Дәрігер Аяз ата Қазақстан бойынша өз сапарын аяқтады

16.12.2011

Қазкоммерцбанктің корпоративті «Құс жолы» қайырымдылық қорының жыл сайын республикалық деңгейде өтетін «Дәрігер Аяз ата» акциясының шеңберінде Қарағанды облысы әкімдігінің «Теміртау қаласының балалар ауруханасы» МКҚМ-ның кардио-неврологиялық бөліміне соңғы жиырмасыншы тренажер жеткізілді. Аталған тренажер БЦС-мен ауыратын балалардың сүйеніш-қозғалу аппаратын жұмыс істетіп, жақсартуға арналған.

Бұл арнайы тренажерлар Қазкоммерцбанк өткізген екі қайырымдылық мәдени шара – Олег Меньшиковтың театрлық серіктестігінің қойылымдары және америкалық джаз орындаушыларының концертіне сатылған билеттерден түскен қаражаттың есебінен сатып алынды. Жиналған ақша мөлшері 19 миллион теңгеден астам соманы құрады. Бұл қаражат «Дәрігер Аяз ата» акциясының бюджетінен асып түсті. Сондықтан артылған 4 миллион теңге «Періште» жобасына — шалғай жерлердегі перзентханаларды жабдықтауға жұмсалады.

Сатып алынған жабдықтың халықаралық сертификаты бар және мамандар тарапынан оң баға алды. Тренажерлар ересек балалардың бұлшық еттерін, күш-жігерін, тонусын, төзімділігін шыңдауға, жалпы физикалық формасын жақсартуға арналған. Тренажердың бір маңызды жағы – оны жүре алмайтын ауру балаларға да қолдануға болады.

«Дәрігер Аяз ата» жобасын «Құс жолы» қайырымдылық қоры Қазкоммерцбанктің Қазақстанның ірі қалаларындағы филиалдарымен бірге төртінші жыл қатарынан өткізуде. Аталған акцияның мақсаты – уақытының басым бөлігін сауықтыру орталықтарында немесе ауруханаларда өткізуге мәжбүр балалардың денсаулығын жақсартуға көмектесетін сауықтыру жабдықтарын сыйлау.

Балаларға жаңа жылдық көңіл-күй сыйлап, олардың мерекелік ортаны сезінуі үшін «ертегідегі және мультипликационды кейіпкерлер» шақырылды. Өйткені емделіп жүрген балаларға жаңа жылдық ертегі сыйлап, оларға тым болмаса бір күндік мереке сыйлау өте маңызды.

Өткен жылы «Дәрігер Аяз ата» акциясы республиканың 16 қаласындағы 20 туберкулезге қарсы балалар мекемесінде өтсе, үстіміздегі жылы Дәрігер Аяз ата Қазақстанның 19 қаласындағы 20 балалар сауықтыру орталықтары мен медико-әлеуметтік мекемелеріне барып қайтты.

Төменде арнайы тренажерлар алған балалар сауықтыру орталықтары мен медико-әлеуметтік мекемелердің тізімі көрсетілген:

1. Ақтау – «Маңғыстау облыстық балалар психоневрологиялық интернат үйі» ММ
2. Ақтөбе – «Қалалық балалар клиникалық ауруханасы» МКҚМ
3. Алматы – «Ақсай» республикалық балалар клиникалық ауруханасы» РМҚМ
4. Астана – «№2 Балалар қалалық ауруханасы» МКҚМ жанындағы БЦС ауыратын балаларға арналған ЕДШ кабинеті
5. Атырау – «Облыстық балалар сауықтыру орталығы» МКҚМ
6. Балхаш –»Үлкен жүрек» ҚБ жанындағы психофизикалық мүгедек балаларды емдейтін «Бота жан» кабинеті
7. Жезқазған – «Талап» ҚБ жанындағы Жезқазған қаласының мүмкіндіктері шектеулі балалардың күндіз жататын «Аялы алақан» орталығы
8. Қарағанды – «Қарағанды облыстық сүйеніш-қозғалу аппараты зақымданған балаларға арналған мектеп-интернаты» ММ
9. Көкшетау – «Көкшетаулық балалар психоневрологиялық және сүйеніш-қозғалу аппаратының функциясы бұзылған балалар мекемесі»
10. Қызылорда – «Облыстық сауықтыру орталығы» МКҚМ
11. Павлодар – «Облыстық сүйеніш-қозғалу аппараты бұзылған балаларды сауықтыру орталығы»
12. Павлодар – «Павлодар облыстық балалар ауруханасы» МКҚМ-ның неврологиялық бөлімі
13. Петропавл – «Облыстық балалар ауруханасы» МКҚМ жанындағы сауықтыру бөлімі
14. Семей – «Семей қ. аралас типтегі №1 емханасы» МКҚМ-ның қалпына келтіру терапиясы бөлімі
15. Талдықорған – «Талдықорған психоневрологиялық медико-әлеуметтік «Қамқор» мекемесі»
16. Тараз – «Облыстық неврологиялық патологиясы бар балаларға арналған сауықтыру орталығы» МКҚМ
17. Теміртау – Қарағанды облысы әкімдігінің «Теміртау қ. балалар ауруханасы» МКҚМ кардио-неврологиялық бөлімі
18. Орал – Көшім аулындағы «Көшім балалар психоневрологиялық медико-әлеуметтік мекемесі»
19. Өскемен – «Сүйеніш-қозғалу аппараты бұзылған балаларға арналған МСУ»
20. Шымкент – «Облыстық орталық жүйке жүйесі зақымданған балаларға арналған «Мейірім» сауықтыру орталығы