Казком қызметкерлері мүмкіндігі шектеулі балалардың қал-жағдайын біліп қайтты

01.06.2015

Мүмкіндігі шектеулі балаларға көмектесу Қазкоммерцбанктің жақсы дәстүріне айналғанына көп уақыт болды. Жыл сайын Жаңа жыл мен Балаларды қорғау күні қарсаңында бас офис пен филиал қызметкерлері арнайы сауықтыру мен демалыс орталықтарындағы балалардың қал-жағдайын білуге барып тұрады. Банктің түрлі бөлімдері кейбір орталықтарды өз қамқорлығына да алып үлгерді.

Жазда балалар үшін басты мейрам – 1 маусым күні. Бұл мерекенің халықаралық дәрежесі бар болғаны бекер емес. Кішкентайлардың балалық шағы уайымсыз өтіп, олардың бақытты өмір сүруіне құқықтары бар екенін қоғамның есіне салатын тағы бір мүмкіндік емес пе?!
Ал денсаулығында ақау бар балаларға ерекше назар аударуымыз керек. Өйткені олар да кәдімгі балалар сияқты өсіп, дамып, сүйікті ісімен айналысып, білім алып, мұрат-мақсаттарына жетуді армайдайды.

Жезқазған филиалы
«Аялы алақан» ҚБ

Жезқазған филиалының қызметкерлері өз демалыстарын «Аялы алақан» күндізгі орталығында өткізетін мүмкіндігі шектеулі балаларға бірнеше жыл қатарынан көңіл бөліп келеді. Қызметкерлердің күшімен және өз қалтарынан шыққан қаражаттарының есебінен балаларға сыйлық алынған еді. «Құс Жолы» қайырымдылық қоры да Жезқазған филиалының еріктілерін қолдап, балалар мерекесін ұйымдастыру үшін көмегін берді. Әдемі шарлар, сайқымазақтар, үлкен қуыршақтар мен сабын көпіршіктерінен ұйымдастырылған шоу балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, мерекенің қызықты өтуіне өз септігін тигізді.

Балқаш
«Балқаш қалалық мүгедектер қоғамы» ҚБ

Балқаш филиалының ұжымы да қамқорлығына алған мекемеге көмектесуді жақсы дәстүрге айналдырды. «Балқаш қалалық мүгедектер қоғамында» түрлі диагноздар қойылған 60 астам балалар өз бос уақыттарын өткізіп, компьютерлік сауаттылықтарын ашып, шығармашылықпен айналысады. Халықаралық балаларды қорғау күніне Балқаш филиалының қызметкерлері мүгедек балаларға мереке ұйымдастырып берсе, өз кезегінде «Құс Жолы» қайырымдылық қоры қалалық мүгедектер қоғамының компьютерлік сыныбына жаңа компьютер сыйлады.

Бас офистің корпоративті блок департаменттері
Мүмкіндігі шектеулі балаларды сауықтыру орталығы

Қазкоммерцбанк бас офисінің корпоративті блок қызметкерлері де шетте қалмай, жыл сайын Талғар қаласындағы мүмкіндігі шектеулі балаларды құттықтап тұрады. ДЦП және қимыл-тірек аппаратына зақым келген балаларды сауықтыру орталығын өз қамқорлығына алып, мейрам қарсаңында оларға спорт жабдығын сыйға тартты.
Өткен жылдың жазында Талғарда мүмкіндігі шектеулі балалар мен жастарды сауықтыру орталығы ашылған еді. Орталықтың бастамасын Қазкоммерцбанктің ынталы тобы қолдап, балалардың қимыл-тірек аппараттарын күшейту үшін орталықтың ЕДШ (ЛФК) залына вело- мен шаңғы тренажерын сыйлаған болатын. Ал 2014 жылғы желтоқсанда Қазкоммерцбанк қызметкерлері мен «Құс Жолы» және «Шұғыла» қорының көмегімен қимыл-тірек аппаратына зақым келген балаларға физиотерапиялық аппарат сатып алынды.

Жыл сайын орталықта балаларды қатарға қосу курстарынан өтетін балалардың саны өсіп келеді. Қазір орталықта Талғардан және жақын аудандардан келген түрлі жастағы 500 жуық бала бар. Бұл орталықтың ашылуын балалар мен олардың ата-аналары ұзақ күткен еді. Ата-аналар үшін бұл орталық — балалары толықтай сауығып кетпесе де, олардың емін жеңілдетуге көмектесетін үміт. Өз кезегінде балалар, олардың әке-шешелері мен тәрбиешілері Қазкоммерцбанк ұжымына зор денсаулық тілеп, ризашылықтарын білдірді!

1 маусым 2015 жыл