Елбасы қайырымдылық шараларына өз үлесін қосқаны үшін Қазкоммерцбанкке алғысын білдірді

30.12.2015

2015 жылғы 30 желтоқсан, Алматы қ. — 2015 жылдың қорытындысы бойынша Қазкоммерцбанктің белсенді қайырымдылық ісі жоғарғы мемлекеттік дәрежеден танылды. Банктің қайырымдылық ісіне қосып жатқан үлесі мен қоғамда мейрімділік, адамгершілік, әлеуметтік ниеттестік принциптерінің бекітілгенін ескере отырып, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазкоммерцбанкке алғыс хат жіберді. Аталған хатта елбасы банктің ұжымына денсаулық тілеп, осы қайырымдылық ісінде тек жетістіктерге жете беруге ниет білдірді.
Айта кететін жайт, 2015 жылы Қазкоммерцбанктің қайырымдылық іс-шаралары Қазақстан халқы Ассамблеясының алғыс хатында да жазылған болатын. Осындай қадамдармен мемлекет пен қоғам әлеуметтік жауапкершілікті ұстанатын бизнес-құрылымдарының өкілдерімен ниеттес екендіктерін, қайырымдылық саласындағы белсенділіктерін қолдайтынын білдіреді.

Әлеуметтік жауапкершілікті ұстанатын ұйым ретінде Қазкоммерцбанк 20 жылдан бері қайрымдылық пен демеушілік іс-шараларға қолдау көрсетіп келеді. 2004 жылы банктің акционерлері Қазақстанда алғашқы корпоративтік қайырымдылық «Құс Жолы» қорын ашқан еді, сондай-ақ қазақстандық компаниялардың ішінде бірінші болып БҰҰ-мен корпоративтік әлеуметтік жаупкершілік турасында Жаһандық шартына қол қойды.

Естеріңізге сала кетейік, «Құс Жолы» қорының негізгі мақсаты — елімізде ана мен бала өлімін азайтуға, мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсетіп, әлеуметтік бастамаларды қолдау.

Үстіміздегі жылы банк «Періште» жобасының аясында мерзімінен ерте туылған сәбилерде кездесетін ретинопатия дертімен күресуге бағытталған екі жылдық бағдарламасын аяқтады. Нәтижесінде, еліміздегі Алматы, Астана, Қарағанды, Шымкент, Атырау, Павлодар және Өскемендегі жеті перинатальдық орталығы ретинопатия дертіне дер кезінде ота жасауға арналған заманауи медициналық лазермен жабдықталды.
Ал «Жұлдыздарға қара» бірегей жобасының аясында банк мүмкіндігі шектеулі адамдарға өз бизнестерін ашып, оны ары қарай дамыту үшін ақшалай 70-тен астам қайтарылмайтын грант бөлген болатын. Ал Банк жобасының серіктесі «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры жобаның жеңімпаздарына – мүгедектегі бар жандарға — «Бизнес-кеңесші» курстары арқылы тегін білім алу мүмкіндігін ұсынады.

Сонымен қатар, Қазкоммерцбанк «Мейірімділік» («ДОМ») ерікті қоғамның қамқоршы кеңесінің мүшесі әрі «Балаларға өмір сыйла» қайырымдылық бағдарламасының қаржы операторы болып табылады. Аталған бағдарламаның Қазкоммерцбанктегі шоттарына комиссиясыз қызмет көрсетіледі, сондай-ақ бірнеше жыл бұрын Қазкоммерцбанктің Homebank.kz қаржы порталында қайырымдылыққа қаражат жинау мүмкіндігі ашылған. Тек 2015 жылдың өзінде банктің төлем карталарының иелері «Балаларға өмір сыйла» бағдарламасының шотына шамамен 30 млн теңге аударған болатын.

Үстіміздегі жылы банк «Мейірімділік» ерікті қоғамның тағы бір қайырымдылық бастамасын қолдады. Банк «Аутизмді жеңеміз» жобасының аясында «аутизм» диагнозы қойылған балаларды емдеуге бағытталған арнайы электрондық кітаптың шығуына қаржылай көмек берді.