Қазақстандық 54 студент «Қазком шәкіртақысын» алды

28.03.2013

2013 жыл 29 наурыз.– Казкоммерцбанктің «Құс Жолы» Қайырымдылық қорының «Қазком шәкіртақысы» білім беру жобасы аяқталды. Оның аясында 2012-2013 оқу жылында республиканың 16 жоғары оқу орындарының 54 студенті шәкіртақы алды. Жобаның гранттық бюджеті шамамен 10  млн. теңгені құрады.

Оқу жылына бір студентке берілетін грант сомасы 180 мың теңгені құрады.

Шәкіртақы жақсы және үздік оқитын, отбасында білім беру мекемесінде оқығаны үшін төлем жүргізуге белгілі бір себептермен материалдық қиындықтары бар студенттерге төленді.

«Құс Жолы» қоры студенттерді қосымша ынталандыру және жобаның тиімділігіне мониторинг жүргізу мақсатында, 2013 жылғы ақпанда шәкіртақы алушылар арасында «Қазком шәкіртақысын алған соң менің өмірімде қандай өзгерістер болды?» тақырыбында ең үздік эссеге байқау өткізді.

Әділқазылар алқасының құрамына «КазкоммерцNews» журналының бас редакторы, Казкоммерцбанктің баспасөз қызметінің өкілдері кірді.

Байқауға жалпы саны 21 эссе қатысты, оның ішінен 9 шығарма үздік болып танылды, ал авторлары студенттер үшін аса қажетті гаджет – кітап оқу қызметі бар планшет (bookreader) сыйлығымен марапатталды.

Балқаш қаласының медициналық колледж студенті Дарья Агаркова: «Қор колледждегі оқуымды төлеп қана қоймай, медицина академиясына түсу дайындығына да үлкен қолдау көрсетті. Бұл менің ата-анама ауыртпалық тигізбей, оқуға түсу тестіне дайындық кітаптары мен оқулықтарын сатып алуға, тест тапсыруға тіркелуге мүмкіндік берді»,- дейді өз шығармасында.

Н.Ә.Назарбаев атындағы ІТ-университетінің «Журналистика» мамандығы бойынша 3курс студенті Ардақ Камал: «Журналистке қойын дәптері мен қалам қаншалықты қажет болса, қазіргі студентке ноутбук соншалықты керек зат. Әсіресе, егер сен ІТ-университетінің студенті болсаң ноутбуксыз бізге жарымаған етікші сияқты боласың. Алайда менің ата-анамның оқуыма төлеуге және маған қымбат заттарды сатып алып беруге ақшасы жоқ: отбасында 4 баламыз, әкем мектепте инженер, ал анам үй шаруасында, менен кейінгі іні-қарындастарыма қарайды. Менің жағдайымда Қазком шәкіртақысы үлкен қолғабыс болды. Ноутбукты ашқан сайын, қайырымдылық жобасын ерекше алғыспен есіме аламын», — деп эсседе өз ойымен бөлісті.

Е.А.Букетов атындағы ҚарМУ-дің «Дефектология» мамандығы бойынша 3 курс студенті Сания Балташ: «Менің «Қазком шәкіртақысын» алуым, өз күшіне сенген адамның бұл өмірде табысқа жететіні өзіме де, баршаға айғақ дәлел болып отыр. Мәселе тек ақшада емес, өйткені әрі қарай оқуды жалғастыруға мүмкіндік беретін бұл жоба істің материалдық жағын ғана емес, оның рухани және психологиялық жағын да қамтып отыр. Өзіме және өз күшіме деген, алға басуға ынталандыратын сенім пайда болды»,- деген ой білдірді.

Жоба шарты бойынша Қазком шәкіртақысын алушылары мемлекеттік грант иегері емес және олардың оқуына басқа компаниялар демеушілік етпеуі тиіс.