«Дәрігер Аяз ата» жаңа жылдық акциясы өткізілетін мекеме таңдап алынды

09.11.2010

Биылғы жылы «Құс Жолы» қоры «Дәрігер Аяз ата» жаңа жылдық акциясын өткізу орны ретінде балалар туберкулезіне қарсы медициналық мекемені таңдап алды.

«Құс Жолы» қоры мен Қазкоммерцбанк бөлімшесінің еріктілері туберкулез ауруымен ауыратын кішкентай балаларды құттықтап, оларға түрлі сыйлықтар сыйлап ғана қоймай, сонымен бірге диагностикалық құрал-жабдықтарды да тарту етті.