кезінде Алматы қаласындағы №1 шипажайы таңдап алынды. Қаладағы ең негізгі балалар сауықтыру мекемесінде ең басты диагностикалық құрал-жабдық іске қосылды. Осыған байланысты құттықтау екі баспалдақ бойынша жолданды. Туберкулезге қарсы  шипажайы жаңа жыл қарсаңында «Дәрігер Аяз ата» жобасынан  10Л6-01 «Арман-6» жылжымалы рентген аппаратын алды. Портативті «Арман-6» құралы мобильді түрде  қызмет көрсетуді жеңілдетіп, жас балғынның кеудесіне рентген жасауға мүмкіндік жасайды. Тіпті, бала өздігінен қимылдай алмайтын жағдайда немесе кереуетте жатқан жерінде де рентгенге түсіруге болады. Сондай-ақ, рентген құралының басқару пультінің ұзындығы 5 метрге жетеді. Бұл алыс қашықтықта тұрып та рентгенге түсіруге болады деген сөз.

Ал құттықтаудың екінші баспалдағы шипажайға Leica DM 500 бинокулырлық (екі окуляры бар) микроскопты берумен байланысты. Әрине, мамандар туберкулезге қарсы күресті жедел диагностикалаудың осындай әдісін қолдану арқылы  жүргізуге болатындығын екі бастан мойындайды. Яғни, микроскопты қолданусыз бұл мәселені дер кезінде шешу мүмкін еместігі анық.

«Дәрігер Аяз ата» шипажайда ем алып жатқан балаларды да сыйлықсыз қалдырмады. Оларға қайырымды дәрігер Аяз ата тәттінің түр-түрін әкелді.

Әрине, табысты әрі жетістігі мол жағымды жаңалықтармен бөліскенге не жетсін! Әсіресе жұмыстың қорытындысына ұжымды түрде қол жеткізіп, жетістіктерді бірге бағындырсақ, бұл өзіңді ғана емес, айналаңдағы адамдарды да қуанышқа бөлейді. Ал егер сенімен бірге балалар да қуанып жатса, үш есе жетістік емес пе?!

Біз балаларға тез арада әрі толыққанды жазылып кетуіне тілекстеспіз!

Өзінің жүрекжарды қуанышты құттықтауларымен біздің «Құс Жолы» қоры мен Казкоммерцбанк бөлімшелерінің қызметкерлері бөліседі:

«Кішкентай балғындардың таңдайын қағып, тақпақ айтып, ән салып, би билеп тұрған түрлеріне қарап, мен өзімнің балалық шағыма саяхат жасағандай әсерде қалдым. Тіпті   балабақшадағы, мектеп табалдырығындағы бақытты кездерім есіме түсіп, өте қуанышты жағдайда қалдым. Осы мекемені дәл осындай мейрам күні, қайырымды ниетпен аттап отырғаныма көңілім толып отыр», — дейді Жезқазған филиалының ОРБ бастығы Қайырбек Исмаилов мырза.

«Білесің бе, біз сол микроскопты «Чайка» сауықтыру мекемесінің бас дәрігері Нұрмағамедов Жәнібек Қараұлына  табыстағанымызда, ол бізге ең қауіпті де қатерлі туберкулез ауруы туралы көп әңгіме айтып беріп, біз әкелген микроскоптың ауадай қажеттігін жеткізген еді. Шынында да, бұл жерде әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасының балалары көп екен. Олар кіп-кішкентай, өте нәзік. Тіпті, бала болып күлгенді де білмейді… өкініштісі, олар өз жасынан 10 жасқа ересек көрінеді… Осындай маңызды қайырымдылық жобаларға қатысу арқылы өмір туралы ойлана бастайды екенсің», — деп «Казкоммерцбанк» АҚ Ақтөбе филиалының ОРБ жетекші маманы Әсемгүл Орынбасарова өзінің әсерімен бөлісті.

Ал «Казкоммерцбанк» АҚ Орал филиалының маркетологы Роман Железнов: «Ивушка» балалар шипажайының жаңажылдық ертеңгілігіне қатысып, әртүрлі сыйлықтар алып, мәз болысқан балалардың шаттық күлкісінен алғаш рет жағымды әсер алдым. Ал зертханаға жоғары технологиялық микроскопты әкелгенде шипажай дәрігерлерінің қуаныштарында шек болмады», — дейді ағынан жарылып.

«Құттықтау шарасы өте тамаша өтті! Мен тіпті бәрі де осылай сәтті өтеді деп ойламаппын!», — деген «Казкоммерцбанк» АҚ-ның Жамбыл филиалы ОРБ жетекші маманы Айжан Мұхамеджанова да қуанышын білдірді.

Туберкулезге қарсы балалар мекемелерінің тізімі«Дәрігер Аяз ата» қатысушылары:

  1. Көкшетау қаласындағы Қоңыратбек Құрманбаев атындағы «Ақмола облыстық туберкулезге қарсы диспансер» МКҚК
  2. «Балқаш қаласының туберкулезге қарсы балалар шипажайы» мемлекеттік мекемесі»
  3. «Балқаш қаласының балалар ауруханасы» МКҚК
  4. Петропавл қаласындағы «Туберкулезге қарсы облыстық  диспансер» МКҚК
  5. Шымкент қаласындағы «Туберкулезге қарсы облыстық диспансер» ҚМ
  6. Жезқазған қаласындағы «Нұр» туберкулезге қарсы балалар шипажайы» ҚМ
  7. ШҚО, Мақаншы елдімекеніндегі (Семей)  «Үржар ауданының туберкулезге қарсы ауруханасы»  КГКП
  8. Қарағанды қаласындағы «Туберкулезга қарсы облыстық диспансер» ҚМ
  9. Ақтөбе қаласындағы «Чайка» Ақтөбе облыстық балалар сүйек туберкулезі шипажайы» МКҚК
  10. Ақтөбе қаласындағы «Ақтөбе облыстық туберкулезге қарсы диспансер» МКҚК
  11. Алматы қаласы «№1 туберкулезге қарсы шипажай» МКҚК
  12. Тараз қаласындағы «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жамбыл облыстық туберкулезге қарсы балалар ауруханасы» мемлекеттік мекемесі,
  13. Қызылорда қаласы «Қызылорда облыстық туберкулезге қарсы диспансер»  ҚМ
  14. Атырау қаласы «Атырау облыстық туберкулезге қарсы диспансер»  МКҚК
  15. Атырау қаласы  «Облыстық  туберкулезге қарсы балалар шипажайы» МКҚК
  16. Қостанай  қаласы «Қостанай облыстық туберкулезге қарсы диспансер» ҚМ
  17. Ақтау қаласы «Облыстық туберкулезге қарсы диспансер» МКҚК
  18. Астана қаласы «Туберкулезге қарсы диспансер» ҚМ
  19. БҚО, Деркұлы елдімекені (Орал) «Ивушка» облыстық туберкулезге қарсы балалар шипажайы» ҚМ