Қарағанды қаласында балаларға арналған жаңа ойын алаңы ашылды

06.10.2014

2014 жылғы 4-ші қазан, Қарағанды қаласы – Қазкоммерцбанк пен «Құс Жолы» корпоративті қайырымдылық қоры «Менің қалам үшін» әлеуметтік жобаның аясында Қарағанды қаласының 80-жылдық мерейтойына орай,  балаларға арналған жаңа ойын алаңын қажетті құралдармен жабдықтады.

Қалалық әкімшілік пен ҚарМТУ-ніне жақын әрі Төлепов көшесінің бойында орналасқан жалпы көлемі 300 шаршы метрді құрайтын балалар кешенінде түрлі спорттық және ойын құралдары бар: әртүрлі әткеншектер, сырғанауға арналған төбешіктер, мини-футбол мен баскетбол ойнауға арналған арнайы алаңдар.     

Балалар алаңының ашылу рәсімі салтанатты түрде өтті. Мерекелі күнде өткен түрлі қызықты бағдарламалар балалардың көңілінен шықты.  

Осымен балаларға арналған бұл ойын алаңы Қазкоммерцбанк пен «Құс Жолы» қорының қалаға жасаған екінші сыйы. Бұдан бұрын яғни 2013 жылдың күзінде Балалар мен жасөспірімдер сарайының аумағында жалпы көлемі 225 шаршы метрді құрайтын ойын алаңы сыйға тартылған болатын.

Жоба, тұрғындардың, әсіресе балалар мен жасөспірімдердің демалуға және денсаулығын сақтауға бағытталған, қоғамдық-маңызды бастамаларды қолдау мақсатында  қалалық әкімдіктердің қолдауымен іс-жүзіне асырылуда.

Казком қоғам алдында өз жауапкершілігін түсіне отырып, қалалардың инфрақұрылымының дамуына елеулі үлесін қосу үшін  2014 жылы «Менің қалам үшін» жобасының жалпы бюджетін 18 млн теңгеге дейін өсіру тұрасында шешім қабылдады.

Аталған жоба аясында үстіміздегі жылдың өзінде-ақ Өскеменнің қорық мұражайы мен Жезқазған қаласындағы Алғашқы құрылысшылар алаңында мүсіндік композициялар орнатылған.

Жыл соңына дейін аталған жобаның аясында, көптеген қалаларда ойын және спорт алаңдарының салынуы, мүсіндік композициялардың орнатылуы мен саябақтарды көріктендіру жұмыстары жоспарлануда.