Енді Үржардың өз «Періштесі» бар

22.10.2012

2012 жылғы 22 қазан – «Құс жолы» қайырымдылық қоры Қазкоммерцбанкпен бірге өзінің бірлескен «Періште» жобасы аясында Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық ауруханасының жансақтау бөлімін жалпы сомасы 25,3 млн. теңгеге заманауи медициналық құралдармен жабдықтады.

Үржар кентінде дүйсенбі күні ресми түрде табысталған медициналық құрал-жабдықтар кешені аналарға диагностика жасаудан бастап, ауруларға және шала туған сәбилерге күтім жасауға дейін, әсіресе босану кезінде және босанғаннан кейінгі ауыр жағдайларда уақтылы толық медициналық жәрдем көрсетуге мүмкіндік береді.

«Ауылдық ауруханалардың басым көпшілігінде босану бөліміне арналған жеке жансақтау бөлімдері бола бермейді. Сондықтан біздің жабдығымыз тек босанатын әйелдер мен олардың сәбилеріне ғана емес, сондай-ақ жедел жәрдемді қажет ететін басқа ауруларға да септігін тигізеді», — дейді Қазкоммерцбанктің басқарушы директоры және «Құс Жолы» қайырымдылық қорының президенті Мағжан Әуезов.

Үржар аудандық ауруханасын медициналық құралмен жадбықтау облыстық денсаулық сақтау басқармасының ұсынысы бойынша жасалған болатын. Үржар ауылы теміржолдан, басты автомобиль жолынан және республикалық перинаталдық орталықтан жырақта жатыр. Ең жақын перинаталдық орталық Өскемен қаласында орналасқан. 2011 жылғы деректер бойынша Үржар ауданының халық саны 81,3 мың адамды құрайды. Аудан тұрғындарының көпшілігі, яғни 27 ауылдық округтар мен 55 ауылдық елді мекен тұрғындары медициналық жәрдем үшін Үржар аудандық ауруханасына барады.

«Құс Жолы» қорының қызметкерлері медициналық құралдарды техникалық жағынан қамту және ескі, жартылай жұмыс істемейтін жабдықтарды ауыстыру кезек күттірмейтін қажеттілік екенін байқады. Бұдан соң «Медициналық-инновациялық технологиялар» компаниясының мамандары тиімді медициналық жабдықтар кешенін жасап, оны дәрігерлермен және аурухана басшыларымен келісті.

Жалпы қор орнатқан медициналық кешен 13 заманауи техникалық жабдық атауынан тұрады, атап айтқанда: акушерлік кресло-кереует (Финляндия), гидравликалық биіктікті реттегіші бар қарауға және тексеруге арналған медициналық гинекологиялық үстел (Финляндия), наркозды-тыныс алу аппараты (АҚШ), екі фазалық портативті дефибриллятор (Жапония), жансақтау кешені (АҚШ), ультрадыбыстық диагностика жүйесі (Қытай), кереует жанындағы монитор (Жапония), ларингоскоп жиынтығы (Италия), сондай-ақ басқа да медициналық жиынтықтар.

«Құс жолы» қорымен соңғы алты жыл бойы серіктес болып келе жатқан «Медициналық-инновациялық технологиялар» жеткізуші-компаниясы ауруханаға инфузиялы валюметрлік сорғыштарын (Германия) тегін бере отырып осы жолы да аталған жобаға өзінің қайырымдылық үлесін қосты.

Қазкоммерцбанк аталған жобаға тек қаржылай көмек көрсетіп қана қойған жоқ. Банк Қазақстанда алғаш рет клиенттеріне арнайы қайырымдылық төлем картасын сатып алу арқылы жобаға қолдау көрсету мүмкіндігін ұсына отырып, әлеуметтік маркетинг құралын қолданды.

Балалар салған суреттер бейнеленген картаны сатып ала отырып, Қазком клиенті қосымша ештеңе төлемейді – банктік комиссия сомасы банк кірісіне емес, «Құс жолы» қайырымдылық қорына аударылады. Қайырымдылық карталарын сатудан түскен сомаға Қазкоммерцбанк қайырымдылық жарнасы ретінде тағы үштен екі бөлігін қосымша қосады, сонда жобаның нақты бюджеті құрылады. Осылайша «Періште» жобасы Қазкоммерцбанктің әрбір клиентіне өздерін жаңа туған нәрестенің періштесіндей сенізу мүмкіндігін сыйлайды.

Кез келген адам «Құс жолы» қорының осы немесе кез келген басқа акциясына қолдау көрсету мақсатында Homebank.kz интернет-порталы немесе Қазкоммерцбанк бөлімшесі арқылы өзі қосымша қаражат жібере алады, сондай-ақ жіберген қаражатының мақсатына жұмсалуын бақылай алады.

«Періштенің» алғашқы жобасы ҚР ДМ Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының жанындағы нәрестелер хирургиясы мен жансақтау бөлімі болды. Мұнда Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген балалар жедел ем қабылдайды. 2009 жылы қор Алматы облысы Іле ауданының Орталық ауруханасын жабдықтаса, 2011 жылы Балқаш қ. Орталық ауруханасының босану бөлімін жабдықтады. Осы үш жобаның жалпы бюджеті шамамен 90 млн. теңгені құрады.

Анықтама үшін:
«Құс жолы» қайырымдылық қоры 2004 жылы Қазкоммерцбанктің топ-менеджерлерінің бастамасымен корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік стратегиясын арттыру мақсатында құрылған болатын.
Қор бюджеті таза пайдадан бөлінген қаражаттан, сондай-ақ банк қызметкерлерінің, серіктестерінің және клиенттерінің ерікті қайырымдылық көмектерінен құралады. Қордың өзіндік қайырымдылық стратегиясы және оны жүзеге асыру принциптері бар. Қазкоммерцбанк Қор жобаларын республика бойынша өз филиалдары арқылы жүзеге асырады.

Қазкоммерцбанк туралы
Казкоммерцбанк Қазақстандағы және Орталық Азиядағы ең ірі банктердің бірі болып табылады. Банк активтері 2011 жылғы 30 қыркүйекте 2 673,8 млрд. теңгені құрады.

Банктің зейнетақымен қамтамасыз ету, зейнетақы және қаржы активтерін басқару, сақтандыру және брокерлік қызмет көрсету саласы бойынша қызметтерін жүзеге асыратын еншілес компаниялары бар. Сондай-ақ банктің Ресей Федерациясында, Тәжікстан Республикасында және Қырғыз Республикасында еншілес банктері жұмыс істейді.

«Медициналық-инновациялық технологиялар» ЖШС ҚР-дағы емдік-профилактикалық ұйымдарды радиология, рентгенология, хирургия мен қарқынды терапия, акушерлік және гинекология, эндоскопия, стоматология, функционалдық диагностикаға арналған медициналық, зертханалық және техникалық жабдықтармен, сондай-ақ зертхананың барлық түрімен, медициналық газ қызметімен, оның қажетті жиынтықтары мен шығын материалдарын қоса алғанда, толығымен кешенді жабдықтау бойынша маманданатын ірі компания болып табылады .

Байланыс тұлғалары:
Шынар Жанибекова, «Құс Жолы» ҚҚ атқарушы директоры
Тел. +7 (727) 258-51-05, внут. 57074, e-mail: shzhanibekova@kkb.kz

Алина Стукова, Қазкоммерцбанктің баспасөз қызметі
Тел. +7 (727) 258-51-05,ішкі 57775, e-mail: astukova@kkb.kz